2 минут
Сабақтың басы
3 минут
Сабақтың ортасы
5 минут
25 минут
10 минут
|
Қызығушылықты ояту
Мына суреттен не байқадыңыздар?
Кеше... Бүгін... Ертең...
Берілген үстеулерді қолдана отырып, суретті сөйлетіп көріңіздер.
Сұрақтар:
1.Кеше, бүгін, ертең – үстеулер. Үстеулер туралы не білетін едік?
2.Үстеулердің қандай ерекшеліктері бар?
Үстеу туралы ақпарат беріліп, таныстырылым ұсынылады.
Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай-күйін білдіреді.
Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:
1. мекен үстеуі: әріде, беріде, жоғары, төмен
2. мезгіл үстеу: ерте, кеш, бүгін, жаздыгүні
3. себеп-салдар үстеу: бекерге, амалсыздан, босқа
4. сын-қимыл: балаша, зорға, тез
5. мақсат үстеу: әдейі, жорта, қасақана
6. мөлшер үстеу: сонша, онша, бірталай
7. Күшейткіш үстеуі: өте, тым, ең
Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы, әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.
Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т.б.
Тапсырма
Жеке жұмыс
Оқушылар суреттерді қолдана отырып, мақсат және себеп-салдар үстеулерін қатыстырып, оқиға желісі бар әңгіме жазыңыздар. Сөз саны – 110-130.
Бағалау критерийі
|
Дескрипторлар
|
Мақсат және себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
|
1. Суреттерді негізге ала отырып, оқиға желісі бар әңгіме жазады;
|
2.Әңгіме жазу барысында екі мақсат, екі себеп-салдар үстеуін орынды кірістіреді;
|
3. Жазылым стиль ерекшелігін сақтайды.
| |