-
«Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК тарих және география пәнінің оқытушысы
Карсайдаров Самат Келгентаевич
|
Сабақтың тақырыбы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Эпиграф: «Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған
жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана
Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан».
Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың мақсаты:
|
а) білімділік:
Студенттерді елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясымен таныстыра отырып, саяси жағдайға, экономикамызға талдау жасап, өз ой-пікірімен бөлісуге, оны дәлелдей білуге дағдаландыру; алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету; елжандылыққа тәрбиелеу
|
|
ә) дамытушылық:
Өскелең ұрпақтың ата-тарихын терең оқып тануға деген қажеттіліктері мен сұраныстарын арттыру, студенттерді тарихқа деген қызығушылығын, құрмет сезімін дамыту, өз білімін жетілдіруге, қосымша ізденуге бағыт беру, ой-өрісін дамыту.
|
|
б) тәрбиелік:
Өз жерінің, елінің тарихын біліп, сүюге, құрметпен қарауға, еңбек сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу.
|
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сатылай кешенді талдау, сұрақ-жауап
Оқыту құралдары: мультимедиялық проектор, тақырыптық слайдатр,
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауы, сатылай кешенді
талдау технологиясының тірек-сызбалары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Студенттерді түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ә) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Ой шақыру. Сергіту сәті. «Досыма тілек» тренинг түрінде өткізіледі. Студенттер бір-біріне сәттілік тілейді.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың жоспары:
Қазақстан Республикасының Президенті – елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жылғы 14 желтоқсан, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауы (Н.А.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша).
«Мәңгілік ел» бейнероликті талдау.
«Қазақстан-2030» бен «Қазақстан-2050» Страгеияларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары (тақырыптық слайдтар).
Білім алушыларға сабақтың басында «Тарихи сынақ хат» таратылып беріледі. Сабақ барысында толтырып отырады. Сабақтың соңында тексеріледі.
«Қазақстан -2030» стратегиясы 1997 жылы . . . құжат ретінде жасалды (жаңа).
«Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің . . . саяси бағыты.
(жаңа). Қазақстанда түрлі әлеуметтік, этностық және . . . топтардың келісімі мен
татулығы орын алған (діни). Біз « . . . - Түрікменстан шекарасы» теміржол желісін салып, Парсы шығанағы мен Үлкен Шығыс елдеріне жол аштық (Өзен).
Біз мемлекеттің . . . мерзімді кезеңге бағдарланған одан әрі даму векторын
күшейтуге тиіспіз (ұзақ).
1997 жылы Елбасымыз «Қазақстан-2030» стратегиясын ұсынған еді. Ол жерде ұзақ мерзімге және қысқа мерзімге арналған стратегия көрсетіліп, бүгінгі таңда соның нәтижесін көріп отырмыз.
Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатерін көрсеткен:
Тарихи уақыттың жеделдеуі
Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік
Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер
Судың тым тапшылығы
Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік
Табиғи ресурстардың сарқылуы
Үшінші индустриялық революция
Үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық
Өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы
Әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі
Біз қайда бара жатырмыз?
Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуы тиіс. Ол үшін:
Мемлекетті одан әрі дамыту және нығайту
Экономикалық саясаттың жаңа қағидаларына көшу
Ұлттық экономиканың жетекші күші - кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету
Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру
Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру
Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдылығын арттыру міндеттерін шешу
Кедейшіліктің өсуіне жол бермеу
Әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, ана мен баланы жан-жақты қорғау
Ұлт денсаулығы
Дәйекті және болжамды сыртқы саясат
Кеден одағы және біртұтас экономикалық кеңістікті нығайту
Түрлі елдер мен ұйымдармен ынтымақтасуға тиіспіз
Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі
Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуі тиіс
Біздің қоғамымызда «артық» немесе «бөтен», «біздікі» немесе «біздікі емес» деген болмауға тиіс
Біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз.
Тіл қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс
Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады.
Ел бірлігі – ең асыл қасиет
(Студенттер өз ойларымен бөлісіп, ой-пікірлерін түсіндіріп отырады).
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1 2
3 4
Жауабы:
1. 100-ден аса этнос пен 14 конфессия өкілдері.
2. Саясат деген формуламен
3. 2012 жылғы 14 желтоқсан
4. Бестігіне
1 2
«Тарихи-лото».
Қазақстан қандай қауымдастық таныған ел? Жауабы: Әлем таныған ел
Қазақстан 2010 жылы қандай ұйымға төрағалық етті? Жауабы: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
Біздің елде әлемдік және дәстүрлі діндердің неше съезі өтті? Жауабы: 4
Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында 397 инвестициялық не іске асырылды? Жауабы: Жоба
Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай дамыған неше елдің қатарында болуға тиіс? Жауабы: 30
ІV. Үй тапсырмасы.
Аталған тақырыптардың мағыналарын ашып келу.
«Қазақстан -2050»
Инвестиция
Патриот
«Мәңгілік ел»
Ислам ынтымақтастық ұйымы
Ядролық қару
V. Қорытындылау (студенттерді бағалау).
Сабаққа белсенді араласып, тапсырмаларды орындаған студенттерге баға қою.
Достарыңызбен бөлісу: |