«От», «Пайғамбар»
Өткізген Кдыралиева И
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев өмірі ,шығармашылығы
«От», «Пайғамбар»
Сабақтың мақсаты а) білімділік: Жыр пырағы – Мағжан туралы деректер беру және шығармаларымен таныстыру
Ә) дамытушылық: Ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным –біліктерін шыңдау, өлеңдерін талдау арқылы оның тіл ерекшеліктерін табу
Б) тәрбиелілік: жазушы қаламынан туған өлеңі арқылы оқушыларды адами қасиетке баулу.
Адамгершілік елін,жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың әдісі. Түсіндіру,сұрақ-жауап топтастыру,талдау.
Көрнекі құралдар: Ақын кітаптары,ақын суреті
Сабақтың құрылымы
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын сұрау
3.Жаңа сабақ / хронологиялық кесте бойынша ақын өмірі,шығармашылығы туралы айту /
4.Мағжан өлеңдерімен танысу
А) мәнерлеп оқу, ә)өлеңді құрылысына қарай талдау ,көркемдегіш құралдарды табьу.
5.Қорытынды,үйге тапсырма ,бағалау.
Сабақтың барысы:
Балалар алдымызда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Осыған орай бір-бірімізге деген жылы лебіз,жақсы тілегімізді айтудан бастасақ. ( шеңбер құрып,бір-біріне тілек білдіру,топқа бөлу)
Балалар мерекелерің құтты болсын!
Сіздерге тілейтінім,жақсы білім алып,үздік атану!
Үй тапсырмасы Ж.Аймауытов «Қартқожа» романындағы Қартқожа бейнесі.
Оқушыларға сұрақ қою арқылы сұраймын
Оқиға қай кезеңді суреттейді?
Қартқожаның жәбір көріп,әділетсіздіктен жапа шеккен кездері болды ма?
Қартқожаның білім алу жолындағы әрекеттері
Қартқожаның ой-өрісінің толысуына Андрейдің қандай әсері болды?
Монолог (Туған жер тарихы бойынша)
Қартқожа бейнесі өзіңе ұнады ма,жоқ па?
Шығармада қандай салт –дәстүр суреттеледі.
Шығармада қолданылған мақал –мәтелдер
Жаңа сабақ.
Ал енді оқушылар бүгінгі сабағымызға назар аударалық
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын ,маған қарсы кім тұрар?
Көкте - бұлт ,жерде - жермін гулеген
Жер еркесі- желдің жөнін кім сұрар?
-Бұл өлең жолдардың авторы кім ,қане,есімізге түсірейік
- Мағжан Жұмабаев
-Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Мағжан Жұмабаев өмірі,шығармашылығы. Дәптерімізді ашып күннің жады мен тақырыпты жазайық
-Ал ,балалар, Мағжанның қандай өлеңдерін білеміз?
- «Түркстан», «Сорлы қазақ», «қазағым», «Күз», «Сүйемін»
-Есімізге түсірелік ,Мағжан кім?
Топтастыру стратегиясы
Мағжан прозашы,аудармашы,ақын,Абайдың ізбасары,Лирик,Поэмашы, Бес арыстың бірі
-Ендеше оқушылар,мен сендерге Мағжан Жұмабаевтың өмір жолымен,шығармашылығымен,толығырақ таныстырып өтейін
Өмірдерек кестесі.Тарихи күн.Болған оқиғалар
1893ж.2506 мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы,Булаев ауданы,Сасықкөл басында туған.
1909жМағжан Абайдың Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып,содан сусындайды.
1910-1913 жж Уфада Ғалия медресесінде оқиды.
1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып,оны алтын медальмен тамамдайды.
1917-1923 жж «Бостандық туы», «Ақжол», «Шолпан» газет журналдарында жұмыс жасай жүріп, халық ағарту ісіне белсене араласады.
1923-1926 жж Мәскеуде көркем-әдебиет институтында оқиды
1927-1929жж Бурабайда,одан соң Петропавлда оқытушылық қызмет атқарады.
1912ж қазан қаласында алғашқы «шолпан» атты өлеңдер жинағы басылды
1922ж Келесі өлеңдер жинағы Қазанда,Ташкенде басылады.Атақты «Батыр Баян»дастаны дүниеге келді
1922-1913 ж «Педагогика»
1925ж «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жайлы»еңбектері жарияланады
1927ж Қызылжар педагогикалық техникумы мен совет партия мектебінде сабақ беріп жүреді.
1929ж Москвадағы Бутырка түрмесіне қамалады.Содан 10 жылға сотталып,Карелияда 10жыл айдауда болады
1935 ж М.Горькийге хат жазып,ұлы жазушының көмегімен абақтыдан босайды.
1937ж 18.03.С.Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға келеді,бірақ 1937ж30.12.қайтадан тұтқынға түседі.Сөйтіп аяулы ақын сталинизмнің құрбаны болады
Мағжанның әкесі Бөкен мен анасы Гүлсімнен тарағын 7 ұл мен 2 қыз да қуғын –сүргінге ұшырайды.Олардың айыбы біреу ғана – олар Мағжанның інісі –қарындастары болғаны үшін.
Қазіргі заманда Мағжаннан басқасының бәрінің де арттарында қалған ұрпақтары бар.Ал Мағжан жасында мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін,Қызылжар қаласында тұратын Шоқан Тастеміров деген кісінің қызымен (Зейнеп) қосылады. Бірақ 1-2 жылдан соң Зейнеп қайтыс болады.Азамат соғысы заманына қатысты атын Граждан деп қойған кішкентай нәрестесі де келесі жылы көз жұмады. Сол жылдары ақын қаламынан жары мен ұлына арналған талай мұң мен зарға толы өлеңдері дүниеге келеді.
Мағжан Шығыс поэзиясы Батыс ,орыс әдебиеті және фольклор (халық ауыз әдебиеті)арқылы сусындап,мол тәлім алады.
-Ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр енгізіп,соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын –Мағжан
Ол 8-9 буында жаңа өлшеу енгізді
-Жаңа сабақ бойынша оқушылар сұрақтарына жауап беру
Оқулықпен жұмыс
Шығармашылық жұмыс
-Ақын өлеңдерімен таныстыру
-«От», «Пайғамбар» өлеңдерін мәнерлепоқу,тақырыбы мен идеясын ашу
-Өлеңдерін құрылысына қарай талдау.( тақтаға шығып орындау)
-Көркемдегіш құралдарды табу.( теңеу,эпитет,метафора,кейіптеу,эпифора)
Интерактивті тақтамен жұмыс
Алдын-ала жазылған кестені толтыру
Оқулықтан тыс өлеңдер жинағын оқушыларға жатқа оқыту,талдау
«Мағжан ілімі кімге бұйырады ?» ойыны
Сіздерге ең бірінші сұрақ беріледі.Ол сұрақтың 3 түрлі жауабы бар.Оның біреуі ғана дұрыс.Сіз ойынның қатысушысыз.Сізге 3жеңілдік бар Бірі- менен сұрау.Екіншісі –қатысып отырған ұстаздардан сұрау.Үшіншісі -достарыңыздан сұрау.
1.Мағжан поэмасын атаңыз
А) Манас батыр ә)Батыр баян б) Ержүрек Темірұл
2. Мағжанның махаббат тақырыбындағы жыры
А) қайың әҚоңыр жыр) б) айырылғанда
3.Мағжанға баға берген кім?
А) Абай ә)М.Әуезов б) Ш.Кұдайбердиев
4. Мағжан қандай әдебиеттен сусындады
А) Солтүстік, оңтүстік ә) Батыс ,шығыс б) Америка ,Англия
5.Бес арыстың бірін ата
А) Ш Уәлиханов ә) Ы.Алтынсарин б) М.Дулатов
6. Мағжанның алғашқы ұстазы
А) Ахметдин Аханов ә) Ғалымжан Ибрагимов . Мұхамеджан Бегішов
7. Мағжанның Абай өлеңдерімен сусындауы
А) 1900ж ә)1902 ж б)1909ж
Даналық ой
Мағжан Жұмабаев туралы айтылған ақын –жазушылардың жылы лебіздері, естеліктері
Бағалау
Үйге тапсырма
«Сүйемін » өлеңін мәнерлеп оқу
Ақынның өмірі туралы бір өлең жаттау
Кері байланыс
Не білдік? Не үйрендік?
Достарыңызбен бөлісу: |