Сабақтың тақырыбы : Ашық тәрбие сабағы Сынып жетекшісі: Байназарова Гульсин Ахмедовна Алматы қ



Дата15.09.2017
өлшемі114,73 Kb.
#33110
түріСабақ
И.М.Қоңыр атындағы № 154 ЖББ мектеп

Сабақтың тақырыбы:



Ашық тәрбие сабағы

Сынып жетекшісі:

Байназарова Гульсин Ахмедовна

Алматы қ.

Сабақтың тақырыбы: “Халық таңдаған - Елбасы

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өмірі мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру.

Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату.

Болшақта Отанымыз Қазақстанды өркендететін білімді, білікті адамдар екенін аңғарту.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, ҚР президентінің суреттері, рәміздер, нақыл сөздер, суреттер т.б.

Сабақтың барысы: Әнұран орындалады.

1-Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Халық таңдаған - Елбасы» атты Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың, тәуелсіздік жолында қазақ халқы үшін атқарған ерен еңбегіне арналады.



2-Жүргізуші:

Туған ел алтын бесігің,

Тербеттің мені жеріңде

Туған ел, сенің есімің,

Тұрады мәңгі есімде!
Ән: «Алға Қазақстан» орындайтын Турсынбаев Елдос және хор
1-Жүргізуші: 1991 жылдың 16 желтоқсанындаҚазақстан Республикасы жоғарғы сессиясы “ Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет” деп жариялады “ҚР Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы” Заң қабылданды.
Өлең «Тәуелсіздік» Матай Ақерке
Көрініс: «Абылай хан»
2-Жүргізуші:

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

1-Жүргізуші:
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады

Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.


2-Жүргізуші: 1991ж 1 желтоқсанда алғаш өткізілген президент сайлауында сол кездегі Қазақ ССР-інің президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы бес жыл мерзімге президент болып сайланған еді. Ол – содан бері Қазақстан республикасының президенті.

Өлең: «Өсе берсін мерейің »Имангазиева Анель
«Отбасы және балалық шағы» Шәріп Әлібек

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.



«Қызмет жолы» Молдабаев Ерасыл, Зордунов Адилет

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.


  • 196069 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

  • 196973 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

  • 197377 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

  • 197779 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

  • 197984 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

  • 198489 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

  • 198991 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

  • 1990 ж. ақпансәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

  • 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

  • 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

«Отбасылық жағдайы» Жанахметова Аяжан

Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.

Президенттің үш қызы бар:


  • Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

  • Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.

  • Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.

Олең: «Биікте болсын беделің » Авторы А.Дүйсенғалиева

Нұрқасымова Құрлай, Ербосын Данияр, Гаязова Гүлвир, Төрехан Ақерке.



«Дәйексөздері» Тетерин Максим

  • “Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”

  • “Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық­тарға соқтыратыны сөзсіз.”

  • “Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”

  • “Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”

  • “Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”

Нұрсұлтан Назарбаев атында Әскербек Диана

  • Нұрсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар қазақ қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті пен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.

«Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар»

Туйгунова Нигара



  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

  • Қазақстан менеджмент институты

  • Экономика және болжау институты

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

  • Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті

  • Ұлттық Мемлекеттік заң университеті

  • Назарбаев Университетi

  • Назарбаев Зияткерлік Мектебі

  • бірқатар лицейлер мен колледждер

  • Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.

  • Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

«Басқа лауазымдары мен мансаптары» Оразғали Аяулым

  • Экономика ғылымдарының докторы (1993)

  • ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

  • Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы

  • Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

  • Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

  • Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы

  • Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы

  • ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы


Күй: «Тепенкөк» орындайтын Жанахметова Аяжан.
Сөзжұмбақ шешу: «Елбасы»

  1. Н.Ә.Назарбаев еңбек жолынбастаған қала.

  2. Президенттік бағдарлама. Ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.

  3. Елбасымыз төрағалық ететін ұйымның орыс тіліндегі атауы.

  4. Елбасы төрағалық ететін Халықтық – демократиялық партия.

  5. Елбасы дүниеге келген аудан.

  6. Аса талантты балалар үшін Елбасы тағайындаған сыйлық.


2-жүргізуші: Елбасы жастарға!

« Мен сіздерге сенемін, жас қазақстандықтар. Мен сіздердің біздің еліміз – Қазақстанға деген сүйіспеншіліктеріңізге сенемін! Мен әрқашан бірлікті, тұрақтылықты қорғайтындықтарыңызға сенемін, демек, біздің Отанымыздың болашақта өсіп-өркендейтініне сенемін!» - деді.

Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар.



1-жүргізуші: Осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Сабақты қорытындылау: «Аяқталмаған сөйлем» ойыны арқылы. Сөйлемдерді аяқтаңыз. (Келген қонақтарға арналған)
Тақтада: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» дегенде сендерде қандай түсінік ұялайды? «Елбасы» сызбанұсқасын толтыру.

2-жүргізуші: Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.

Биіктей бер, Нұр аға,

Қыран қанат талмасын.

Қадірлемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын.
1-Жүргізуші: Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі –халқымыз өз таңдауымен ел президентін сайлады. Сөйтіп оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. «Рухы күшті ел – алынбайтын қамал» дейді халық нақылы. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.

Халық үшін Елбасы,

Әскер үшін қолбасы.

Тар жол тайғақ кешуде Нұр ағаны

Туған жұрты қолдасын,

- деп бүгінгі Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті күніне арналған әдеби – музыкалық кешімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


(Оқушылардың барлығы «Көк тудың желбірегені» әнінің әуенімен шығады. Қолдарында жалау және шарлар бар )

(Соңы)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет