Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сыныбы: 5 «к»
Мұғалім : Кудасова Алтын Имашевна
Өткізілу мерзімі :
Сабақтың тақырыбы : Қазақ даласындағы ән-күй өнері .
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру .
Дамытушылық : Рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру , өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу қабілеттерін дамыту .
Тәрбиелік : Рухани құндылықты құрметтеуге үйрету, халқымыздын ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке , парасаттылыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс .
Пәнаралық байланыс: әдебиет .
Сабақтың көрнекілігі: оқулық , кесте, лездік сұрақтар, нақыл сөздер,тест .
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі ( амандасу , сыныпты түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару )
Үй тапсырмасын сұрау :
1-ТОП : 1. Дәстүрлі әдет-ғұрыптар бойынша сипатта .
2.Әдет-ғұрыптар қандай тармақтарға бөлінеді .
3.Халық арасында сәбидің дүниеге келгенінен бастап өтетін мерекелерді ата .
2-ТОП : 1.Наурыз мейрамының қазақша мағынасы қалай ?
2.Наурыз мейрамы қалай тойланады ?
3.Наурызға қатысты қандай бата-тілектер білесіндер және «Ұлыстың ұлы күні» деп қандай күнді айтамыз ?
3-ТОП : 1.Қазақтын қандай дәстүрлі ұлттық ойындарын білесіндер ?
2.Наурыз мерекесін қазақ халқы қай кезден бастап тойлады ?
3.Наурыз көже қанша түрлі тағамнан жасалады ?
Әр топтан бір-бір оқушы : жарапазан , бата , салт-дастүрге байланысты слайд көрсетеді .
Жаңа сабақтың жоспары :
1.Дала әуендері :
2.Ұлттық музыка аспаптары :
3.Ән –куй өнеріндегі белгілі тұлғалар :
Оқушылар сабақтың мақсаты мен таныстырылады.
Мұғалім сөзі және қосымша мағұлмат .
Музыка өнері халқымыздың дамыған ежелгі рухани мәдениеттерінің бір саласы болып табылады .Халқымызда ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша адам дүниеге келіп (бесік жыры ) о дүниеге әнмен яғни
(жоқтау ) рәсімі арқылы дүниеден өтеді .
Музыка өнері қазақ халкымен бірге жасасып келеді .
Күй өнері – орындау мәнері бойынша төкпе және шертпе күй болып 2-ге бөлдінеді . Күй өнерінің майталмандары :Құрманғазы , Тәттімбет , Дәулеткерей , Қазанқап , Сүгір , Ықылас , Дина Нурпейісова .
Қазақ халқының ән өнеріне келетін болсақ , арғы замандағы ән өнері туралы дерек аз.
Біз соған байланысты тек 19 ғасырлардағы Біржан сал, Ақан сері ,Үкілі Ыбырай ,Жаяу Мұса, Майра ,Сара ,Естай сияқты ұлы өнерпаздарды білеміз .
Әр топтын оқушыларына мәтінмен жұмыс жасатамын :
1-ТОП :1.Төкпе күйдің майталманын ата :
2.Қазақтын ән өнерінің аса дамыған орынын ата :
3.Күй атасы – Қорқыт туралы не білесін ?
2-ТОП :1.Атақты күйшілерді ата :
2.Күйлер неше түрге бөлінеді және қандай ?
3 .Құрманғазының шәкірті кім ?
3-ТОП :1.Қазақтын музыкалық аспаптарын ата және домбыра ,қобыздын құрылысын суретте .
2.Аса көрнекті композитор Дәулеткерей Шығайұлының нешеге жуық күйлері сақталған және халықтың несін бейнелей жазған .
3.Тәттімбеттін кандай күйлері бар ?
Жаңа сабақты бекіту : Әр топқа шағын тест .
1-ТОП :1.Қобыз атасы кім ?
А)Құрманғазы В) Майра С)Қорқыт Д)Тәттімбет
2.Ықылас Дүкенұлы қай жылы өмір сурген ?
А) 1843-1916жж В)1806-1879жж С)1815-1862жж Д)1820-1887жж
3.Үкілі Ыбырай , Жаяу Мұса , Майра қай ғасырдың өнерпаздары ?
А) 20ғ В)19ғ С)18ғ Д)19ғ
2-ТОП:1.Қорқыт ата 9-10ғ.ғ. өмір сүрген, қандай тайпадан шықты ?
А)Қимақ В)Оғыз С)сақ Д)Ғұн
2.Көбік шашқан , Қайран шешем ,Түрмеден қашқан күйлері кімдікі ?
А)Тәттімбеттің В)Динаның С)Құрманғазының Д)Ықыластың
3.Шертпе күйдің тамаша үлгісін жасаған кім ?
А)Қазанқап В)Шора С)Сүгір Д)Тәттімбет
3-ТОП:1.Ықылас Дүкенұлының күйін тап :
А)Жез Киік В)Ақсақ Киік С)Сылқылдақ Д)Саржайлау
2.Жаяу Мұсаның әндері қандай ?
А) Ақ сиса В)Балқадиша С)Гәкку Д)Жиырма бес
3.1871ж қазіргі Алматы обылысының Қапал –Ақсу өңірінде Біржан Қожағылұлы (сал ) кіммен айтысты ?
А) Айнұрмен В)Сара мен С)Ринатпен Д)Ақан Серімен
Өзін-өзі бағалау :
Үйге тапсырма: 1-тапсырма 21-парагрфты оқу
2-тапсырма ;Белгілі әнші мен куйшілердің шығармаларын жазып келу .
Өскемен қаласы әкімдігінің «№6 орта мектебі» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қазақ даласындағы ән- күй өнері»
Тарих пәнінінің мұғалімі:
Кудасова.А.И.
5-К сыныбы
Өскемен қаласы 2016жыл
Достарыңызбен бөлісу: |