4.Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатың баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5.Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
Меншік құқығы түсініктері.
Меншік нысандарының түрлері.
Ие болу түсінігі.
Меншік құқығының тоқтатылу тәсілдері.
Азаматтық заңнамаға сәйкес меншік иесі өз меншігі болып табылатын заттарды пайдалануға, иеленуге және билік етуге мүмкіндігі болады. Иемдену нақты бір затқа қожалық ету екенін білдіреді.
Азаматтар ғана емес, заңды тұлғалар да меншік иесі бола алады. Сонымен қатар мемлекет те меншік иесі.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес біздің мемлекетімізде «мемлекеттік меншік және жеке меншік танылады және бірдей қорғалады» (ҚР Конституциясының 6-бабы)
Жеке меншік дегеніміз – меншік иесі азамат жеке тұлға екенің білдіреді.
Же ке меншік
Азаматтардың меншігі заңды тұлғалардың меншігі
Жеке меншікпен қатар ҚР-да мемлекеттік меншік те бар. ҚР Конституциясынының 6 –бабы 3- тармағына сәйкес меншіктің белгілі бір түрлері тек қана мемлекет меншігіне жатқызылуы мүмкін.
М емлекеттік меншік
Республикалық Комуналдық
Републикалық меншік түсінігі – меншік иесі тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы екенін білдіреді. Үкіметтік ғимараттар, біздің мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін ұстап тұруға қажеттінің бәрі республикалық меншік.
Коммуналдық меншік мемлекеттік меншік түрі ретінде Қазақстан облыстарына тиесілі әкімшілік – аумақтық бірліктен құрылған.
Меншік құқығының тоқтатылу тәсілдері
Реквизициялау тәркілеу жерге меншік құқығының тоқтатылуы
Реквизициялау. Ол меншік құқығын мәжбүрлеп тоқтату тәсілдерінің бірі. Бұл өте сирек жағдайларда қолданылады. Бұл, әсіресе соғыс кезінде, сонымен қатар табиғи апат кезінде де(жер сілкінісінде, су тасқыны, орман өртенгенде және т.б) қолданылады. Реквизицияланатын мүлік адамдарды құтқару, төтенше оқиғалардың қауіпті салдарын жою үшін қажет.
Тәркілеу. Меншікке құқықты мәжбүрлеп тоқтатудың тағы бір тәсілі тәркілеу болып табылады. Ол тек сот тәртібімен іске асырылуы мүмкін. Тәркілеу істеген қылмыс пен құқық бұзушылық үшін жаза ретінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |