Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сайлау еркіндігі дегеніміз – онда азаматтар ерікті түрде қатысды, әр азамат (ша) сайлауға қатысуға немесе қатыспауға құқылы және оның еркіндігін ешкім шектемейді. Сайлауға қатысу – азаматтарға міндетті емес. Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеу әрекеті заң бұзушылықпен бірдей болып саналады және жауапқа тартылады.
Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына кандидаттар тіркеуден өткен күннен бастап сайлау қорытындысы жарияланғанға дейін жұмыстан, әскери жиыннан босауға құқылы. Кандидаттың сайлауға қатысу уақыты оның тіркеу күніне дейін істеп жүрген мамандығы бойынша еңбек өтіліне қосылады. Мұнан басқа, оларға Парламент мәжілісіне партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттардан басқаларына, бұл кезеңде республикалық бюджеттен сайлауды өткізуге арналған қаражаттан орташа еңбекақы мөлшерінде шыққан шығындары төленеді. Кандидаттардың өздерінің келісімінсіз: жұмыстан шығарылмайды, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстырылмайды, іссапарға жіберілмейді және әскери жиындарға шақырылмайды.
Дауыс беру және оның алдыңдағы күні соттар, прокуратура және ішкіістер органдары, сондай-ақ тұрғын үй қорын пайдалану ұйымдары үшін жұмыс күні болып есептеледі. Ішкі істер органдары және тұрғын үй қорын пайдалану ұйымдарынан сайлау комиссиялары талап етеді:
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
Сайлаушылардың тізімін аңықтау;
Сайлау комиссиясының жұмысындағы дауыс беру күнінде туындайтын басқа да мәселелерге көмек көрсету.
Сайлау заңдарының бұзылғандығы туралы азаматтар мен ұйымдардың арыздары сайлау комиссиялары тарапынан арыз түскен күннен бастап бес күн аралығында қаралады.
Азаматтардың өзінің сайлау құқығын емін –еркін жүзеге асыруын, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуіне қарсы күш қолдану, алдау, қорқыту, сатып алу және т.б. әдістер:
кандидаттар туралы олардың адал атымен шынайы қадір-қасиетін түсіретін жалған мәліметтерді таратып немесе басқа да арам пиғылды әрекеттерді іске асыру;
сайлау күні және оның қарсаңындағы күндерде үгіт насихат жүргізу;
сайлау комиссияларының ісіне араласу;
дауыс беру, кандидатты, партиялық тізімдерді тіркеуге;
берілген дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын анықтауға;
кандидаттардың сенімді өкілдерімен бақылаушылардың заңды іс-әрекеттеріне бөгет болатынадамдар заңда қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
сайлау құжаттарын өзгерткен, ауыстырған;
қасақана дұрыс санамаған, дауыс беру ережесін бұзған;
«Сайлау туралы» заңды басқа да бұзушылыққа жол берген сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің мүшелері жауаптылыққа тартылады.
Кандидат саяси партия тарапынан «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заң талаптарын бұзушылыққа жол берген жағдайда оларға ескерту жасалады, ал заң бұзушылық қайталанған жағдайда –сәйкес сайлау комиссиясы тарапынан кандидатты, партиялық тізімнен шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |