Сабақтың тақырыбы: § Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні. Сабақтың мақсаты



бет44/64
Дата16.12.2021
өлшемі194,89 Kb.
#101888
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64
Байланысты:
азаматтық құқық

1.Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару



2. Үй тапсырмасын тексеру

1. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз не?

2. Мүліктік залал дегеніміз не?

3. Кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін жауапкершілік туындай ма?



3. Білімдерін жан-жақты тексеру

1. Өмірі мен денсаулыққа келтірілген зиянның орны қалай толтырылады?



4.Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатың баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:


  1. Ерікті еңбек ету құқығы.

  2. Мамандықтың түрлері.

  3. Кәсіпорындар және олардың түрлері.

  4. Басқа жұмыс берушілер.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24- бабына сәйкес: «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін тандауына құқығы бар». Бұл ҚР-ның азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кте алады дегенді білдіреді. Конституцияның келтірілген бабында: «Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі» делінген.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі оқуға отырып,қандай мамандықтар барын ескереді. Мамандық қандай да бір қызметті жүзеге асыруға қажетті білім жиынтығын білдіреді.

Азамат ерікті еңбек ету құқығын іске асыру үшін оны жұмыс бкруші жұмысқа алуы керек. Жұмыс беруші ұғымына Қазақстан Республикасындағы Еңбек кодексінің 1-бабында анықтама беріледі. Жұмыс беруші – қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға. Мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі негізінде құрылады.Сондай-ақ олардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заң күші бар 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заңымен белгіленеді. Заңды тұлғалардан басқа азаматтар жеке кәсіпкерлермен де еңбек қатынастарында болады. Жұмыс берушілер ретінде шаруа (фермерлік) қожалықтары да болады. Олар Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы шаруа (фермер) қожалықтары туралы» Заң негізінде әрекет етеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет