Сабақтың тақырыбы: § Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні. Сабақтың мақсаты


Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу



бет59/64
Дата16.12.2021
өлшемі194,89 Kb.
#101888
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
азаматтық құқық

Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу:

  1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ;

  2. Бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын;

  3. Ерлі зайыптылардың өзара келісімі жағдайында жүргізіледі.

Некені сот тәртібімен бұзу

  1. Кәмелетке жасқа толмаған ортақ балалары болса;

  2. Жұбайлардың біреуі некені бұзуға келісім бермесе;

  3. Ерлі-зайыптылардың біреуі некені бұзуға қарсы болмаса, бірақ өз әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы некені бұзудан жалтарса неке сот тәртібімен бұзылады.

Некенің жарамсыздығы дегеніміз- некеге тұрғаннан бастап пайда болған барлық құқықтық салдарды жою. Некенің күшін жоюдың мәнісі мұндай неке бұрын – соңды болмаған деп танылады, ешкімге құқықтар мен міндеттер жүктемейді. Мысалы, бірлесіп тапқан мүлік тепе-тең мөлшерде бөлінбейді, алимент алу немесе талап ету құқығы жойылады:

  • Некеге тұрушы ер адаммен әйелдің өзара келісім нәтижесінде құрылмаса;

  • Заңда көрсетілген неке жасына толмаған болса;

  • Неке, араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар арасында жасалса;

  • Некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен отбасы мүшелеріне, жеке басына, қоғамға қауіпті ауруын жасырып келсе, неке сот тәртібімен жарамсыз деп танылады.

Сот некені жарамсыз деп танығаны туралы шешімнің көшірмесі үш күн ішінде АХАЖ органдарына жіберіледі. Неке тіркелген күннен бастап жарамсыз деп танылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет