Сабақтың тақырыбы : Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану



Дата15.02.2022
өлшемі113,33 Kb.
#131842
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім: Айнымалы ток

Мектеп:Шымкент қаласы, С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебі



Педагогтің аты-жөні: Камшыева А.А.

Күні: 19.10.2021ж.



Сынып: 11 «Б»



Сабақтың тақырыбы:

Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.4.3.14-Қазақстандағы электр энергиясы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;



Сабақтың мақсаты:

Қазақстандағы электр энергия көздерін ажырата отырып, артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалай алу;



Бағалау критерийі:

Оқушылар:

-Қазақстандағы және дүние жүзіндегі энергия көздерінің түрлерін ажырата алады;


- Қазақстандағы және дүние жүзіндегі энергия көздерін пайдаланудағы артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттай алады;
- электр энергиясын тиімді пайдалануға мысалдар келтіреді.



Құндылықтарға баулу:

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырудың негізгі бағыты-бәсекеге қабілеттілік, прогматизм, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығына баулу.



Сабақтың барысы


Сабақ кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Басы
7 мин

Оқушылармен амандасып, сыныптағы оқушыларды түгендеу
«Quizziz» платформасын пайдаланып үй тапсырмасын сұрау
Дескрипторлары:

  • Айнымалы ток тізбегі туралы мәліметтерді біледі;

  • «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы мәліметтер біледі;

  • «ЭКСПО -2020» көрмесі туралы деректер біледі.

Сыныпты энергия үнемдейтін әлемдік технологияларды дамытуға судың, күннің, желдің энергия көздерін пайдалануға байланысты 3 топқа бөледі
1-топ: Мөлдір
2-топ: Сәуле
3-топ:Қуат


Сабаққа қажетті құрал жабдықтарды дайындайды.

  1. Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал ......деп аталады.

А) трансформатор Б) катушка
С) Амперметр Д) Резистор
2. Резисторлардың, қосқыш сымдардың, қыздыру шамдарының тағы басқа да электр қыздырғыш құралдардың кедергісі қалай аталады?
А) реактивті кедергі Б) активті кедергі
С) Конденсатор Д)Еріксіз тербелістер
3. Айнымалы ток тізбегінде индуктивтілікке және сыйымдылыққа байланысты пайда болатын кедергі қалай аталады?
А) реактивті кедергі Б) активті кедергі
С) Конденсатор Д)Еріксіз тербелістер
4. «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесі қай елде өтті?
А) Бразилия Б) Германия
С) Катар Д) Қазақстан
5. «ЭКСПО -2017» көрменің тақырыбы қандай?
А) Болашақ энергиясы Б) Күн энергиясы
С) Жел энергиясы Д) Балама энергия көздері
6. «ЭКСПО-2020» көрмесі қай қалада болады?
А) Дубай В) Токио С) Стамбул Д) Астана
7. «ЭКСПО -2020» көрмесінің тақырыбы?
А) Болашақ энергиясы Б) Біз біргеміз
С) Ақылды біріктіріп, болашақты бірге құрамыз
Д) Болашақ жастардың қолында

Өзін –өзі бағалау


Оқулық

Ұялы телефон


«Quizziz» платформас

Сурет
Слайд





Ортасы
35 мин

Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын жариялайды. Сабақ бойынша қысқаша түсінік береді. Жаңа сабаққа байланысты термин сөздер жазылған кеспе қағаздар таратады.
Топтық тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша әр топқа тақырыпқа байланысты макет, бейне ролик ұсынады.
1-топқа «Ақылды жылыжай» макеті беріледі.
2-топқа «Күн энергиясы» тақырыбына арналған үйдің макеті беріледі.
3-топқа Бейне ролик ұсынылады.


Есептер шығару
«Ақылды жылыжай» макеті бойынша:
Мөлдір тобы: өткізгіш бойындағы кедергіні табу;
Сәуле тобы: Ом заңын пайдаланып, ток күшін есептеу;
Қуат тобы: Электр тогының қуатын есептеу тапсырмасы беріледі.
Дескриптор:

  • Өткізгіш бойындағы кедергіні есептейді

  • Ом заңын пайдаланып ток күшін есептей алады

  • Электр тогының қуатын есептей алады;

Термин сөздерді дәптерлеріне жазып алады.

Қазақша

Русский

Ағылшынша

Су электр стансы

гидроэлектростанция

Hydropower station

Атом электр стансы

Атомная электростанция

Nuclear power plant

Күн энергиясы

Солнечная энергия

Solar energy

Жел энергиясы

Энергия ветра

Wind energy

Қуат

мощность

Power

Әр топ берілген тапсырманы бірлесе отырып орындайды және өз ойларын ортаға салады.

Әр топтан бір оқушыдан шығып, «Ақылды жылыжайдың» кедергісін, ток күшін, қуатын есептейді.



Топтық бағалау

Қолдау көрсету


Кері байланыс


Қолдау көрсету


Топтық бағалау



Кеспе қағаздар


Жылыжай макеті
Үйдің макеті
Бейнеролик

Сызғыш
Кесте






Оқушылардың қажеттілігіне қарай саралау тапсырмалары беріледі.
Саралаудың «Дерек көздері» тәсілі бойынша

  1. Электр энергиясын үнемдеу, тиімді пайдалану жолдары;

  2. Көмірді тұтынуды пайдасы мен зияны;

  3. Газ көгілдір отынның пайдалану кезіндегі пайдасы мен зияны, шығыны туралы мәліметтер жинау.

Саралаудың «Диалог және қолдау» тәсілі бойынша сұрақтар:

  1. Бүгінгі сабақ бойынша не түсініксіз болды?

  2. Тақырыпқа байланысты қандай қиындықтар болды?

Оқушы саралаудың «Дерек көздер» тәсілі бойынша интернет желісінен қажетті мәліметтерді іздеп тауып, білгенімен бөліседі.


Саралаудың «Диалог және қолдау» тәсілі бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтады.

Мадақтау

Кері байланыс



Ноутбук


Суреттер



Соңы
5 мин

Кері байланыс.
«Иә, жоқ» әдісі бойынша кері байланыс алады.
Оқушыларға кесте таратылады.
Үй тапсырмасы:
Тақырыпты оқу. Үй жағдайында электр энергиясын тұтынудағы шығынын есептеу

Оқушылар өтілген сабақ бойынша алған білімдерін қаншалықты меңгергендігін кестеде белгілеп көрсету арқылы кері байланыс береді.






кесте

Жалпы бағалау:
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Тексерілді:


Оқу ісінің меңгерушісі:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет