Сабақтың тақырыбы : Қазақтың ұлттық ойындары



Дата25.08.2017
өлшемі26,45 Kb.
#25945
түріСабақ
Қазақ тілі.4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

Сабақтың мақсаты:1. Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.

2. Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, грамматикалық ойындар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушыларды түгелдеу

Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы

Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.



ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.

1) 3-тапсырма .

2) жаңа сөздер,сөздерді септеу

ІІІ . Жаңа сабаққа дайындық.

«Ой-қозғау». Интерактивті тақтадан «Қазақтың ұлттық ойындарының» суреттері көрсетіледі. Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.



ІV.Жаңа сабақ

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар : аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын ,зеректікті , ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.

Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып,еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.

Сөздікпен жұмыс

Баға жетпес – бесценное богатство

Асыл қазына – ценный клад

Тәрбие құралы - средствовоспитания

Ақыл – ойын толықтырады – расширяет кругозор

Қажет етеді - требует

Қызық – интересное

Жігіт - парень

Қуады - догоняют

Жету керек - должен догнать



Қыз қуу.

Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызығы - қыз қуу. Қыз бен жігіт атқа мініп,бірін-бірі қуады. Қалған адамдар қарап тұрады.Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жеті керек. Жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал егер жігіт қызға жетпесе, қыз жігітті қамшымен соғады.



1-тапсырмаОқы сұрақтарға жауап бер.

2-тапсырма.Берілген сөдермен сөйлемдер құрастырып жаз

3-тапсырма.Деңе шынықтыру сабағында қандай ойындар ойнайсындар? Әңгімеле.

Ақсүй...к, ас...қ, алтыба...ан, тоғызқ...малақ, көкп...р, жасы...ынбақ,қ...з қуу, тең...е алу.



Сергіту сәті. «Ақ бұлақ»

V.Рефлексия : Суреттер сыры.

Суретке қарап , ойын түрлерін ажыратып айтады.



VІ.Қорытынды. Балаларды бағалау.

Үйге тапсырма

4-тапсырма



«Қазақтың ұлттық ойындары» туралы шағын әңгіме жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет