Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №87 жалпы орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалтаева Жібек Айдарқызы
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Батырлар жырының көркемдік ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: оқушылардың батырлар жыры туралы түсінігін кеңейту, ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау;
ә)дамытушылық: білімдік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру;
б)тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, СТО, топтау, сатылай кешенді талдау. т.б
Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, кеспе қағаздар,
тірек сызбалар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Венн диаграммасы
2. Сұрыптап талдау жұмыс. Сынып 4 топқа бөлінеді де,тапсырмаларын алады.
А тобы Ә тобы
Батырлар жырындағы Батырлар жырындағы әйелдер бейнесі
Өкіл
кейіпкерлерге мінездеме беру
Б тобы В тобы
Бүгінгі қазақ әйелдерінің бейнесі Бүгінгі күнгі батырлар
3. «Қамбар батыр » жырын құрылысына қарай талдайды.
1. Жырдың тақырыбы: Жер мен ел намысын қорғау
2. Жырдың негізгі идеясы: Бай мен кедей арасындағы тартыс, ел бірлігін биік ұстау
1. Жырдың басталуы: Әзімбайдың байлығы, Назымның сұлулығы
2. Жырдың дамуы: Көршілес Қалмақ ханының елші жіберіп, Назымға сөз салу
3. Жырдың шарықтау шегі: Қамбар батыр мен Қараманның жекпе-жегі
4. Жырдың шиеленісі: Жекпе- жекте Қамбар Қараманды өлтіреді
5. Жырдың шешімі: Әзімбай Қамбарға қызын береді
4. Топпен жұмыс: Шығармадағы дәстүрлі салт жырларының үлгісін тауып, мысалдарымен дәлелдеп бер.
Шығармадағы салт-дәстүр
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Батырлар жыры - ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау,елінің,халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр. Батырлар елінсүйген, ата мекенін, намысын қорғау, елдігін сақтау үшін ата жауына қарсы жан қияр ерлікке барған, көзсіз батырлық, ерлік көрсеткен.
Ең алдымен оның басты қаһарманы –батыр. Батырлар жырының барлығында ол әдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балаға зар болған ата-анасы оны тәңіріден тілеп алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашқы ерлігін өзіне жар таңдау сапарында көрсетеді.
Батырлық дастандардағы Қобыланды, Тарғын, Алпамыс сияқты ерен ерлер бойынан осы қасиеттерді айқын танимыз.
Қазақтың батырлар жырының көбі Шоқанның айтуынша, "Алтынорда дәуірлерінде болған тарихи адамдар туралы. Соған қарағанда XIV, XV—XVI ғасырларда жасалған сияқты". Батырлар жырының бейнелі кестелері мол. Ондағы ең бір көркемдік тәсіл – әсірелеу. Әдеби теориялық ұғымдарға түсінік беру. Әсірелеу: От орнындай тұяқтым,
Омыртқаң бар отаудай.
Антитеза: Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр!
Портрет: Бет ажарын қарасам,
Жазғы түскен сағымдай.
Психологиялық параллелизм: Асыл туған Ақжүніс, Күнді байқай қарасам, Күнді бұлт қоршайды.
1. "Сын тұрғысынан ойлау"
а). Ой қозғау
ә). Топтастыру
б). Қарама-қарсы элементтер
2. "Оқушылардың көркем сөйлеу мен жазу шығармашылығын дамыту"
а) Ғылыми талдау
ә) Тумалы бейне
б) Түйінді сөздер
3. Кітаппен жұмыс: Кітаптан батырлар жыры туралы түсінікті оқу, ойларын жеткізу.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Батырлар жыры әдебиеттің қай түріне жатады?
2. Қандай батырларды білесіңдер?
3. Батырлар жырының лиро-эпостық жырдан айырмашылықтары қандай?
4. «Ер Тарғын» жырын оқығансыңдар ма?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына , сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Батырлар жырының көркемдік ерекшеліктерін анықтап, қазақ батырының портретін салып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |