Бауыржан Момышұлының 100- жылдығына арналған
қазақ әдебиетінен ашық сабақ үлгісі /5 сынып/
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы.
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы қаһарман тұлға Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беріп таныстыру
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушыларға ертегіні оқытып, тақырыпты талдауға, мазмұнын ашуға үйрету.
2. Оқушылардың оқығанын жеткізе білуге, мәтінді мазмұндай тілдік қорын дамытуға бейімдеу.
3. Ертегінің мазмұны арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі-аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, жазу, аудару, сөздікпен жұмыс, тұсау кесер /презентация/ көрмесі, рөлге бөліп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: Б. Момышұлының портреті, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегі кітапшасы, ертегі кейіпкерлері, салынған суреттер, алдын-ала дайындалған сабаққа қатысты сөздік.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.
І.Ұымдастыру.
Балалармен сәлемдесу.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
- -Міржақып Дулатовтың «Шешенің балаларының сүюі» өлеңін сұрау
ІІІ.Негізгі бөлім:
Мұғалім тақтадағы Б. Момышұлының портретін көрсетіп, балаларға сұрақ қояды:
- Балалар! Мына кісі кім, бұл кісі туралы не білесіңдер?
1.Өмірбаяны: Презентация
Аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, Халық қаһарманы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, бейбіт өмірде жазушы болып екінші ерлік жасаған Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған.
1928ж-мұғалім болды
1932ж-армияға шақырылды
1936ж-Ленинград финанс академиясын бітірді
1941ж-316-атқыштар дивизиясының құрамына қабылданады
1941-1945 - Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияны басқарады.
1952ж-Жоғары әскери академиясын бітіреді.
1950-1956жж- Жоғары әскери академиясында сабақ береді
Демалысқа шыққан соң-жазушы болды.
Шығармалары: «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья»
«Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы, «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя», «Адам қайраты» т.б.
Бауыржанның ұрыс жүргізудегі шеберлігі, жеке басының ерлігі Ұлы Отан соғысы кезінде аңызға айналады. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Ел басына күн туса» көркем фильмі-батыр рухына қойылған ескерткіш.
Балалар, біз бүгін осы батыр ағамыздың «Ұшқан ұя» кітабыны алынған «Қарлығаштың Құйрығы неге айыр?» деген ертегісімен танысамыз.
- Қане, айтыңдаршы, қарлығаш қандай құс, ол туралы не білесіңдер?
- Біздің қаламызда қарлығаш бар ма?
- Қарлығаш қандай жерлерде мекендейді?
- Дұрыс айтасыңдар, қарлығашжайлауды, сондай-ақ біздің ата-әжелеріміз тұратын ауылдыарымызды мекендейді. Қарлығаш Қазақстанның оңтүстікь облыстарында көп болады. Қарлығаштың ұясын бұзуға болмайды, өйткені ол – қасиетті құс, адамзаттың жолдасы. Міне, бүгінгі сабағымыздың басты кейіпкрі де осы қасиетті құс қарлығаш.
2.Жаңа сөздермен жұмыс:
1. Параққа әрбір оқушыға жаңа сөзден беріледі
2. Аудармасыз сөздер ілінеді. Білген сөздерді анықтап айтады..
3. Жаңа сөздер дауыстап оқылады, аудармасы сұранылады.
Әділ-справедливый
Құрт-құмырсқа- черви и муравьи
Бақа-шаян- лягушка и скарпион
Тілін біліпті- знал язык
Жау шабады-наступил
Жылан-змея
Тілек-желание
Менің ұрпақтарым-мое потомство
Ең тәтті қан-самая вкусная кровь
Айтқаның болсын-пусть будет по-твоему
Шағатын жәндіктер-насекомое
Жарлық береді-дает распоряжение
Алдын тосады-ждет
Қарлығаш-ласточка
Масаны көреді-увидит комара
Тілін шығарады-высовывает язык
Жұлып алады-вырвал
Айта алмайды-не может говорить
Ызыңдайды-жужжит
Тап береді-набросился
Ұшып үлгіреді-успеет улететь
Құйрық-хвост
Тіліп өтеді
Зұлым-
Жауыз
Мейірімді-
Әрі қарай мәтінмен жұмыс жасалады.
3.Мәтінмен жұмыс
Ал, оның құйрығы неге айыр екен, кім білгісі келеді?
1. Мұғаліммен ертегіні мәнерлеп оқып шығады
2. Сұрақтар бере отырып, мазмұнын балалардан сұрайды
-Сүлеймен деген кім?
-Сүлейменнің патшалығында не болды?
-Жаудың беті қалай қайтады?
-Сүлеймен патша жыланға не дейді?
-Патша қандай жарлық береді?
-Хабаршылардың жолын не күтеді?
-Қарлығаш қандай әрекет істейді?
-Қарлығаш патшаға не дейдә?
-Қарлығаштың сөзі жыланға қалай әсер етеді?
-Ашулы жылан қайтеді?
3. Ертегіні түсініп, рөлге бөліп оқу
-Ертегінің кейіпкерлерін ата.
4. Мінездеме беру: /Коллективті жұмыс/
Бұдан кейін балалар дәптерлеріне төмендегідей кесте сызып, ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді.
Кейіпкер
|
Кеіпкерлердің іс-әрекеті
|
Қандай кейіпкер?
|
Қарлығаш
|
Адамға жаны ашыды, зұлымдыққа жол бермеді.
|
Мейірімді
|
Жылан
|
Адамның қанын ішкісі келді, қарлығашты өлтірмек болды
|
Жауыз
|
Сүлеймен
|
Жыланның тілегін орындамақ болды.
|
Әділ
|
Маса
|
Ең тәтті қанды іздеп тапты, жыланға айтпақшы болды
|
Зұлым
|
Балалар жазғандарын оқып, өз ойларын дәлелдейді.
Сұрақтар:
-Қарлығаш адамдарға неліктен араша түсті деп ойлайсыңдар?
-Ертегіні тағы қалай атауға болады?
-«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» шығармасын ауыз әдебиетінің қай түріне жатқызуға болады?
ІҮ. Қорытынды бөлім:
-«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» кім жазған?
-Б.Момышұлы кім?
Қортындылай кластер құрастырады:
«Ұшқан ұя» Жамбыл облысы патриот
«Офицердің күнделігі» 1910-1982Бауыржан Момышұлы
Ұстаз жазушы жауынгер
Батыр әділ
Ү. Оқушыларды бағалау:
ҮІ. Үй жұмысы: Ертегіні мазмұндау немесе сурет салып ұнаған эпизодын әңгімелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |