Сабақтың тақырыбы Қ. Бекқожин «Ақсақ Темір мен ақын»



бет1/9
Дата14.04.2017
өлшемі1,07 Mb.
#13782
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
В.Вахидов атындағы шағын жинақталған жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бабажанова Розаның 1 сағаттық ашық сабағы

Сабақтың тақырыбы

Қ.Бекқожин «Ақсақ Темір мен ақын»

Сілтеме:

1.Оқулық. Әдебиет. 7-сынып. Р.Құтқожина. Қ.Бітібаева. Е.Арын.

2."Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы" СЖолдасбаев.

3."Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы. №4, 2011жыл


Оқып - үйренудің негізгі мақсаттары:

Қ. Бекхожиннің өмірі мен шығармашылық қызметі туралы, Ақсақ Темірдің тарихтағы орны жайында әңгімелеу, балладаның мазмұнын ашу. Балладаның түйінді мәнін ашып, көркемдік ерекшелігін үйрену.

Оқып - үйренудің нәтижелері:

  1. Қ. Бекхожиннің өмірі мен шығармашылық қызметі туралы біледі;

  2. Ақсақ Темірдің тарихтағы орны жайында мәлімет алады;

  3. балладаның мазмұнын ұғынып, тарихи тұлғалар мен қалалар туралы мағлұмат алады.

  4. Балладаның түйінді мәнін ашып, көркемдік ерекшелігін талдайды.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Шаттық шеңбері, топқа бөлу, сын тұрғысынан ойлау әдісінің стратегиялары, рефлексия;




Уақыты

кезеңдері



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Ұйымдастыру

1 мин


Топқа бөлу

2 минут


Сәлемдесіп, оқушыларды түгендеп болған соң тақтаға шығарып, шеңбер құрып, ынтымақтастық атмосферасын орнатамын. «Ыстық лебіз» тренингі. Шеңберде тұрған қалпында көзді жұмып барлық оқушылардың маңдайына стикерге түрлі түсте сызықтар сызып ілемін. Үндемей бір-бірін тек ым ишара арқылы тауып топтарға бөлінеді. Топқа ат қойып ұран дайындау. Бағалау парақшалары таратылады. Бағалау жолдары үйретіледі.

Амандасады

Тақтада шеңбер құрады. Бір-біріне ыстық лебіздерін жолдайды

Топтарға бөлінеді, ат қояды. Ұран дайындайды. Бағалау парақшаларын алады.


Миға шабуыл

6 минут


Мерекелер туралы сұраймын. ҰОС туралы не білетіндіктерін сұраймын. ҰОС ның басталуына себеп болған деген мына бір аңызды айтып берем.

1941 жылы Өзбекістан жеріндегі бір мазарды зерттеу үшін рұқсат сұрап Сталинге хат жолдайды. Сталин зерттеу жұмысты жазда бастандар деп рұқсат береді. 1 маусым күні профессор Қараниязов басшылығында, зерттеуді толығымен таспаға түсіріп алу үшін Мәлік Қаюмов және басқа бір топ зерттеушілер жұмысты бастап кетеді. 21 маусым күні сол тұлғаның мазарын ашу үшін жұмыс орнына бір топ зерттеушілер келеді. Кенет барлық жерде жарық сөніп қалады, мәйітті ашатын құрылғылар істен шығады. Зерттеушілер түске дейін қол күшіне сүйеніп, табытты ашуға кіріседі. Әбден шаршаған зерттеушілер түскі ас ішуге шайханаға келеді. Шайханада үш шал отырған болып, олар Мәлік Қаюмовқа табытты ашпандар, ол ашылса елде соғыс басталып кетеді, бұл туралы мына кітапта да жазылған деп араб тілінде жазылған кітапты ұстатады. Танысып шыққан Қаюмов қасындағыларды ертіп келіп, шалдармен болған жайды қайта талқылауды бастайды. Алайда зерттеушілер бұл ескертуді елеусіз қалдырып, тәжік жазушысы Садриддин Айни да немқұрайлық танытып, шалдарды парсы сөздермен ұрса бастайды. Қариялар ренжіген кейіпте жолға түсіп кете береді. Сол күні мәйіт ашылады, түнгі сағат 4 те немістер бастырып кірді деген хабар жетеді. Бұл ашылған мәйіт кімнің мәйіті деп ойлайсыңдар? Оқиғаның соңы қалай аяқталады? Оқиға қаншалықты шындыққа жанасады деп ойлайсыңдар? Оқиға кейіпкері туралы не білесіңдер? Кластер әдісі арқылы кейіпкер туралы постер дайындау. Әмір Темір туралы өз шығармаларында көрініс тапқан қаламгерлерден кімдерді білесіңдер?



Сұрақтарға жауап береді. Аңызды тыңдай отырып, өз ойларын білдіреді.

Әмір Темір туралы бар білімдерімен бөлісіп, кластер жасайды.



Мағынаны тану

8 минут


Жаңа тақырыпты меңгеру үшін интерактив тақтада берілген видеороликті көріп, «түртіп алу» әдісі бойынша дәптерлеріне түсіріп алады. Сұрақ жауап арқылы пысықталады.

Тыңдайды, дәптерлеріне түртіп алады.

Сергіту сәті

2 минут


«Дударай» әні

Ән тыңдайды

Проблема шешу кезеңі

6 минут


Интертақтадан видеоролик арқылы «Ақсақ Темір мен ақын» балладасының мазмұнын тыңдату.

Екі үш оқушы балладаны дауыстап оқиды

Проблема шешімін қолдану кезеңі

8 минут


1-топқа тапсырма

1.Балладаның негізгі оқиғасы


2. Өлеңдегі басты кейіпкерлер, мінездеме

2-топ тапсырмасы


1. Балладада кездесетін жер - су атаулары
3-топ тапсырмасы

2. Балладада кездесетін ғұламалар мен батырлар





Шығарманы оқи отырып, тапсырмаларды орындайды

3 минут

Шығармаға композициялық талдау.

  1. Әңгіменің басталуы. Иранды басып алған Темір сауық сайран құрып отырып, шабарманның хабарын естуі

  2. Байланысы. Түріктің бір меңі бар қызы үшін Самарқанды садаға кеткен хафиздің сөзі

  3. Шиеленісуі. Темірдің ашуға булығып, хафизді өлтірмек болғаны

  4. Шарықтау шегі Хафиздің Темірге қарсы жауабы

  5. Оқиғаның шешімі. Темір Хафизді босатып жіберуі.

Шығарманы талдайды.

Ой толғаныс

2 минут


Біз тарихта Әмір Темірді қандай тұлға ретінде танимыз? «Еркін жазу» стратегиясы арқылы тарихтағы Ақсақ Темір мен баллададағы Ақсақ Темірді салыстырыңдар

Өз ойларын жазады

Қосымша мәлімет

1 минут


Балалар Ә.Темір біздің өңірлерде болған ба қалай ойлайсыңдар? Біз өмір сүріп жатқан шағын Шаға ауылының тарихын зерттеу барысында табылған айғақтарға қарағанда және Өзбекстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, тарих пәнінің білгірі Б.Ахмедовтың «Әмір Темір» атты тарихи романында жазылғандай, Темір «Вақфнамесінде» Қожа Ахмет Ясауи мешіті үшін «Шаға, Ташанақ ауылдарынан екі қостан жер ажыратылып берілсін. Адамдар бұл жерлерді алып, бидай ексін немесе жалға берсін. Алынған өнім диқан және басқа қызметшілердің қаржысына жаратылсын. Бекітілген шарттар өзгертілмесін немесе басқа бір мүлікке айырбас жасалмасын. Түркістан және оның айналасындағы тұрғындарға, мүсәпірлер мен үлкен-кішіге, машайықтар мен мансаптыларға ол жерге ешкім қол сұқпайтыны, қиямет күні ғайбатқа душар болмастығы назарларыңда жүрсін...» деп жазып қалдырылған екен деген деректер бар.

Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын білдіреді.

Кері байланыс 2 минут

«Сұрақтар бар қорап» әдісі арқылы сабақ төңірегінде сұрақтар жазып, қорапқа салынады. Сұрақтар келесі сабақта талқыланады.

Сұрақтар жазып, қорапқа салады.

Бағалау

3 минут


«Нысан» әдісі арқылы әр тапсырма барысында оқушы өзін өзі бағалап барады. Қорытынды шығарып, жалпы ұпай саналады.

Өзін-өзі бағалайды, топ бағаланады.

Үйге тапсырма

1 минут


Балладаны мәнерлеп оқу, қосымша Ғ.Мүсіреповтің "Өлімді жеңген ана" әңгіменің мазмұнын айту.«Темір тізе бүктірген алып күш» туралы эссе жазу.

Оқиды, әңгімелейді.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет