Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сандибаева Жаннат Калидоллаевнаның сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің жазылуы
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға күрделі сөздер туралы түсінік қалыптастыру.Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, жасалу жолдарын ажырата білуге үйрету.
2.Оқушылардың ойын жүйелі, жатық жеткізуге, интеллектуалды және эмоционалды белсенділігін арттыруға, жазу сауаттылығын дамыту
3.Сауатты жазуларын қалыптастыру.Инабаттылыққа, еңбекқорлық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:Біріккен сөздердің жазылуын меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылған әдіс тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, проблема тастау.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, музыка.
Көрнекілігі: Оқулық, суреттер, схемалар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Тілек гүлшоғын жасау.
2.Өткенді пысықтау.
Ой шақыру: «Көрші» ойынын ойнату.
1.Сөз таптарына нелер жатады?
- Зат есім дегеніміз не?
- Сын есім дегеніміз не?
- Сан есім дегеніміз не?
- Етістік дегеніміз не?
2.Сөйлем мүшелеріне нелер жатады?
- Бастауыш дегеніміз не?
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Тұрлаусыз мүшелерге нелер жатады?
3.Сөйлемнің тағы қандай мүшелері бар?
- Бірыңғай мүше дегеніміз не?
4.Сөйлем құра:Тал, терек, қайың.
3.Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту:1. Гүл + жан,Гүл + жайна,
Гүл + бақыт,гүл + десте
Күн + сұлу,күн + бағыс,күн +тізбе.
- Сөздерді топтасуына қарай қорытынды ереже шығару.
- Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады.
-Екі немесе одан көп сөз бірігіп ,бір ұғымды білдіреді,бір сұраққа жауап береді.
- Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
- Мысалы: Ақмарал, денсаулық, Айнабұлақ,
Қаратау, Алатау
Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздер қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады.
4 .Көру диктанты
Сары+адыр,Шилі+өзен,Қара+үңгір,Әулие+ата,Сары+ағаш,Сары+арқа,Жаңа+өлке.
Екі түбірден бірігіп жасалған кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады.
5. Тақтамен жұмыс
Торы+айғыр,Мырза+Әли,Қожа+Ахмет,Өмір+Ұзақ,Жұма+Әділ,Әді+Ахмет,Мырза+Ахмет,Жылқы+Айдар.
6. Сөздік диктант
1)Жаздыгүні,қыстыгүні,күздігүні,қолғап,Қарагөз,Жарқанат,Ақбөкен,балмұздақ,атамекен,бүрсігүні,қолғабыс,тоғызқұмалақ.
2). «Ой ашар»Сөздік диктант.
Бұзаубас, ақсақал, асқабақ, балық, Сарыағаш, ерекше, дәптер, Біржан, тас, балалар.
Ішіне «Біріккен сөз» / Сыртына»Жай сөз»
7 .Дәптермен жұмыс. «Жинақтау тәсілі»
1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып,біріккен сөздерді «+» арқылы теріп жазу.
Тақтаға үш оқушы шығарып «Сыңарыңды тап ойынын» ойнату.
А)қырық-----------беу
Қызыл--------------түстік
Оң-------------------құм
Бел------------------аяқ
Ә)Қала аттары : Қызылорда
Кісі аттары: Айнұр
2-тапсырма .Өздік жұмыс.
«Бес жолды өлең»
Тақырыбы Зат есім. Сын есім. Етістік.
Аққу ----------- ----------- -------------
Гүлжан ----------- ----------- -------------
Ақтабан ----------- ------------ --------------
Сөйлем құрау.
8.Топтық жұмыс.
Нұр.........
Ер............
Жан.........
Ақ.............
9. Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма.Тапсырманы оқы.
Бір үйдің ай десе аузы бар,күн десе көзі бар бес сұлу қызы болыпты.Олардың аттары да өздеріне сай екен.Сол қыздардың аттарын тауып жаз.
2-тапсырма.Сөздерді оқып,құрамына қарай топтап жаз.
Жанартау,найзағай,зілзала,тасқын,кемпірқосақ,тұман,сағым,көкжиек.
---------------------------------------------------- / ----------------------------------------------
---------------------------------------------------- / ----------------------------------------------
3-тапсырма.Мәтінді оқы.
Біріккен сөз
Менің әжем ай сайын «біріккен сөз» алады.Алған сайын маған дәмді « біріккен сөз» сатып алып береді.
Бірде мен әжеммен « Біріккен сөз» деген ауылдағы « Біріккен сөз» деген туысымызға қонаққа бардым.Олар бізді «біріккен сөзбен» қарсы алды.Бұл үйдіңсүйкімді «Біріккен сөз» деген күшігі бар екен.Біріккен сөз менімен күні бойы ойнап үйір болып алды.
--«Біріккен сөз ,Біріккен» сөз,кә-кә!-деп шақырсам,шапқылап жетіп келеді.
Кетер кезде ол үйдің « Біріккен сөз» деген немересі :
--«Біріккен сөз», «Біріккен сөзді» алғың келсе мен саған берейін.Сен қонақсың ғой.,-деп қимастықпен «Біріккен сөзге» қарады.
Ал мен «Біріккен сөз» үшін өзінің үйренген жерінен артық жер болар ма екен деп ойладым.
а) «Біріккен сөз» орнына мағынасына қарай біріккен сөз тауып жаз.Үйде өзің де осыған ұқсас мәтін құрастыр.
Ә)Мәтіндегі біріккен сөз деген сөз неліктен бірде бас әріптен ,бірде кіші әріптен басталып жазылған?
4-тапсырма.
Тай,лақ пен тайлақтың айырмашылығын айт.
5-тапсырма.Тез жауап бер.
Лездеме
1)Жиегі көгерген кілем қайдан көрінген?--------------------------------------------------------------------------------
2)Нені қазып қала болған?---------------------------------------------------------------------------------------------------
3)Екі сөз біргіп қалайша сайрады?----------------------------------------------------------------------------------------
4)Екі қазанның бірі сатылып кеткенде ,неше қазан қалады?---------------------------------------------------------
5)Баққаным әрі құс,әрі түйе.----------------------------------------------------------------------------------------------------
6) Суы да ала,тауы да ала,Бар ма екен осыны білетін бала?---------------------------------------------------------
6-тапсырма.Сөздерді толықтырып жаз.
----------------тасқорған , сайқы------------- , ----------таңба , ән------------- , еңбек------------,ғалам------------------ ,
Ақ----------- , ықшам---------------------- .
7-тапсырма.Үштөбе,Қаратау деген біріккен сөздер қай суретке сәйкес келетінін тап.
+
8-тапсырма.Біріккен сөздерді тауып астын сыз.
Алтай,Арқа,Алатау,
Тарбағатай,Қаратау.
Жеке батыр,Көкшетау
Көп тау,көне тау.
9. «Ой дамыту»Шығармашылық жұмыс.
Адамның ең үлкен бақыты--------------------------
2. Адамға күн қандай керек болса--------------------.
3. Уақытыңды бос жібермес үшін---------------------
4. Дүниедегі ең тәтті нәрсе ----------------------
Ең жұмсақ нәрсе -------------------
Ең жарық нәрсе --------------------
10 .Логикалық тапсырма.
«Он жылдан кейінгі ғаламшардың бейнесі»
10.Қорытынды бөлім.
Диктант
Ақсүйек-қазақтың ұлттық ойынының аты.Жалт қараған Әсет титімдей ғана қарақұсты көрді.Ақсақал-үлкен қария кісі.Ақбозат-жұлдыз атауы.
11.Мадақтау.Бағалау.
Конец формы
Күні: ___________________ Тексерген:Оқу ісінің меңгерушісі:__________________________
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын қайталау
Мақсаты:
1. Өткен сөз таптарын еске түсіріп, алған білімдерін кеңейту. Сөз таптарын сөйлем ішінен тауып,оған сұрақ қоя білуге үйрету,сауатты жазуға дағдыландыру.
2. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізднімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:Өткен тақырып бойынша оқушының білімін есепке алу.
Сабақтың түрі: Ойнайық та, ойлайық.
Сабақтың типі: Қайталау.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау,топпен жұмыс, көрнекілік, деңгейлік тапсыр-малар, жұмбақтар шешкізу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-Қазақ тілі- Атаң,анаң
Қуат алар Отан содан
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
Дұшпаның да бас иетін
Тілің ұлттық қасиетің.
Тартқан талай ұлыстар бар
Тілсіздіктің қасіретін, -деп ақын Ө. Ақыпбеков жырлаған екен.
-Ендеше, дүниеде ешнәрсе тең келмес, ұлттық қадір-қасиеттерімізді арттырар, тіліміздің қыр-сырын танытар, қазір қазақ тілінен қызықты грамматика сабағы.
Сыныпты 3 қатар бойынша топқа бөлу.
І топ «Жігер» Ұраны: Жігерлі жасымас.
ІІ топ «Әділ» Ұраны: Әділ істің-арты игі.
ІІІ топ «Білгіштер» Ұраны: Білемін деп мақтанба,
Сенен де білгіш табылар.
ІІ. Негізгі бөлім
І кезең «Ой қозғау»
1-тапсырма. Кім жылдам?
Жауап берген топ 1 ұпайға ие болады.
Жұмбақ.
Білесіңдер кім? не? сұрағын
Сөйлемдегі ой иесі боламын.
Не істеді? сұрағымен көркейемін, толамын.
Жауабы:( Зат есім.)
2-ші тапсырма
І топ
|
ІІ топ
|
ІІІ топ
|
Зат есім сұрақтарын толық-тырып жауап бер және мысал
келтір
|
Зат есімдерді қатыстырып сындық ұғымын білдіретін сөз ойлау.
Ол қай сөз табы?
|
Зат есімдерді не істейді? сұрақтарына жауап беретін сөздерімен байланыстыр.
Ол қай сөз табы?
|
Кімдер? Кімнің?
Нелер? Ненің?
Кімге?
Неге?
Кімім? Кімді?
Нем? Нені?
Кімде?
Неде?
|
Білімді оқушылар.
Ұзын сызғыш.
|
Гүлжан оқыды
Оқушы оқыды
Мен ән айттым
|
3- тапсырма: «Ойлан, тап»
А) Конвертте жұмбақ берілген. Жұмбақтың шешуін табу, мағынасын аша отырып дәлелдеу
Ә) Әр түрлі тапсырма.
I-топ
.а)Кестенің қай бөліміне қандай сөз табы екенін жазуға болады?Қай бөліміне жазуға болмайды?Түсіндір.
|
|
|
|
бесеу
XI
16
|
ұзын
жылы
қанатты
|
қанат
тұяқ
қауырсын
|
Еледі
жауды
көңілді
|
ә)Әр сөздің алғашқы буындарынан сөз құрастырып жаз.
Егін,сенбі;Сара,бақша.
б)Шыққан сөзді ауызша септе.
II-топ.
Өлеңді мәнерлеп оқы.Өзің ойлап тапқан бір көңілді әнмен айтып беруге дайындал.
Жол қайда жоғалды?
Жүгірді жол, жүгірді,
Бір жерлерде бүгілді.
Бір жерлерде бұрылды.,
Желаяқтай жүгірді.
Ойлау жерде қайқайды,
Дөңдеу жерде шалқайды...
Сүзіп шықты бір елді,
Көлге келіп тірелді.
Жоғалды ма жол оңай,
Суға кетті-ау...обал-ай!
Іздеп жүрсек жан-жақтан,
Сүңгіп шықты ар жақтан.
М.Әлімбай
Өлеңдегі етістіктердің қажетін пайдаланып,өзің тақырыпқа бір шумақ өлең құрастыр.Мысалы,жүгірген жол емес,бала немесе ой,қиял,арман,тағы басқалар туралы.
III-топ.
Сөз басындағы буындардан зат есім жасап жаз.
а)Пырақ,жалау,рақмет------------------------------------------------------------------------------------------------
Емен,кісі,басшы,тұздық-----------------------------------------------------------------------------------------------
ә)Жұмбақты шеш және жатқа айт.
Бірде орақ,
Бірде табақ.
Бірде бар,
Бірде жоқ.
М.Жаманбалинов
Б) Дәптермен жұмыс
Мен егінсем, шегініп
Мен керілсем, керіліп
Кетпей қойды жыраққа,
Сөйлемейді бірақта.
Ол не
Жұмбақтың шешуін қалай тапқаныңды айт.
2) Шешуін сөз құрамына талда.
|
Қиналмай, тауларды, орманды
Теңізді, дария топтарды,
Ауылды, қаланы, халықтыОйлап тап көтерген алыпты.
Ол не?
. Жұмбақтың шешуін қалай тапқаныңды айт.
Септік жалғаулары жалғанған сөздерді тап.
|
|
Көктемде көгереді,
Жазда жайқалады.
Күзде сарғаяды,
Қыста тамырлайды.
«Өсімдік» сөзін 3-ші жақта тәуелдеп,септе
|
4-тапсырма. «Мақал- сөздің мәйегі»
- Сан есім кездесетін 3 мақал айт.(3 топқа)
5-тапсырма « Ұйқасын тап»- өлең құрастыру.
Дәптермен жұмыс.
Берілген тақтадағы сұрақтар бойынша 1) сөйлем құрап, сөйлем мүшесіне талдау, әр сөйлем мүшесінің қай сөз табынан екенін ажыратқызу
Кім? Қандай? Нені? Не істеді?
Айгүл қы
зық кітапты оқып бітірді.
Топтық жұмыс
Жапырақ сөзіндегі дыбыстарды пайдаланып,зат есім,сын есім,етістік сөздер құрастыр.
Зат есім Сын есім Етістік
---------------------------- --------------------------------- -----------------------------------
--------------------------- --------------------------------- -----------------------------------
---------------------------- --------------------------------- ----------------------------------
Кестедегі бос орынға жауабыңды жаз.
Сөйлемдегі орнына қарай үтір бірде алдынан,бірде екі жағынан ,кейде соңынан қойылатын сөздер
|
Сөз болғанмен,сұрақ қойылмайтын сөздер
|
Сөйлем ішінде бір ғана сұрақ қойылатын сөздер тобы
|
|
|
|
6-тапсырма «Ой толғау»
Әдебиеттік оқу пәнінен өткен, жаттаған өлең сөздері ауыстырылып берілген.
1) Өлең кімнің өлеңі
2) Ретімен жазуға тапсырма беріледі
Қорытынды. « Бес жолды өлең» стратегиясы /
Әр топқа бес жолды өлең жазуға сөздер беріледі.
I-топ.
Зат есім: Қазақстан.
Сын есім: тәуелсіз, егеменді.
Етістік: гүлденді, өркендеу.
Сезім білдіретін сөз: Жайнай бер Қазақстан!
II – топ.
Зат есім: Отан, арман.
Сын есім: тәуелсіз.
Етістік: толады, орындалады
Сезім білдіретін сөз: Жасай бер Қазақстан!
III – топ.
Зат есім: Ел, тілек.
Сын есім: бақытты, баянды.
Етістік: орындалады, армандады.
Сезім білдіретін сөз: Жиырма жыл толғаны!
Синоним: Туған жер.
Барлығына
Зат есім: Ата-баба, Қазақстан.
Сан есім: Ғасыр.
Сын есім: тәуелсіз, егеменді.
Етістік: тіледі.
Сезім білдіретін сөз: Гүлдене бер мәңгілік
Әр топтан бір оқушыдан шығып, шығарған өлеңдерін оқиды.
Тест жұмысы (жалпы 6 тест сұрағының әрбірі дайын слайд түрінде көрсетіліп, жауабы сигналдық карточкадағы әріптік белгіні оқушылардың көтеруі арқылы олардың алған білімдері тексеріледі).
Мадақтау.Бағалау.Конец формы
Күні:----------------- Тексерген:Оқу ісінің меңгерушісі:-----------------------------------------------
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі
Мақсаты: 1. Білімділік: Буын үндестігі жайлы оқушыларға жалпылай түсіндіру.Оқушылардың буын үндестігі туралы білімін арттыру;Сөздер бірде жуан,бірде жіңішке айтылу ерекшеліктеріне басты назар аударту.. 3. Дамытушылық: Оқушының өзінің ойын жасырмай анық дәлме-дәл жеткізе білуге дамыту.
. Тәрбиелілік: Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және бойына жақсы тәрбиелік маңызы зор қасиеттер беріп тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:Сөздердің айтылу мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ой бөлісу,сөзжұмбақтар шешу.
Көрнекіліктер: плакаттар,суреттер,таратпа материалдар,т.б.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу рәсімі: Сәлеметсіздер ме оқушылар
ІІ.Өткенді қайталау.
ІІI. Жаңа сабақты сұрау. Қызығушылығын арттыру,;
Кіріспе бөлім.
Буын үндестігі-сингармонизм
Сұрақтар қою арқылы өткен білімдерді еске түсіру, пікірлесу.
- Буын үндестігі дегеніміз не?
Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан, бірыңғай жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі деп атаймыз.
- Мысалдар келтіру арқылы дәлелде.
Қазақ тілінде сөздерге қосымшалар не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып жалғанады. Мұны мына мысалдар арқылы көруге болады.
Қосымшалардың жуан түрде жалғануы Қосымшалардың жіңішке түрде жалғануы
Жұмыс-шы-лар-ға
Қуаныш-та-рың-ды
Ақыл-ды-лық-қа
Еңбек-ші-лер-ге
Сү-йін-іш-те-рің-ді
Ес-ті-лік-ке
Сөздің соңғы буының жуан,жіңішкелігіне қарай қосымшалардың да не жуан,не
жіңішке жалғануы.
Жуан сөздер : Жіңішке сөздер:
Жұмыс-шы-лар-ға Сүйінші-лер-ің-ді
Тарих-ты Лагерь-ге
Цех-та Роль-дің рол-ім
Сонымен қатар буын түрлері де бар,олар: ашық,тұйық,бітеу болып бөлінеді.
Ашық буын дегеніміз-дауысты дыбыстан басталып,дауысты дыбыспен аяталады.
Мысалы: Ашық буын
а-та
ә-ке
Тұйық буын дегеніміз- дауысты дыбыстан бастылып, дауыссыз үнді немесе қатаң
дыбыспен аяталады.
Мысалы: Тұйық буын
Аң
Ұлт
Бітеу буын дегеніміз- дауыссыздан басталып,дауыссызбен аяқталады.
Мысалы: Бітеу буын
тас
дәп-тер
IV.Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма.Көрсетілген жұрнақтарға түбір сөз қосып жаз.
_________________________________-хана
_________________________________-паз
__________________________________-қой
__________________________________-кер
2-тапсырма.Сөздерге қосымша жалғап жаз,ережесін еске түсір.
Бидай,М.Әуезов,арбакеш.
3-тапсырма.Апта күндерін айтылуына қарап,дұрыс жаз.
Апта күндерінің айтылуы мен жазылуының қандай айырмашылығын байқадың?
Айтылуы Жазылуы
дүйсембі ___________________________________
сейсембі ___________________________________
сәрсембі ___________________________________
бейсембі ____________________________________
жұма ____________________________________
сембі ____________________________________
жексембі _____________________________________
4-тапсырма.Аралас буынды сөздер болып келетін адам аты-жөндерін жаз.
Мысалы:Бегімбай,Есенбай_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5-тапсырма.Ертегіні өз ойыңнан жалғастырып,аяқтап жаз.Қайсардың ақылдылығы,білімділігі оның таңдауынан байқалатын болсын.
Таңдау
(Ертегі)
Ерте,ерте,ертедегі ертегілер елінде бір саудагер базардағы халыққа:
-Ақыл,білім,байлық,бақыт сатамын.Өте арзан.Алып, қарық болып қалыңыздар,-деп жар салған екен.
Естіген халық дүрлігіп,бірі ақылға,екіншілері байлыққа кенелмекші болыпты.Ал тағы біреулері бақытты алмақшы болды.Соның ішінде қайсар деген бір бала өзінің таңдауы туралы былай деген екен:____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
V. «Ой қозғау» әдісі Ребус шешу. Шешуі: достық. Достық деген сөзді тақырып етіп алып, әңгіме жазу.
VI.Жинақтау. Үлестірмелермен жұмыс.
№1. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жаз.
Неліктен сол қосымшаны жалғағаныңды түсіндір.
Ақыл – жас..., асыл тас...,
№2 Берілген сөздерді буынға бөліп жаз. Әр буындағы дауысты дыбыстың жуан не жіңішке екенін айт.
Өнерлі, өнерпаз, көкжиекте, шаңырақтың.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
№3 Түбір сөздерге тиісті жалғауларды теріп жаз.
құрылыс... - тер
аң... - шы
көбелек... – дар
Оқушыларымның сатылай кешенді талдау ұнағаны соншалықты төрт жолды
өлеңдерінде арнады.
Грамматика бар сенің сан қызық жаңалығың,
Үйренуден біз жалықпай,талмаймыз.
Болсақ егер ең сауатты оқушы,
Ол да сенің арқаң деп біл.
Ал,сатылай кешенді талдауды былай өздеріне қарай сөз жұмбақ қып шешіп
алды.
С-саналы, К –келешегіміз
А-азамат, Е - ертеніміз
Т-тәртіпті, Ш -шыныққан
Ы-ырысты, Е –елдің
Л-лайықты, Н -намысты
А-арманшыл, Д -достықты
ӘдептіЙ-инабатты «й». І-ізденгіш ұрпақпыз деп өздеріне баға бере
алатын азамат,тұлға бар екені,сонымен қатар қызығушылығы үйірмеге деген
арта түсетіндіктері байқалады
VII.Сабақтың соңында оқушыларға үйде ережелерді жаттай отырып,қалам,кітап,оқулық
деген сөздермен күрделі сөйлемдер құрастыра отырып,сөйлем мүшесіне және буын
түрлеріне ажыратып талдау тапсырылады. - Сонымен, балалар, қазақ тіліндегі сөздердің біріңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келу себебі неде екен?
- Оның себебі: түбір сөздің соңғы буынында жуан дауысты дыбыс болса, оған жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, қосымша да жіңішке болып жалғанады.
VIII.Мадақтау.Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |