Г ү л
Оқушы буынға бөлінген сөздерді оқиды.
міт шік
Ү тік Үй рек
Құмға және дәптерге жазады.
Ү ү
кі мек
Қара жорға билейді.
|
ІХ.Сөйлем құрау.
Ақтөбе қаласының тапсырмасы:
Түлкі және түйеге сөйлем құраймыз.
( Қызыл түлкі қу, менің түйем бар.)
Х.Артық сөз.
Қостанайдың тапсырмасы.
Қатардағы сөздердең Ү әрпі жоқ сөзді табамыз.
ХІ. Әріптердең сөз құра.
Көкшетау қаласының тапсырмасы:
|
Сурет арқылы сөйлем құрайды.
Ү әрпі жоқ артық сөзді табу керек.
Үзеңгі, күрек, үй, ешкі.
Сөз құрайды.
Ү
К
І
Ш
Й
|
Рефлексивтік
түзетушілік
|
ХІІ. Сабақты қорытындылау.
Павлодардың тапсырмасы:
Бүгін қандай әріппен таныстық?
Ү дыбысы қандай дыбыс?
Қандай елге саяхат жасадық?
ХІІІ. Мадақтау
Астананың тапсырмасы :
Оқушыға 5 жұлдыз медаль ілу.
Сабағымыз аяқталды. Сауболыңыздар!
|
Оқушы жауабың айтады?
|
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Үү дыбысы кездесетін сөздерді оқи алады және текшемен жаза біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Қазақстанның қалалары туралы түсініктерді игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сөздерді буынға бөле біледі, дыбыстық талдау жасай біледі, текшелермен жаза біледі.
Мектепалды даярлық тобында өтілген «Ү ү дыбысы мен әрпі» тақырыбына талдау.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастыру іс-әрекеті: Сауат ашу және жазу негіздері.
Тәрбиешісі: Байжуманов Архат Катренович. Еңбек өтілімі 2 жыл, санаты жоқ.
Сыныпта барлығы 1 оқушы бар: қыз бала. Оқушының білімді меңгеру деңгейі жақсы, сабаққа үнемі даярлықпен келеді. Сабаққа деген қызығушылығы жоғары.
Дильназ - жапсырма, құрастыру жұмыстарымен айналысқанды ұнатады, мәнерлеп оқумен әуестенеді, көркем жазуға құмартады. Дауысының мәнері жақсы. Биге, әнге икемі бар.
Бүгінгі сабақта алға қойған мақсатым мынадай:
1.Білімділігі:Балаларға Ү дыбысы мен әрпін таныстыру. Ү дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуді үйрету. Ү дыбысының айтылуна мән беріп,әріптің баспа түрін жазылуын үйрету.Буын туралы түсінігін молайту.
2.Дамытушылығы: Жаңа дыбысты қатыстырып сөз,сөйлем ойлату арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту.Сөздік қорын жетілдіру.Зейінін тұрақтандыру
3.Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, ептілікке, ұқыптылыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу. Өз Отаның сүюге және қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,буындар, ребустар, сөзжұмбақ, сурет жұмбақ,әріптер, ноутбук, күйтабақ,Қазақстан Республикасының картасы.
Сабақта ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау, сұрақ- жауап, тренинг әдістерін қолдана отырып, оқушымен жекелей жұмыс жасап , қисынды ойлау дағдыларын дамыта отырып, интерактивті тақтамен жұмыс істеу арқылы шығармашылық жұмысқа жұмылдырдым. Сабағымда жаңа инновациялық технологиялардың элементтерін қолдандым. Тіл дамыту, көркем жазу, қоршаған орта пәндерімен байланыстырып оқушының пәнге деген қызығушылығын ояттым.
Дильназ әрбір тапсырма кезеңдерін Қазақстан Республикасының қалаларыны саяхат жасау арқылы («Шашылған әріптер», «Сөз жұмбақ» , «Қазақ үй», «Сурет жұмбақтар» «Сиқырлы буындар» , «Көркем жазу», «Ойлан тап», « Сөйлем құра») ұқыптылықпен тыңдап, нәтижелі орындай алды.
Оқушылардың білімдерін уақытында бағалап, сабақтың мақсатына жеттім.
Нені біледі: Үү дыбысы кездесетін сөздерді оқи алады және текшемен жаза біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Қазақстанның қалалары туралы түсініктерді игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сөздерді буынға бөле біледі, дыбыстық талдау жасай біледі, текшелермен жаза біледі деген кестемен сабақты бекіттім.
Оқушы осы сабақта алған білімін алдағы уақытта әр түрлі жағдайда қолдана білетіндей дәрежеге жеткізе білдім деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |