Сабақтың тақырыбы : [Ә] дыбысы Сабақтың мақсаты : Білімділік



Дата13.02.2017
өлшемі35,34 Kb.
#9223
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: [Ә] дыбысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: [ә] – дыбысы мен әріпін таныстыру. [ә]-дыбысын буында,сөзде айтқызу. Дыбыстың дұрыс дыбысталуын үйрету.

Түзетушілік: дыбыс артикуляциясының кескінін көрсету, жеке буында, сөзде анық айтқызуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге баулу.

Көрнекі құралдар: айна,артикуляциялық жаттығулардың суреттері, түрлі суреттер, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсің бе!

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Бүгінгі сенің көңіл-күйің қалай?



Артикуляциялық жаттығулар

«Кесе» -Ауыз кең ашық, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек.

«Жаңғақ» – ауызды жауып оңға-солға тілдің ұшымен беттің бұлшық еттерін итеру. Осылайша 10-15 рет қайталау.

«Қақпа» - Күлімсіреу, қабысқан тістерді күштеніп ашып көрсету.
ІІ. Жаңа сабақ: [ә] дыбысының артикуляциясы.

  • [ә] дыбысын дұрыс игеруге «а» дыбысы негіз болады. [ә] дыбысын айтқанда тілді алдыңғы тістерге жылжытып, тілдің ортасын аздап дөңестендіреміз.

1.Тапсырма. Буындарда машықтандыру.

Тә-тә-тә кә-кә-кә нә-нә-нә пә-пә-пә лә-лә-лә әм-әм-әм

Дә-дә-дә гә-гә-гә шә-шә-шә бә-бә-бә әт-әт-әт әп-әп-әп

Зә-зә-зә сә-сә-сә мә-мә-мә рә-рә-рә әз-әз-әз әб-әб-әб

Әд-әд-әд әк-әк-әк әс-әс-әс ән-ән-ән әш-әш-әш әр-әр-әр
әде-әрі-әке-әне-әте-әле-әсу-әсі-әзи-әше-әлі-әру-әші-үмә

2.Тапсырма. Буын арқылы сөздерде машықтандыру.

Тә-тә-тә-тәте кә-кә-кә-кәсіп шә-шә-шә-шәмші пә-пә-пә-пәле

Дә-дә-дә-дәптер гә-гә-гә-гәкку шә-шә-шә-шәлі бә-бә-бә-бәкі

Дә-дә-дәке сә-сә-сә-сәкен мә-мә-мә-мәсі рә-рә-рәсуә


лә-лә-лә-ләйлә әт-әт-әт-әтеш әк-әк-әк-әке әш-әш-әш-әшекей

Әб-әб-әб-әбігер әд-әд-әдемі ән-ән-ән-әнші әш-әш-әш-әшім

Әз-әз-әз-әзір ән-ән-ән-күмән әм-әм-әм-әміре әп-әп-әп-әпке

Әс-әс-әс-әскер ән-ән-ән-жәндік әб-әб-әб-әбдіре ән-ән-ән-әнші



3.Тапсырма. Сөз басында машықтандыру.

Әке, әже, әліппе, әріп, әтеш, әнші, Әсем, әжім,ән, әмір, әзір,әдемі,әрлі, әзиз, әсемпаз, әдеп,әскер, әшекей, әпке,Әбжаппар, Әли, әбігер, Әбдіре, әдет, әкім



4.Тапсырма. Сөз ортасында,соңында машықтандыру.

Күмән,мәсі, дәке, дәрігер, дәрумен, дәріхана, дәптер, шәлі, бәкі, жәндік,сәкен, кәзір, күнә, кінә


5.Тапсырма. Сөйлемдерде машықтандыру.

Әнші әсем ән айтты.

Әсем дәптерге жазу жазды.

Әжем үлкен шәлі жамылды.

Әбдіжаппар дәріханадан дәрі мен дәрумен берді.

Сәкен мен ләйлә әжесін жақсы көреді.

Әке,әже,әпке,аға,ана- отбасы мүшелері.

Сырға, сақина, білезік- әшекейлік бұйымдар.



Тақпақтар

Әлем-жиһан, жер жүзі. Әжем ертіп әкелді

Әмбеге аян кеңдігі Әкем саты әперді

Әлемді гүлмен көмкеріп Әйнек салды әйнекші

Әп-ісем етем мен мұны. Әдемілеп пәтерді

Жаңылтпаштар

Әмір әбіге, неге әбігер Әсел әсем бе,

Әділ әбігер, неге әбігер? Әсем әсем бе, Әсел ме?

Жұмбақтар

Жер бетінде шашы бар Бұрап қойған сағаттай

Жер астында басы бар Айқайлайды таң атпай

(сәбіз) (әтеш)



III.Сергіту сәті

Қарлығашқа ұқсап,

Ұшып,ұшып алайық,

Қане,қанат қағайық.

Орнымызға қонайық.
Қорытынды.

- Бүгінгі сабақта қандай тапсырмаларды орындадық?



- Сабақ ұнады ма? Несімен?

Үйге тапсырма: Жаңылтпаш жаттау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет