Сабақтың тақырыбы : Ежелгі грек өнері Сабақтың мақсаты



Дата18.06.2017
өлшемі49,29 Kb.
#19420
түріСабақ
6ә-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі грек өнері

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушыларды ежелгі грек халқының мерекелерімен, ойындарымен, театрымен,өнерімен, діни-нпнымдарымен және мифтерімен таныстыра отырып. Олардың ерекшеліктерімен дүниежүзілік маңызың ашып көрсету.

Ә) Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын арттыра отырып, өзара пікірлесуге, өз пікірін еркін айта білуге баулу.

Б) Тәрбиелік: Өз халқы мен басқа да халықтардың мәдениеті мен тарихын құрметтей білу сезімін қалыптастыру, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға, байытуға үлес қосуға тәрбиелеу. Діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру


Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта , «Ежелгі Греция» картасы, оқулық суреттері.слайд. портреттер.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, Әдебиет.Биология, Дене шынықтыру.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу)

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

(Өткенді пысықтау сұрақтары)

«Ойлан,тап» жылдамдық пен білімділік шеберлігі

ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру




Өткенді пысықтау сұрақтары:

1-топқа:

1.Ежелгі Грекия мектептері неше басқыштан тұрды?

2.Мектепте кімнің балалары оқыды?

3.Қандай пәндер оқытылды?

4.Гимнасия мектептеріндегі ерекшеліктер?

5.Ежелгі Гректердің қыздар тәрбиесі қандай бағытта бейнеленген?

2-топқа:


1.«Ғылыми білімдер» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

2.Гректер қандай ғылым салаларын зерттеумен шұғылданған?

3.Ежелгі грек ғалымдарын ата?

4.олардың ғылым саласында сіңірген еңбектері қандай болды?

5. «Илиада» және «Одиссея» поэмалары қай ғасырларды жырланды және оны кім жазды?мазмұны қандай?

3-топқа:


1.Грекияда тарих саласындағы еңбектер қай ғасырда пайда бола бастады?

2.Қандай грек тарихшыларын білесің?

3.Герадоттың тарих саласындағы қызметі қандай болды?Неліктен оны «Тарихтың атасы»деп атайды?

4.Ежелгі грек философтарынан кімдерді білесің?

5.Олар өз еңбектерінде қандай тұжырымдар жасап,пікірлер айтқан?
Ойлан тап.(Оқушылардың жылдамдылығы мен білімділігі сыналады).)Интерактивті тақтада Грек ғалымдарының ссуреттері тұрады, оқушылар сол тұлғалардың кім және қандай маман иесі екендерін табу керек)

Ежелгі Грекия ғалымдарын және олардың ғылым салаларын танып білу.


Жаңа сабақ жоспары:

  1. Грекиялық мерекелер мен ойындар

  2. Олимпиялық ойындар

  3. Ежелгі Грек театры

  4. Гректердің діни нанымдары мен мифтері

  5. Сәулет өнері

  6. Грек мүсіндері

1. Ежелгі грекиялықтардың мерекелері мен ойындары бүкіл халықтық сипат алды. Бұл мерекелер грекиялықтардың негізгі кәсібі мен әдет-ғұрыптарына байланысты болған. Олар Дионис, Деметра, Зевс құдайларының құрметіне және ынтымақ пен бірлікке арналды.

Дионис – егіншілер мерекесі б.з.б. ҮІІғ.Мереке күндері ауқатты отбасылар құрбандыққа мал шалған.

Ынтымақ мерекесі – 6 күн болды /шілденің аяғы тамыздың басы/.Мақсаты: бұл мереке халықты бірігуге,бірлесіп кәсіп жасауға, ынтымақты өмір сүруге шақырды.


2. Олимпиялық ойындар Пелопонесте орналасқан Олимпия қаласында –Зевс құдайдың құрметіне 4 жылда 1 рет өтеді. 5 күн болған. Тұңғыш ойын б.з.б. 776 жылы өткен. Гректер өздерінің жыл санауын Олимпиалық ойынның ашылған күнінен бастайды.

Ежелгі Грекиядағы бұл ойындар қазір бүкіл дүниежүзілік спорт мерекесіне айналды.

3. Театр Грекияда б.з.б.Ү – ІҮғ салына бастады. Театр - грек тілінде көрініс деген ұғым береді. Оның пайда болуы Дионис құдайдың құрметіне арналған ойын – сауықпен байланысты шыққан.

көрерменге арналған орын


ТЕАТР орхестра – ойын көрсететін алаң
скене – актерлер киім ауыстыратын жер (кейін сахнаға айналған)

Эсхил «Бұғаулы Прометей», Софокл «Антигона» - трагедия (грек сөзі-текелер өлеңі)

Аристофан «Бұлт», «Сона», «Құстар әні» - комедия (грек сөзі-көңілді шаруалар әні)
4. Гректерде діни нанымдар б.з.б. ХІ-ІХғ пайда болды. Ежелге гректер 40 – қа жуық құдайларға сыйынған. Оларды көбінесе аң, құс ретінде бейнелеген.

Олар Олимп тауының басында салтанатты сарайда тұрады деген наным да болған. Ағайынды үш құдай: Зевс, Посейдон, Аид күллі әлемді өзара бөлісіп жеке-жеке билік жүргізеді.

Зевс – көкті

Посейден – теңізді

Анд - өлілер патшалығын билейді

Грекия құдайлары:

Дионис-жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісінің құдайы

Афина-даналық пен жеңістің құдайы

Афродита-сұлулық пен махаббаттың құдайы

Миф – табиғаттан тыс тіршілік иелері мен таңғажайып құбылыстар, оқиғалар туралы аңыз әңгімелер.
5. Б.з.б. Ү ғасырда сәулет өнері жақсы қарқынмен дамыды.

Акрополь – сарайлар

Агора – базар алаң

Гректер сәулет өнерінің үш стилін қалдырған:

Дорийлік – қарапайым да сәнді бағаналар

Иониилік – сымбатты, әдемі,

Коринфтік – өрнекпен әшекейленген сәнді бағаналар
Парфенон

Эрехтейон храмдар

Ника

6.Грек мүсін өнері де б.з.б. Ү ғасырда ерекше дамыды. Грек мүсіншілері:



Фидий – Зевс құдайдың мүсіні Олимпия қаласында,

әлемнің 7-і кереметінің бірі-мүсіннің биіктігі 14метр.

Афина мүсіні-биіктігі 11метр.Парфенонде орналасқан.

Мирон - диск лақтырушы
Бекіту сұрақтары:

Театр,комедия,трагедия,Парфенон,акрополь, олимпиада деген терминдердің мағынасын түсіндір.Ежелгі Грекиядағы мифтерде қандай суреттер бейнеленген?



Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: 23 тақырыпты оқу

«Мен ежелгі грек театрында болдым» деген әңгіме жазып келіңдер



«Қазіргі олимпиалық ойындармен» салыстырып жазыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет