Сабақтың тақырыбы : Гүл және жеміс Пәні: Дүниетану Сыныбы: 2 Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата21.06.2017
өлшемі291,42 Kb.
#19450
түріСабақ
  1   2
Алматы қаласы Әуезов ауданы

104 жалпы білім беретін мектептің



бастауыш сынып мұғалімі

Алмабекова Арайлым Асылбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Гүл және жеміс

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 2

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:     Оқушыларға өсімдіктердің қалай өсіп, өнетіні жөнінде түсінік беру, сабақта алған білімдерін жүйелеу, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық:     Қосымша деректер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, дүниетанымын, ой-өрісін, ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік:Табиғатты сүюге, қорғауға, өсімдіктерді күтуге, оны өсіруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекіліктер

Сабақтың көрнекілігі: тұқым,тамыр, сабақ, жапырақ,гүл,жемістің суреттері, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып ,

Жақсы тілек сөзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам басамыз

Балалар келіп себеттен өздеріне ұнайтын жемістерін алып өз топтарына барып отырады.

1топ (қызыл) Тұқым

2 топ (көк) Тамыр

3 топ(сары) Сабақ

4 топ ( жасыл) Жапырақ

Әр оқушы өзінің қолындағы түске сәйкес топқа барып отырады.



Жағымды психологиялық ахуал орнату

Бүгінгі күн терезеден бізге күліп тұр қарап

Сондай жақсы көңіл күймен, басталады бұл сабақ!

II.Өтілген материалдарды еске түсіру

1.Тұқым дегеніміз не?

2.Тамыр дегеніміз не?

3.Сабақ дегеніміз?

4. Жапырақ дегеніміз?

Рахмет балалар біз жапырақтан не күтеміз?



  • Гүл

  • Енді не күтеміз?

  • Жеміс

  1. Жаңа сабақ


Ойын: «Не? Қандай?»
Не?

Гүл


Қандай?

Әдемі


Не істейді?

Жеміс береді

Қашан?

Жазда жайқалады



Не?

Жеміс


Қандай?

Дәмді, шырынды,әртүрлі пішінді

Не істейміз?

Піскенде жинаймыз



Қашан?

Күзде


Видео материал көрсету

Оқулықпен жұмыс.

а)Мәтінді тізбектей оқытып, мағынасын ашу.



Топпен жұмыс

Балалар мәтіннен түсінгенін топтастырып жазу

1 топ: гүл

2 топ: жеміс

3 топ: шырынды жемістер

4 топ: құрғақ жемістер

Әр топтың жаубы тыңдалады

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс: Балалар сендер жемістерді екі топқа дұрыс бөлсеңдер біздің алма ағашымыз гүлдейді

Суреттегі жемістерді екі топқа бөліп жаз







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет