Досмагамбетова Жаңылсын Қабдоллақызы
Атырау қаласы Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектеп
2 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім және жалпы есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жалқы және жалпы есім туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Бірлікке, ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, ребус, сөзжұмбақ.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көркем сөз оқу, топтастыру, тірек сызба, Венн диаграммасы.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседіАл мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жалы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.
ІІ. Психологиялық тренинг
Күн жарығын алағанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейрімді.
Болып кетер сонда дереу жан- жағым ,
ІІІ. Үй тапсырмасын қайталау
Үйге берілген жаттығуға талдау жүргізу .
«Ой қозғау »( сұрақтар арқылы )
ІУ. Жаңа сабақ
Ертеде Зат есім деген сөз табының Жалқы және Жалпы есім деген ұлы болыпты. Жалқы есім өзімшіл тек қана өз атын айта беріпті. Ал Жалпы есім көпшіл жалпылама ұғымды білдіріпті. Зат есім болса екі ұлының да мінезін біліп, олармен тіл табысып екеуін де орынды жұмсай біліпті. Олар да әкелерін сыйлапты. Ендеше, біз де осы сабақта бір – бірімізді сыйлап, тыңдап Жалқы және Жалпы есім туралы білетін боламыз.
Ойын «Қалаған затыңды таңда »
(Әр бала өзіне ұнаған түске сай заттарды алып, орындарына отырады .)
У. Оқулықпен жұмыс 333- жаттығу
Мына суреттегі заттарға назар аударайық. Заттың атын жазайық.(суреттер көрсетіледі )Алма(қыз), алма (жеміс)Раушан (қыз,) раушан (гүл)
Сөздердің бірі кіші әріптен, екіншісі үлкен әріптен басталып жазылу себебі неде деп ойлайсыңдар ?
УІ. Ойын «кім зерек ?» Тақтамен жұмыс
Терме диктанты
334-жаттығу . Берілген жаңылтпаштың ішінен кісі аты мен жер аттарын теріп жаз.
Арман атай,
Аралағаны - Тарбағатай.
Арман атай атын
Тарбағатайда тағала алмай,
Айғайды салған атай.
Ережеге зер салайық !( ережені балаларға оқыту, түсіндіру , сөздерді талдау )
УІІ. Топтық жұмыс
1- Топ.: Зат есімге сөздер ойла
2- Топ : Сөздердің ішінен жалқы есімдерді тап
( Серік, ата, жайық, Әлия , ұстаз, Алату, көл, оқушы , Ақтау, жұмысшы )
УІІІ. Сергіту сәті
Шапалақтап қолыңды,
Жай - жай
Міне былай, міне былай,
Жай - жай
Шапалақтап қолыңды,
Тез - тез
Міне былай, міне былай,
Тез - тез - тез....
ІХ. Семантикалық картамен жұмыс ( топтық )
Сөздер ------ Зат есім ----- Етістік ------ Сын есім ------ Сан есім
келді
ана
бес
сұлу
алма
қырық отыр
жүз
көл
оқыды
биік
Х. Тақтамен жұмыс. Көру диктанты
Жетісу- көркем өлке. Іле- осы өлкедегі үлкен өзен .
Ол Балқыш көліне құяды . Көл жағасында Балқаш қаласы орналасқан .
Тапсырма : Жалқы есімдерді табу .
ХІ. «Еркін жазу »
ХІІ. Қорытындылау .
. Сұрақ - жауап:
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Жалпы есім дегеніміз не?
- Мысал келтіру..
«Екі жұлдыз бір тілек » ( Әр бала өз тілегін алған әсерлерін қағаз бетіне түсіру, мұғалімге тілек жазу )
ХІІІ. Үйге тапсырма .
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
Бағалау . ( Марапаттау , тәттілер үлестіру арқылы )
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Алғашқы қоңырау. Ғ. Қайырбеков.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды Ғ. Қайырбековтің «Алғашқы қоңырау» өлеңімен таныстыру және өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: Суреттер.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Интерактив.тақт. жұмыс «Жазушылар» топтамасы. Ы.Алтынсарин.(тыңдау)
Топтастыру. ұстаз
мектеп ашты жазушы
Ы. Алтынсарин
білімге шақырды «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазды
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Ғ. Қайырбековтің «Алғашқы қоңырау» өлеңімен таныстыру
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту.
Әр шумағын оқыта отырып мазмұндау.
Сергіту сәті.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Торғай даласында алғаш қоңырау соққан кім?
«Қазақтың даласына білім келді» дегенді қалай түсінесің?
Ыбырайдың ел қамын ойлағандығы қай жолдарда көрінеді?Ақын Ыбырайдың есімі ұмытылмайтындығы жөнінде не дйді?
Ыбырайдың қандай өлеңін білеміз?
Ыбырай туралы мәтін оқып беру.
Дала жұлдызы
Ыбырай Орынбордағы оқуын бітіріп, ұстаз болды. Торғай қаласына келісімен мектеп салдырды. Діншілдердің ықпалына ерген қараңғы халық алғашқы кезде балаларын оқуға бере қоймады. Сондықтан оларды оқуға тарту үшін Ыбырай ел аралауға шықты. Ыбырай Алтынсарин қазақ даласының жарық жұлдызы еді. Ол қазақ балалары үшін тұңғыш рет мектеп ашып, оқулық жазады.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Ы. Алтынсарин туралы мәлімет.Өлеңді мәнерлеп оқу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық жұмыстардың ролі мен маңызы
Досмагамбетова Жаңылсын Қабдоллақызы
Атырау қаласы
Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектеп
Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру үрдісінің өзіндік ұлттық үлгісі орнығып, жаңа мазмұндағы оқыту жүйесі қалыптасуда. Дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсаты көзделіп, әрбір ғылым саласында нақты өзгерістер енгізілуде. Мұндай түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесінің даму бағыттарын нақтылап, оны тың арнаға, жаңа сапаға қарай дамыту қажеттілігін міндеттейді. Ұстаздар үшін тың міндеттер: оқыту әдістемелерін саралап, ғылым табыстарын сын көзбен бағалау; оқушыларды болашақта жан-жақты дамыған, рухани жетілген жеке тұлға ретінде қалыптастыру және өз іс-әрекетін, кәсіби шеберлігін жаңаша қалыптастырып, жаңаша ұйымдастыруды жолға қою. Еліміздің дамыған елдермен қатар тұра алатын терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, олармен білімі мен ғылымы, мәдениеті мен технологиясы теңесуі үшін маңызды істер атқару – ел мүддесі алдындағы парыз. Сондықтан білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту бүгінгі күні білім беретін әдіскерлердің жаңа бағытта еңбектенуі мен іскерлігін талап етеді. Әсіресе, қазақ тілін оқыту барысында шығармашылық іс-әрекет пен пәрменді ойлауды дамытып, саналы деңгейге көтеру – күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелей. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да білім беру жүйесінің негізгі міндеті – баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интелектісін байыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігін ерекшелеген еді. Осы орайда мектеп қабырғасынан басталатын жеке тұлға қалыптастыру бәсекеге қабіллетті болудың қайнар көзі. «Тұлға» – адамның келешек өмірінің қалыптасу жобасының келбеті.
Адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық – психологиялық тұрғыдан келгенде «қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек» деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адам өмірінде тәрбие мәңгілік категория болса, оны ұйымдастыру, жүзеге асыру еш уақытта ескерілмейтін, қайта күн озған сайын жаңарып, әрбір кезеңнің өз талабына сай жетіліп отыратын үздіксіз үрдіс деп түсінеміз. Демек, бұл үрдісте жеке тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктеріне жете көңіл бөлу қажет екендігін ғалымдар дәлелдеп отыр. Ал қазіргі мектеп тәжірбиесінде оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлауына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді.
Осы тақырыпты негізе ала отырып бәсекеге қабілетті бала дайындай мұғалімнің басты міндеті болып отыр. Сол себепті бала жүрегіне орын алып отырған құнды мәселелерге тоқталуды жөн көріп отырмыз.
Осы тақырыпқа сай әдебиеттік оқуға сай төмендегдей негізе зерттеу жұмыстары жүргізілді.
- Ана тілін оқыту барысындағы шығармашылықтың педагогикалық негіздерін анықтау;
- Тіл білімінде шығармашылық жұмыстардың маңызын анықтау;
- Шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесінің лингвистикалық негіздеріне талдау жасау;
- Бастауыш сыныпта ана тілін оқыту барысында шығармашылық тапсырмалармен жұмыс істеудің әдістемелік жүйесін саралау;
- Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырудың дидактикалық негіздерін анықтау;
- Бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында шығармашылық жұмыстарды қолданудың технологияларын талдау;
- Бастауыш сыныпта ана тілін оқыту барысында шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырудың тәжірибелік жолын көрсету.
Ана тілі сабағында шығармашылық тапсырмаларды қолданудың технологиялары
ХХ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатыр. Жеке тұлға яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
Осы ған орай мен әдебиеттік оқу сабағынан бір тақырыпты саралай келе төмендегідей негізде жұмыстар жүргіздім. Оқулықта ұсынылған жаттығулардың бала ұғымына лайық жеңіл әрі қызықты болуына баса назар аударылады . Сондай- ақ оқушылармен шығармашылық ойлауын дамытатындай , өтіліп отырған тілдің ұғымдары өздіктерінен саналы түрде түсініп, тұжырымдай алатындай тапсырмалар ойластырылады . Басқаша айтқанда , дамыта оқыту принципін жүзеге асыруға мүмкіндік жасалады. Оқушының оқу- танымдық әрекетінің психологиялық құрлым ерекшеліктеріне байланысты шығармашылық жұмысты сабақтың екі кезеніңе лайықтап алып отырмын. Енді мативациялық – бағдарлау кезеңіде қалай тиімді пайдалануға болады. Соған қысқаша тоқталып өтейін.
Мотивациялық- бағдарлау кезеңінде :
Мақсаты
|
Жүргізілетін жұмыстар
|
Оқу міндеттері қойылып , айқындалады. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Соның ішінде оқушылардың жаңа тақырыпқа бет бұруына жағдай жасайды, жаңа тақырыпты танып- білу мотивациясын қалайды. Яғни лқушылардың осыған дейінгі алған білімдері негізінде жаңа тақырыпты меңгерту дайындығын бақылау, жаңа тақырыпты меңгертудің алғы шарттарын қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі :
|
Үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыру
|
2.Өз ойларын жинақтау
|
3.Сұрақ қою арқылы жағдаяттар туғызу
|
4.Ойлану
|
5.Меңгеруге тірек болатын проблемалық сұрақтар қою.
|
Осы әрекеттерді ұйымдастыру арқылы мұғалім жаңа сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етеді. Бұл оқушының өтейін деп отырған тақырыптың қаншалықты қызықты да, проблемалы екенін түсініп, оны тануға деген ынтасын арттыра түсері сөзсіз. Сабақтың алғашқы кезеңі оқушыны осындай өз бетімен ізденетін әрекеттерге итермелеуі керек. Енді әдебиетік оқудан өткізген бір сабаққа тоқталыпе өтейін:
Тақырыбы: Б. Момышұлы Ұшқан ұя
Мақсаты:
1.Ұшқан ұя тақырыбын оқып, Бауыржан Момышұлы жайлы түсінік беру Жеті ата туралы мағұлмат бере отырып, баланың танымдық қабылеттерін дамыту2. Сәлемдесу , бала бойына ізгілікті қалыптастыру . 3. Патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Б.Момышұлы суреті. СТО, интерактивтік тақта
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезеңі ( оқушылардың шығармашылығын арттыру )1. Фильмнен қысқаша үзінді көрсету
2. Б. Момышұлы кім болған ?
Ол қандай ерлік көрсеткен ?
Тиімділігі : Оқушының өз білетінін, өз бетінше оқығанын ортаға салады. Шығармашылық деңгейі арта түседі .
Сонымен бағдарлау – мотивациялық кезеңінде мен неге қол жеткіздім ?
Еркін сөйлеуге
Өз ойын жете айтуға
Жаңа сабақты терең түсінуге
бағдарлау – мотивациялық кезеңінде
Өз бетімен оқуға
Ойлануына
Проблемалық сұрақтарға жауап беруге
Еркін жаза білуге
Қосымша тапсырмаларды орындауына
Қорытынды
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңа дүние жасауға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылыс жасау деп айтуымызға болады. Шығармашылық жаңа, тың нәрсе ойлап табу немесе жасау деген ұғыммен қалыптасты, бұрынғы белгілі нәрселерді көшіру немесе қайталауды шығармашылық деп айтуға болмайды. Дегенмен, бұрыннан белгілі дүниелерді дамытып, жаңаландыру, ерекше қасиеттерін табу – шығармашылыққа тән құбылыс
Яғни бүгінгі таңда мұғалімдер алдына дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Оқушылар бойында «шығармашылқ әрекет тәжірибесін» қалыптастыру қажеттігі туралы 80 – жылдары И.Я.Лернер жазған болатын, қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі.
«Шығармашылық қабілет» ұғымы, А.В. Хуторскийдың пікірі бойынша, оқушының жаңа білімдік өнім алуға бағытталған әрекет барысындағы кешендік міндеттері.
Сондықтан оқушылардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қалыптасу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлде қайда маңызды да күрделі.
Оқушының шығармашылық әрекеті – оның мұғаліммен бірлесе отырып, білім үрдісіндегі материалдық және рухани мәдени объектілерін жаңаша сапалық тұрғыдан тануға, жасауға, өзгеруге бағытталған әрекетінің өнімді түрі деп түсінуге болады.
Ендеше қазіргі білімге деген көзқарас тұрғысынан оның сапасы да жаңаша қарастырылып, білім жүйесінің соңғы нәтижесі оқушының жеке пәндер бойынша алған білім, білік дағдылары емес, оларды пайдалану арқылы қалыптасып дамытылатын рухани, шығармашылық дағдылар болып табылады деген тұжырым жасауға тиіспіз.
Пайдалаған әдебиеттер :
Әдебиеттік оқу әдістемелік құралы
Бастыуыш сынып журналы
Интернет желісі
Достарыңызбен бөлісу: |