Сабақтың тақырыбы ׃ Жазғы шілде. Сабақтың мақсаты ׃



бет4/4
Дата21.07.2017
өлшемі365,87 Kb.
#21485
түріСабақ
1   2   3   4

К . . . . . . Қ . . . . . .
ІІ кезең. Операциялық – орындаушылық кезең.
Жұмбақ: Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. Қоян.

Қоян туралы не білеміз ?

Оқушылардың қоян туралы білетіндерін тыңдау.





Мәтінді мұғалімнің оқуы.

Қоян.

Қыста аңдарға жем табу қиын. Түлкі қыстыгүні қоян аулайды. Түлкіге қоянды табу қиындыққа түседі. Себебі қоян қыстыгүні аппақ «тонын» киіп алады. Ол аппақ қардан аумай қалады.Сондықтан да ол алаңсыз жайылып, бұта түбінде ұйықтай береді.


Оқушылардың тізбектеп оқуы.
Мәтін мазмұнына байланысты сұрақ-жауап.

1. Мәтінде жылдың қай мезгілі туралы айтылған ?

2. Қоян немен қоректенеді ?

3. Қоян қыста қайда ұйықтайды ?

4.Қыста ұйықтамайтын тағы қандай аңды білеміз ?

Сергіту сәті.

Қояндарым тұрыңдар,

Беті-қолды жуыңдар.

Айнаға қараңдар,

Тондарыңды тараңдар.

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей.

Жұмбақты шешіп, шешуін жаз. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды боя.


Жазда сұрғылт,

Қыста аппақ. ----------------------------------

ІІ деңгей.
Қоянға сипаттама.

Тоны --------- , құлағы ---------- , көзі ---------, өзі ---------- .



ІІІ деңгей.
Қысқа азық жинайтын аңдар : -------------------------------------------------------------

Қысқа азық жинамайтын аңдар׃------------------------------------------------------------


ІV деңгей.
Дауысты дыбыс әріптерін жатқа жазып шығыңдар.

ІІІ кезең. Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

1. Қоян қысты қалай өткізеді екен ?

2. Қоян түлкіден басқа тағы қандай аңдардан қорқады ? Неге деп ойлайсың ?

Үйге тапсырма ׃ Мәтінді оқу, мазмұнын айту. Қоян туралы өлең жаттау.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Сауат ашу. 1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

а)Ц дыбысы мен әрпін таныстыру. Ц дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сөздерді дұрыс оқып, сауатты жазуға төсілдіру.

ә) Ой-өрістерін, тіл байлықтарын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту

б) оқуға, білімге дегенқызығушылығын қалыптастыру, ұқыптылыққа баулу.



Сабақ типі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың оқыту әдісі: Көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, топтау

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, буындар, сюжетті суреттер, ойындар

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

1,2,3 – Қарлығаш боп ұш

4,5,6 – Қарлығаш боп қалқы

7,8,9,10 – Жайлап жерге қон

Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

Щ қандай дыбыс?

«Щеткалар» өлеңін оқушыларға оқыту

Актуалды кезең

Мұғалімнің «Клоунның сыры» өлеңін оқу

Өлең кім туралы? Не туралы?

Цирк туралы не білесіңдер?

Цирк, цирк жануарлары, үйретілген аңдар, сиқыршы, сайқымазақтар туралы суреттермен жұмыс.
ІІІ. Жаңа сабақ
«Цирк» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

а) Цирк сөзіне дыбыстық талдау

ә) Ц дауыссыз дыбыс

б) Жаңа буындар: це, цу, ца,ци,цю

в) Ц дыбысының артикуляциясы

Ц әрпі орыс тілінен енген сөздер мен халықаралық терминдерге тән.

г) Топтау

Центнер Циркуль Цестерна


Авиация Ц Целиндр


Цемент Цирк Цифр Цех


ІҮ. Оқулықпен жұмыс

Әліппе бағанындағы сөздерді оқу

«Цирк» мәтінін оқу
Ү Жазу дәптерімен жұмыс

Ц,ц әріптерін жазу


ҮІ Сергіту сәті

Этаж, борщ, қаһар, футбол


Ойын: «Бәйге» Вокзал. Хабар. Баян. Ою
ҮІІ Деңгейлік тапсырма
І деңгей

1. Жаңа буындар құрап жаз (ц...)



ІІ деңгей
1. Сөздерді буынға бөліп жаз. Циркуль, офицер, цемент, цестерна
2 буынды сөз--------------------------------------------

3 буынды сөз-------------------------------------------


ІІІ деңгей

Жоғалған әріпті тап: (Ц, С)


Авиа...ия, ...истерна, ...елиндр, ...итрамон, ...ағат, офи...ер, ...андық, ...ифр.
ІҮ деңгей

«Цементтің пайдасы мен зияны» пікірталас.


Сабақты бекіту:

-Қандай дыбыспен таныстық?



-Ц дыбысы қандай дыбыс?

Бағалау.

Үйге: «Цирк» мәтінін оқу. Өлеңді қайталау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет