Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмаділов «Қозыкүрең» Білімділігі:



Дата25.12.2016
өлшемі25,33 Kb.
#4833
түріСабақ
Күні: Пәні : қазақ әдебиеті Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»

Білімділігі:  «Қозыкүрең» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, білім көкжиегін кеңейту. Қазақ-қырғыз халықтары арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-қатынастың, адал көңіл-ниеттің, шынайы бауырластығы туралы әңгімелеу. Табиғат перзенті жылқы малына деген сүйіспеншілік көзқарасты ұғындыру.
Дамытушылығы:  Оқушының өз бетінше іздене білу, қорытынды, тұжырым жасаудағы машығын дамыту, ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелілігі:  Адами сезімді қастерлеу, ортақ пікір, тиянақты тұжырымдама жасауға баулу, оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік, достық, отанды сүюге, бауырластық рухында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:         білімді жүйелеу
Сабақтың әдісі:        Әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, талдау,  жинақтау,
                                     ой қозғау .
Сабақтың көрнекілігі:   Қ.Жұмаділовтың портреті, кесте-сызба, 
                                            интерактивті тақта, слайдтық көріністер
Пәнаралық байланыс:                 Тарих, бейнелеу  өнері 
  Сабақтың барысы:  
  І.   Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық   дайындық
 ІІ.   Үй тапсырмасын тексеру. (өмірі мен шығармашылығына   тоқталу)
 ІІІ.  Жаңа сабақ.І.   Қызығушылығын ояту.    Ой қозғау.
1. Қ.Жұмаділов туралы не білеміз ? 
2. Қандай шығармаларын оқыдыңдар ?

3. Мәтін жоспары.


1.    Қонаққа бару.
2.    Қонақта.
3.    Қызық әңгіме.
4.    Майданға ат апару.
5.    Қозыкүреңнің қашуға дайындығы.
6.    Қозыкүреңнің елге оралуы.
7.    Қозыкүреңді арулап көму.
8.    Сыйлық.
Әр бөлімді оқушылар мазмұндап, мәтіннен тауып оқиды. Мәтінді дәптерлеріне жазып, ұнаған бөлімге «+» белгісін қояды.
Түсініктеме күнделігін толтырады 
Әңгіме аты (бөлімі)    Әсер еткен тұсы    Үзінді жайлы өз пікірің

 Мәтінді талдау


1.    Повестен алынған үзіндіні не себепті «Қозыкүрең» деп атаған ?
2.    Шығарманы оқи отырып, қай кейіпкердің іс-әрекетіне сүйсіндіңдер ?
3.    Қазақ пен қырғыз халқының достығы, ортақ салт дәстүрі туралы не білесіңдер ? (Мәтіннен Ержанның ойларын тауып оқу).
4.    Қозыкүреңнің елге қашатынын Саяқбай қайдан білді ?
5.    Қозыкүрең елге оралғанда Саяқбай неге жылады ?
6.    Төреқұл досы Ағыбайға «Қоянкөк» дөненді сыйға тартуы, оны Ағыбайдың  қабылдап тұрып «Берген жомарт емес, алған жомарт» деуі неліктен ?
7.    Параллелизм дегеніміз не ?
ІІ.    Мағынаны тану.  Топтық жұмыс
1 топ.  Кейіпкерлерін ата?
2 топ.   Әңгімедегі  Саяқбай жылқышы қандай адам?
3 топ.   Ағыбайға Төреқұлдық сыйы.  Екі достың диалогін оқу.

«Кім көп біледі» ойыны.


Жылқыға байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
1.    Жылқы – малдың патшасы,
2.    Түйе – малдың қасқасы.
3.    Жүйрік атқа жел қамшы.
4.    Жүйрік ат – бірде ат, бірде қанат.
5.    Жылқылы елде жау көп,
6.    Жатақ елде дау көп.
7.    Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды.
Семантикалық карта.
№    Үзінді    Саяқбай    Төреқұл    Ағыбай

6    -    Пәлі, мына қазақтарды қарай гөр!

-    Бұлар менің жиендерім....

-    Жігіттер, мен бірдеңе білсем, сендер осы қозыкүреңнен айырыласыңдар,-деді.

-    Жануарым – ай, аман-есен келген екенсің ғой! Айшылық жолды алты аттап, Алатауыңа жеткен екенсің- ау!....

-    «Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын...»

-    Мынауың баға жетпес сый болды – ау, Төреқұл! 
  ІІІ.  Ой толғаныс.  Сөздікпен жұмыс (кесте бойынша)
1.    Ақалтеке –
2.    Бесті – 
3.    Қу мүйіз – 
4.    Өрелеу -   

 Түркімендік жүйрік жылқы тұқымы


Бес жастағы жылқы
Көп нәрсені бастан кешірген, ысылған, төселген.
Аттың алдыңғы аяқтары мен арты бір аяғын шалып байлау, өре (шідер) салу.

Шығармашылық тапсырма.


1.    «Менің тұлпарым», «Туған жерге келе жатқан Қозыкүрең» тақырыбында сурет салу, сурет бойынша әңгімелеу.
Қорытынды.
Үйге тапсырма:
«Туған жерді сағындың ба, Қозыкүрең ?»   әңгіме желісі бойынша ертегі жазу.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет