- Қазақ алфавитінде неше әріп бар? Неше дыбыс және таңба бар?
- Дыбыс деген не?
- Әріп деген не?
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды ата. 15
- Дауыссыз дыбыстарды ата. 25
- Олардың айырмашылығы кандай?
- Дауысты дыбыстар туралы не білеміз?
- Олар нешеге бөлінеді? Ережені еске түсір.
- «Кыс» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
ІІ.Операционалдық- орындаушылық кезең.
3.Жаңа сабақ . Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ шешу.
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғарылап кетеді. \ тиін\
Ой қозғау.
Тиін туралы өздерің не білесіңдер ?
Қосымша мәлімет:Тиіндер (лат. Sciurus) — тиінтәрізділер тұқымдасының бір туысы. Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Американың ормандарын мекендейтін 40-тан астам түрі белгілі. Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік аймақтарында, Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының қарағайлы ормандарын мекендейтін 1 түрі – кәдімгі тиін (Sciurus vulgaris) бар. Оның тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсі ақшыл сұр не жирен, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін). Құлағында шашағы болады. Ұясын ағаш басына кейде кеуегіне не жартас жарығына салады. Тиін – тұрғылықты аң, бірақ қорегі (шырша, т.б. қылқан жапырақты ағаштардың тұқымы) тапшы болса, кейбір жылдары жаппай қоныс аударуы мүмкін. Қысқа қарай қор жинайды. Жылына 2 рет (әр жолы 3 – 10) балалайды. Тиіндер терісі үшін ауланады.[1]
Достарыңызбен бөлісу: |