Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік» сайысы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың биология пәнінен білімдерін
тереңдету.
2. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау, ойын
жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
3. Тірі организмдерді қорғауға, табиғатты сүйе
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сыныптан тыс іс-шара
Пәнаралық байланыс: ағылшын, тарих, математика, орыс , қазақ тілдері.
Қолданылатын көрнекіліктер: Электронды оқулық, интерактивті тақта, бейне роликтер, көкөністер мен жемістер, жанды бейне роликтер,
Сабақтың жоспары: І тур: «Кім жылдам» Блиц сұрақтар
ІІ ТУР: «Сиқырлы ұяшықтар» Жанды сұрақтар, бейне роликтер
ІІІ тур: «Ойлайық та ойнайық» сергіту сәті. Образға ену
ІV. «Сәйкесін тап» қиылған суреттерді жинау (мозайка құрастыру)
V. «Көрермен көрімдігі» Қызықты сұрақтар
VІ. «Құпия сандық». Сандық ішіндегі затты тауып, атын з тілде
интерактивті тақтада жазу (қазақша, орысша және ағылшынша)
VІІ. Қорытынды. Марапаттау рәсімі.
Сабақтың барысы: Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Ғажайып биология» атты 6,7- сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Көңілді тапқыштар, білімділер, бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер, бүгінгі күн жеңімпазы болады.
деп білімдік сайысқа белсене,құлшына араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін: 6 сыныбы – «Табиғат дүниесі » тобы
7 сыныбы – « Жас биологтар » тобы Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстыру
Тапқыр,білгір,дарынды, Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен, Ортаға сал барыңды- деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.
«Кім жылдам
І тур сұрақтары: І топ
1 1-ші ұшып келетін жыл құсы (қараторғай)
2. Құйрығы айыр құс (қарлығаш)
3. Гүлдің негізгі көбею мүшесі (аталық пен аналық)
4. Өсімдіктің жер асты мүшесі (тамыр)
5. Киелі құс (Аққу, үкі)
6. Ең биік ағаш (ротанг пальмасы)
7. Ең үлкен маймыл (горилла)
8. Ең ұзақ жасйтын өсімдік (секвойя)
9. Хат тасушы құс (көгершін)
10. Өсімдіктің вегетативті мүшелері (тамыр, сабақ, жапырақ)
І тур сұрақтары: ІІ топ
Өсімдіктің генеративті мүшелері ( гүл)
Ең кішкентай құс ( колибри)
Ең үлкен сүтқоректі (кит)
Әсемдік үшін өсірілетін үй құсы (тоты құс)
Қорқақ жануар (қоян)
Күн гүлі (күнбағыс)
Хат тасушы құс (көгершін)
Ең жылдам жүгіретін аң (гепард)
Алғаш рет жасушаны ашқан ғалым (Р. Гук)
Аң патшасы (арыстан)
ІІ тур: «Сиқырлы ұяшықтар»
10 балл- 10 жылдық ағаштың жылдық сақинасы қанша болады? 10
10 балл- Бұл өсімдікті ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда өсірген. Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан. 200 жылдан кейін ғана шаруалар өздерінің бақшаларына егіп азық ретінде пайдалана бастаған. Бұл өсімдікті Ресейге ең алғашқы рет І Петр әкелген. Қандай өсімдік туралы айтылуда.
Картоп
10 балл- Бұл өсімдік “1000 аурудың емі” деп саналады. Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген.Халқымыз “пәле жаладан сақтасын” деп үйді осы өсімдіктің түтінімен аластайды, көз тимесін деп іліп қояды.
Адыраспан 20 балл- бейне сұрақ. Жауабы: Балықтардың тыныс алуы
20 балл- бейне сұрақ. Жауабы: құстардың құйрығында құйымшақ безі май бөледі. Сол себепті денелері су болмайды.
20 балл –Жанды сұрақ: Көп жылдық, шырынды, шатттауығы бар өсімдік. Шарап, тосап және шырын жасауда пайдаланады. Жауабы: жүзім
30 балл – Жанды сұрақ: Қызыл кітапқа енген, БҚО мекендейді. Уылдырық шашу үшін Каспий теңізіне барады. Салмағы 80-100 кг, ұзындығы 2 м жетеді. Ол қандай балық? Жауабы: Бекіре
30 балл – Тосын сый 30 ұпай
30 балл- Тосын сый 30 ұпай
ІІІ тур: «Ойлайық та ойнайық» «Образға ену» 20 ұпай (сергіту сәті)
1. Көктеп шығып,гүл жарған раушан гүлдің бейнесін салыңыз
2. Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болыңыз
3. Гүлдеп шығып солып қалған гүл
4. Гүлден гүлге қонған көбелек бейнесі
5. Бір-біріне ысылдасқан екі жылан болыңыз
6. Ұшып келіп,ағашқа отырып,елді оятқан қораз бейнесін сомдаңыз
ІV тур: «Сәйкесін тап» Қиылған сурет бейнелерін (мозайка) құрастыру.
V тур. Көрермендер көрімдігі
1. Ерте кезде көп қолды бастаған Қалше қыдыр дейтін батыр қолбасшы болады.Ол бір жолғы жорығында сәтсіздікке тап болып,бастаған қалың қолы қырылып бітеді.Өзі жау қолынан жараланып,елсіз иен шөлде жығылып, жалғыз қалады. Шөлден әбден қақырығы түтеп,өлуге айналады. Осы сәтте көк аспаннан бір “құс” ұшып келіп,аузына су тамызып, оны өлімнен құтқарған. Бұл қандай құс? Жауабы: Аққу
2. Ертеде ағайынды үшеу: Күн,Ай және бір “құс” аспанда тұрыпты.Бірде үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде,үйде Ай мен бір “құс” қалыпты.Ай барып тұрған сотқанақ екен.Жаңағы “құсқа” тыным бермей, ақыры тәжінен ұстап алып,жерге тастап жіберіпті. Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті. Ойланып отырып, былай депті:”Менің байқауымша сенің ешкіммен де сыйысып, тыныш отыра алатын түрің жоқ екен. Қайтып енді көрмейін! Бұдан былай аспанда күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде шығасың”. Содан бері әлгі бір “құс” қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: “Қайырлы таң, мейірімді аға !” – деп шақыратын болыпты. Ал Күн батып, Ай көріне бастаған кезде әлгі бір “құс” үйшігіне тезірек кіріп алуға асығады екен. Бұл қандай құс? Жауабы: Қораз
VI тур. «Құпия сандық»
30 ұпай. Көлден ұшты жеті қаз, қонды кайтып екі қаз.
Қонбады оның шешеуі, қане кім тез шешеді?
Жауабы: Бес
30 ұпай. Затты ұлғайтып көрсететін құрал? Жауабы: Микроскоп,
30 ұпай. Папортник өсімдігінің шірінділерінен алынатын зат? Жауабы: Көмір
30 ұпай. Қызыл, жасыл, сары
Күзде пісіп ағаштан құлады
Жауабы: Алма
Әділ – қазылар ұпай сандарын есептегенше ортаға «Саржайлау» әнімен Қамзағалиева Маржанды шақырамыз.
Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,
Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған —деп әділ-алқазыларға сөз кезегін ұсынамыз.
Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Ғажайып биология» сайысы өз мәресіне жетті.
Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіремін.
Қош сау болыңыздар!
Назарларыңызға рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |