Сабақтың тақырыбы : Күй дәстүрінің шежіресі Қали Жантілеуов Сабақтың мақсаты : Ақынның өмірі, шығармалары туралы ұғыну



Дата13.02.2017
өлшемі0,74 Mb.
#9311
түріСабақ
4- сынып

Тоқсандық тақырыбы: Ұлы ұстаздар көші
Сабақтың тақырыбы: Күй дәстүрінің шежіресі Қали Жантілеуов
Сабақтың мақсаты: Ақынның өмірі, шығармалары туралы ұғыну
Білімділік мәні : Күйшінің өмірімен таныстыру
Дамытушылығы: Өнерлі болуға, жан- жақты болуға үйрету.
Тәрбиелік мәні :Ұлттық өнерді дәріптеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.
Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі



Жаңа сабақты түсіндіру
Қорытындылау
Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:


Қали Жантілеуов 1902 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында туған.Қалидың алғашқы ұстаздары Мәмен, Тоғайбай, Жұматай. Ол кішкентай кезінен бастап музыкаға әуес болды. Еңбегі бағаланып, Қазақстанның халық артисі атағы , «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Ол Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Түркештің,Динаның т.б күйшілердің 60- тан асқан күйлерін тартқан.
Қорытындылау:

1.Қали Жантілеуов кім?

2.Қалидың алғашқы ұстазы кім?

3 Қандай марапаттарға ие ?

Үйге тапсырма.

Бағалау.
Құрманғазының көптеген шәкірттері болды. Олардың ішінде ең атақтылары Дина мен Мамен еді. XX-ғасырдың басында қазіргі Орал облысында оларға тең келетін күйші жоқ болатын. Дина мен

Мәмен жәрменкеде кездесіп, күй тартысады. Бұлтартысты көруге бала Қали да барады. Екі ұлыкүйшінің тартысы Қалиды таң қалдырады. Есейе келеҚали Құрманғазының атақты шәкірті Мәменді іздепбарады. Қасына ертіп жүріп Құрманғазының көптегенкүйлерін үйренеді.Құрманғазы атындағы оркестр құрылған кезде,республиканың әр жерінен Алматыға ең мықты

домбырашылар шақыртылады.

Сөйтіп, Батыс өңірінің күйшілік дәстүрін жалғастырушы ҚалиЖантілеуов 1932 жылы Құрманғазының көптеген күйлерін Алматыға алып келеді. Құрманғазының шоқтығы биік «Адай», «Ақбай», «Серпер» сияқты күйлері Қали ағамыздың орындауынан Құрманғазы оркестрінің репертуарына енгізіледі.

Қали өзінің соңына көптеген шәкірттерін тәрбиелеген ұлы ұстаз. Қалидың шәкірттері Қаршыға Ахмедияров, Шәміл Әбілтаев, Тұяқ Шамелов, Абдулхамит Райымбергенов, Айтжан Тоқтағанов сынды елімізге танымал орындаушылар күй дәстүрін бүгінгі ұрпаққа үйретіп жалғастырып келеді.Қазақ халқының әндері мен күйлері ұлы орындаушылардың соңынан ерген шәкірттері арқылы

сақталып жеткен.

Күйдің әңгіме желісіне құлақ түрелік:

Құрманғазының «Адай» күйі жайлы Қали ақсақал былай деп баяндайды: «Бірде Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір адайдың үйіне түседі. Үй ішінде шал мен кемпір болады. Құрманғазы аты-жөнін айтпай, құдайы қонақ едім деп сыпайы ғана отыра береді. Бір кезде Құрманғазының көзі керегенің басында ілулі тұрған үкілі домбыраға түседі. Құрманғазы домбыраның үкісіне қарап, оның иесі қыз екенін біледі. Бір уақытта үйге 17 жасар қыз кіреді.

Қыздың аты Ақмаңдай екен. Ол үйге келісімен отырған қонаққа қарамай, бірден керегенің басындағыдомбырасын алып, бір күй тартады. Күйді аяғынадейін тыңдаған Құрманғазы, қызға қарап: «Шырағым,күйдің нашарын тарттың ғой. Домбыраңды бері

әкелші», - дейді. Құрманғазының бұл сөзіне кемпір

мен шал аң-таң болады. Сонда шал: «Бұл өңірде Ақмаңдайдың домбыра тартысына ешкім бір ауыз сөз айтып көрген жоқ еді ғой», - дейді. Қыз домбырасын қонағына береді. Құрманғазы қолына домбырасын алып, жаңа бір күйді тартып жібереді. Күй аяқталған соң үй иесі Құрманғазыға күлімдей қарап: «Шырағым, күй тартысың тым бөлек екен. Атақты Құрманғазының өзі емессің бе? Өзін көрмесек те атағын көп естуші едік», - дейді. Сонда Құрманғазы: «Болсақ болармыз», - деген екен. Сондағы

Құрманғазының Ақмаңдай деген адайдың қызына

арнап тартқан күйі ел арасына «Адай» деген атпен таралып кетеді. Қазақстанға ең танымал Құрманғазының

«Адай» күйі Қали ақсақалдың орындауында бізгедейін жетті!
Күй тыңдау!

Құрманғазының «Адай» күйі қазаққа ең танымал

күйлердің бірі. Бұл күйді халық аспаптар оркестірі

мен көптеген фольклорлық ансамбльдердің

орындауында тыңдай аламыз. Әсіресе күйдің құдіреті

халық аспаптар оркестірінің орындауында тіпті ашыла

түскендей болды. Құрманғазы атындағы халық

аспаптар оркестрі «Адай» күйін әлемнің көп

мемлекеттерінде орындап келеді. Атап айтар болсақ

Италия, Франция, Жапония, Америка т.б.

мемлекеттерде Құрманғазының «Адай», «Сарыарқа»

сынды күйлерімен әлем халықтарын таңдандырып

келеді.

Көптеген музыканттар түрлі музыкалық сайыстарда

«Адай» күйін арнайы таңдап алып тартып жатады. Бұл

күй өзінің екпінді шабытымен барлығын жеңіске де

жеткізіп жатады. Анатолий Гайсин «Адай» күйін баян

аспабында орындап халықаралық сайыста жеңіске

жетеді. Ал «Ұлытау» тобы болса Американың

Голливуд қаласында өткен дүние жүзілік сайыста

«Адай» күйін орындап бас жүлдені жеңіп алады.

«Ұлытау» тобы
Электрондық оқулықтағы тапсырмалар.
1. Нота сауаттылығының құпиясы

2. Тест (Өзімізді тексерейік)

Үйге тапсырма. Ән үйрену: «Әгугай домбыра» жаттап келу.
Сұрақтар:

Қалидің ұстаздары кім болды?

Қали Жантілеуов кімнің күйлерін жеткізді?

Қали ақсақал Құрманғазының «Адай» күйі жайлы



не деп баяндайды?

Тартыс дегенді қалай түсінесің?


Сабақты

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ақпараттандыру орталығы ұсынған электрондық оқулықпен өткізіп пайдаландым.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет