Сабақтың тақырыбы : Күкірт қышқылы Сабақтың мақсаты: а оқушыларға күкірт қышқылы және оның қасиеттері туралы білімін



Дата26.08.2017
өлшемі188,39 Kb.
#28574
түріСабақ
Джалгасбекова Рауабану Алижановна

биология-химия пәнінің мұғалімі

«Райымбек батыр атындағы орта мектебі» КММ

Кербұлақ ауданы


Сабақтың тақырыбы: Күкірт қышқылы

Сабақтың мақсаты: а)оқушыларға күкірт қышқылы және оның қасиеттері туралы білімін

бекіту, қорытындылау және тереңдету.

б) оқушыладың іскерлігін, өз бетімен ізденуін, ой-өрісін, шығармашылық

мүмкіндігін дамыту.

в) оқушыларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға, табиғатқа

жауапкершілікпен қарауға баулу, экологиялық тәрбие беру.



Сабақтың көрнекілігі: презентация

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс (сот сабақ)

Сабақтың әдісі: рольдік ойындар, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Сабақтың мақсатын хабарлау.

«Сен білесің бе?»



Оқушы-1: «Тұтқиылдан келген аурудың себебі неде?»

Азияны жаулауда даңқы шыққан Александр Македонский армиясы Инда өзенінің жағасында сәтсіздікке ұшырайды. Армияны іш ауруы әлсіретіп жібереді. Ауру қалжыратқан солдаттар соғыстан бас тартады. Жорықтың ауыр салмағын бірге бөліскен әскер басшыларынан гөрі қатардағы жауынгерлер жиі ауыратын болады. Мұның себебі екі – үш ғасыр өткеннен кейін ғана анықталады.Әскер басшыларының су құйып жүретін сауыты күмістен, солдаттардікі қалайыдан жасалған болса керек. Күміс сауыт ішіндегі суға аздап еріп, ішек ауруы қоздыратын бактерияларды өлтіеді екен, оның үстіне күміс ыдыстардағы су ұзақ уақыт бұзылмайтыны белгілі.



Оқушы-2: «Шайтан оты»

Фосфордың табиғаттағы айналымынан туындаған әртүрлі халықта «сиқырлы от», қазақта «шайтан от» дейтін аңыз бар. Мұндай от көбінесе, жаздың ыстық күндерінде зираттан шығып жатады. Бұл оттар шірінді батпақта, зират үстінде, органикалық заттардың ауа жоқ жерде шіруінен пайда болады. Бұл кезде органикалық заттардың құрамына кіретін металдар – көміртек, азот, күкірт және фосфордың біраз бөлігі сутекті қосылыстар түзеді: метан, күкірсутек, аммиак және фосфин. Фосфиннің ерекшілігі – ол ауамен жанасқанда өздігінен тұтанып кетеді. Шіруден бөлініп шығатын газдардың қоспасында фосфин көбірек кездескенде «сиқырлы от» пайда болады. Кейбіреулері оны марқұмның қабірінен шығып жатқан «жаны» деп ойлайды. Фосфин – сарымсақ иісті, күшті әсер ететін улы газ.


Оқушы-3: Алтын жүзігіңіздің қасиетін білесіз бе?»

Көзіңізге теріскен шықты. Алтын жүзігіңізді теріскен шыққан көзіңізге жиі-жиі басып отыру керек. Өйткені, бағалы металл құрамындағы иондар көздің айналасын қабындырған бактерияны жойып жібереді.


Оқушы-4: «Формальдегид үйдегі зиянын оның алдын алу жолдарын» сіз білесіз бе?

Осы заманғы құрылыс материалдарынан үздіксіз бөлінетін зат – формальдегид. Міне зерттеушілер ауаға тарайтын осынау зиянды затты шайдың босаған пакеттері мен шайдың самасының тез сіңіре алатынын анықтап отыр. Ендеше, шайдың босаған пакеттері мен шайдың самасын тиімді пайдаланайық!



Оқушы-5: «Кірпіге алма не үшін керек?»

Кірпілердің тікеніне көп мөлшерде әртүрлі шөп, ағаш жапырақтары қадалады да, оларға қонған улы насекомдардың шағуынана денесі дуылдап қышиды.

Сондықтан үй кірпілері, орман – тоғай кірпілері бау – бақша ішінде төгіліп жатқан алмаларды тікендеріне жапсырып, қорғану амалын жасайды.

Алманың қышқылы насекомдарды өлтірі, жаны жай табады, міне кірпілер соны біледі. Міне, табиғат таңғажайыбы!


Оқушы-6: «Қышқыл жаңбыр» туралы сіз білесіз бе?

Қазіргі күнгі экологиялық проблемалардың бірі – қышқыл жаңбырлар. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары – SO2 және NO атмосфераға еніп, ондағ ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдарын түзеді. Нәтижесінде жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданадыә әдетте PH мәні 5,6-ға тең төмен жауын – шашынды қышқыл жаңбыр дейміз. Ал қышқылды жаңбырдың денсаулыққа әсеріне келсек, зиянды.


Оқушы-1: Олай болса 9 – сынып оқушыларының күкірт қышқылының сотын тамашалаңыздар.

Соттың жүруі.

Хатшы: сот келе жатыр, орындарыңыздан тұрыңыздар!

Сот төрағасы: -айыпкерді алып келіңіздер!

Хатшы: -айыпкер әкелінсін! ( екі сақшы айыпкер Күкірт қышқылын әкеледі)

Сот төрағасы: -Химия қаласындағы Қышқылдар ауданының сот отырысын бастаймыз. Өсімдіктер ауданының тұрғыны Қайың Қосжапырақова азаматшадан Химия қаласының Қышқылдар ауданының тұрғыны Күкірт қышқылына арыз келіп түсті. Хатшы арызд оқыңыз.

Хатшы: -Химия қаласының Қышқылдар ауданының сотына Өсімдіктер ауданының тұрғыгыны Қосжапырақова қайыңнан

АРЫЗ

Менің арыз берген себебім – 16 шілде, 2013 жылы Күкірт қышықлы жаңбырмен ілесіп келіп, сарғайтты. Күкірт қышқылына әділ жазасын беруәңізді сұраймын

Сот төрағасы: - Сөз жәбірденуші Қайың Қосжапырақова беріледі.

Хатшы: - Жәбірленуші Қайың Қосжапырақова шақырылады. (Үстіне сры жапырақтар жапсырылған киімі бар өқушы шығады)

Қайың: - Мен «Табиғат қорғау» Заңына сүйеніп, тек шындықты айтуға ант беремін. Арызда жазғандарымды растаймын. Мені осындай күйге түсірген Күкірт қышқылының тиісті жасасын алуын сұраймын.

Сот төрағасы: - Айыпкер Күкірт қышқыл! Сіз өзіңіздің қылмысыңызды мойындайсыз ба?

Айыпкер Күкірт қышқылы: - Жоқ мойындамаймын.

Сот төрағасы: - Олай болса, куәгер шақырылсын!

Хатшы: - Куәгер Темір Металұлы шақырылады.

Куәгер Темір Металұлы:

- Мен, Темір Металұлы «Табиғат қорғау» Заңына сүйене отырып, Табиғат – Ана атынан шындықты, тек шындықты айтуға ант беремін. Мен Менделеев облысының төртінші көшесінің № 26 пәтерде тұрамын. Күкірт қышқылының Қайың Қосжапырақованың денсаулығына зиян келтіргенін өз көзіммен көрдім. 16 – шілдеде серуендеп жүргенмін, жаңбырмен ілесіп келген Күкірт қышқыл Қайыңның жапырақтарын сарғайтып, менімен де реакцияға түсе бастады.

Fe + H2SO4 = FeSO4 = H2

Күкірт қышқылы менің басқа ағайындарыма да өте қауіпті. Сондықтан Күкірт қышқылын шыға алмайтындай қамауларыңызды сұраймын.



Хатшы: - Куәгер Мрамор Карбонатұлы шақырылады.


Куәгер Мрамор Карбонатұлы:

-Мен, Мрамор Карбонатұлы «Табиғат қорғау» Заңына сүйене отырып, Табиғат – Ана атынан шындықты, тек шындықты айтуға ант беремін. Менің атқаратын қызметім, негізінен құрылысшымын. Күкірт қышқылы 16 – шілде күні Қайың Қосжапырақованың жапырақтарын күйдіріп, сарғайтты және менімен де байланысып, төбелесті. Егер қашып құтылмасам, неге айналарымды өздеріңіз де білесіздер.

СaCO3 + H2SO4 = CaSO4 + H2O + CO2

Күкірт қышылы Тұздар ауданының көптеген тұрғындарына қауіп туғызып отыр.



Хатшы: - Куәгер Су шақырылады.

Су:

-Мен «Табиғат қорғау» Заңына сүйене отырып, Табиғат – Ана атынан шындықты, тек шындықты айтуға ант беремін. Сол күні мына отырған Күкірт қышқылы мені жұрт алдында ұятқа қалдырды. Жәбірленушілердің барлығы ККүкірт қышқылын мен әдейі ертіп әкелгендей көреді. Менің Күкірт қышқылымен достығым жоқ, біз кездесе салсақ болды менің ыстығым көтеріліп, ауырып қаламын. Себебі Күкірт қышқылы менімен де әрекеттесіп, мені өзіне қосып алады.

H2SO4 + H2O = H2SO4• H2O H2SO4 + H2O = H2SO4• 2H2O

- Куәгерлерді тыңдадық , енді химик – сараптаушыны тыңдайық.



Хатшы: Химик – сараптаушыға сөз беріледі.

Химик – сараптаушы:

- Мен «Табиғат қорғау» Заңына сүйене отырып, Табиғат – Ана атынан шындықты, тек

шындықты айтуға ант беремін. Соттың тапсырмасы бойынша бұл жағдайды тексеріп, төмендегідей қорытындыға келдім. Өздеріңіз білесіздер біздің өнеркәсіпте мырыш, мыс, уран, бериллий, қорғасын, тантал, титан өндіріледі. Ал мырыш алу үшін мырыш сульфидін өртейді:

3ZnS + O2 = 2S02↑ + 2ZnO

Түзілген күкірт (IV) оксиді атмосфераға түтінмен бірге шығып келіп, ауадағы оттегімен әрекеттесіп, күкірт (VI)оксидін түзген.

2SO2 + H2O = 2SO3 + Q

Күкірттің (VI)оксиді жаңбыр суымен реакцияға түсіп, нәтижесінде күкірт қышқылы түзілген.

2SO3 + H2O = H2SO4 + Q

Міне, Күкірт қышқылының 16 – шілде күнгі жаңбыр суының құрамында болу себебі осындай.



Сот төрағасы: Сөз айыптаушыға беріледі.

Хатшы: - Айыптаушы шақырылады.

Айыптаушы: - Мен «Табиғат қорғау» Заңына сүйене отырып, Табиғат – Ана атынан шындықты, тек шындықты айтуға ант беремін. Күкірт қышқылының қандай зиян келтіргенін өздеріңіз де естіп отырсыздар. Бірақ Күкірт қышқылының зияндылығы толық айтылмады. Күкірт қышқылы органикалық заттардың бардығын күйдіріп, олардың құрамындағы суды өз бойына сіңіріп алады. Концентрлі күкірт қышқылының активтілігі төмен асыл металл – күмісті де бүлдіреді.

2Ag + 2H2SO4 = Ag2SO4 + SO2↑ + 2H2O



Сот төрағасы: Куәгерлер мен айыптаушыларды тыңдадық, сөз айыпкер Күкірт қышқылын ортаға шақырылады.

Күкірт қышқылы: - Мен «Табиғат қорғау» Заңына сүйене отырып, Табиғат – Ана атынан шындықты, тек шындықты айтуға ант беремін. Мен өзімнің кінәмді мойындаймын. Егер мені сыртқа шығармайтындай зауыттарда тиімді пайдаланып жатса, менің де ешкімге зияным тимес еді. Мен бәрінен кешірім сұраймын. Айып менен.

Сот төрағасы: Бәрінің мәлімдемесін тыңдағаннан кейін, Күкірт қышқылына төмендегідей шешім қабылданды Күкірт қышқылы өмірінің соңына дейін лабораторияларда, өнеркәсіптерде белсене қоғамдық жұмыс атқарысын деген шешім қабылданды.

Хатшы: - сот отырысы аяқталды.

Оқушы: -Бір адамның ағзасында 3,5 кг минералды заттар болады екен, ол салмақтың 5% - ін құрайды. Адам ағзасында Д.И.Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі бары шындық. Олар макроэлементтер мен микроэлементтер.

Оқушы: Ия, ендеше элементтер айтысын тамашалайық.

Автор:

Бір күні бар элемент жиналды,

Кімнің бірінші маңызды екеніне

Жабылып жауап таппай қиналды.

Алғашқы боп сөз алған сутегі.

Сутегі:

«Кестеде бірінші тұрған кім?

Тегін тұрмағанымды біл,

Отын да болам, ауа шары да,

Ұшқың келсе мін,

Түссізбін, иіссізбін, жылуды өткіземін,

Қаласам бомба боп та жарамын.



Автор: Деп күш көрсетті.

Беріспейтін сұс көрсетті.



Оттегі: «жақындасам жанып, су боларың анық»

Автор: «Деп оттегі шырт етті.

Оттегі:

«Шамаңды білмейсің неғып?!

Мен болмасам тұншығып,

Қараң болар тіршілік

Мен бар жерде мәз емес пе бәрі де

Отыны жанып, күл шығып

Жалғыз сен дейсің бе, мен де

Иіссізбін, түссізбін, бірақ сенен де салмақтымын.

Автор: Екеуін тыңдап, күліп қойды көміртек

Көміртек:

«Газдарсың – ау жеңілтек

Мен алмаз, гауһар емеспін бе?

Ұялмай маған теңестің бе?

Мен десең түссізбін, сұрмын, қарамын,

Үйді жылытамын, болатты балқытамын.

Автор: «Деп бастап елді көміртек»

Темір:

«Не деп тұрсың көпіріп,

Бірінші екенің өтірік,

Менсіз техника болмайды

Менсіз отын да қозғалмайды.

Менсіз ғарышта бағынбайды

Айға да ешкім қонбайды!



Автор:

«Деп темір тақ етті,

Балға төске сақ етті,

Темірдің сөзі мысты қызартты,

Айтысты одан әрі ұзартты.




Мыс:

«Әй, тентегім, темірім,

Жоқ – ау сенің негізің,

Мен болмасам тоқ та келмес,

Моторыңа жан енбес.

Телевизор, телефоның үндемес,

Сен қарасың, мен түстімін,

Демек мен сенен күштімін.

Алтын:

«Қойыңдар талас-тартысты, -

Екеуің де топырақ пен суда

Үгітіліп ұнтақ боп қаласың,

Мысым сен әлі баласың,

Теміржан сен қарасың.

Миллион жыл жатсам да су астында.

Өзгермеймін, өмірі таттанбаймын

Ретсіз сірә мақтанбаймын

Ақша менімен өлшенеді.

Алтыны көп ел көркейеді.

Жер жүзінде банктерде жатырмын

Алтынмын мен, сондықтан да батылмын!



Автор: «улы сәулесін шашып,

Уран сөйледі тасып!



Уран:

«Сен бе алтынмақтанған,

Өзгермеймін деп шаттанған,

Немене, сонша кергисің,

Патша арағында ерисің.

Құмырсқа құрлы шамаларың жоқ

О дүниеден хабарларың жоқ

Бос сөз айтып бөсесіңдңр

Ретсіз көкисіңдер

Ашуға мінсем шындап,

Қыр-ыр-рамын мыңдап,

Автор: деп тастады, бірақ ешкім одан қорқып саспады

Колбасы бар қолында, химик сөзді бастады.

Бір пәлен сөзді ме, талас тоқтап,

Ешкімде жақ ашпады.



Химик:

«Ал, элементтерім!

Бос таласты қойыңдар,

Қысқасы бәрінің де өз онның бар.



Дүние түгіл сендерден құралады

Автор: Элементтер жым болды

Химктің айтқаны шын болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет