Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Нуржанова З. Күні: 28.11.14
Сабақтың тақырыбы : «Л л дыбысы мен әрпі»
Сабақтың түрі: ашык сабақ
Пәні: сауат ашу
Сыныбы: мектепалды даярлық
Білім беру саласы: «қатынас»
Бөлімі: сауат ашу
Тақырыбы: « Л л дыбысы мен әрпі»
Мақсаты:
Л л дыбысы мен әрпінің баспа түрімен таныстыру.
Л л дыбысы бар сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасауға дағдыландыру.
Ұқыптылыққа мейірімділікке тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: лашын
Билингвалды компоненттер: лашын - сокол
Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер.
Инклюзивтік әлеумет: баяу балалармен жұмыс жүргізу.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық - қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге.
Ризамыз, ризамыз, ризамыз бүгінге,
Ризамыз, ризамыз, ризамыз қазірге
|
-Бәрі бірге қайталайды
|
Ізденіс - ұйымдастырушы
|
- Балалар, бүгін Жұмбақбай ата қонаққа келіпті. Ол кісі бізге бірнеше тапсырма әкеліпті. Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Л неліктен дауыссыз?
-Л әрпі бар сөздеді тауып айтыңдар.
|
-Лақ. Лақ – бір буын, л,қ –дауссыз, а – дауысты
-Кедергімен айтылады.
-Лақ, лашын, піл, тіл, күлкі, түлкі-буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды.
|
|
Тақпақ жаттау:
Жал-жулт етіп бұлақ,
Жағалайсың бұлақ.
Секірем деп бірақ.
Қала көрме құлап.
|
-Бәрі бірге жаттайды
|
|
Сөздікпен жұмыс:
ЛАШЫН
САПСАН
СОКОЛ
PEREGRINE
|
-Балалар тыңдайды.
|
|
Дәптермен жұмыс
-«Әліппе» және «Балапан» дәптеріне Л л әрпінің үлкен және кіші баспа түрін жаздыру
|
-Балалар дәптермен жұмыс жасайды.
|
|
Дидактикалық ойын «Ойлан тап»
-Л дыбысы бар сөз ойлап табу
-Лимон, балық, халық, Арал, бал, қала. Буынға бөлгізіп, дыбыстық талдау жасату.
-Мақал: «Білім-жарық күнің». Білім сөзіне дыбыстық талдау жасату.
|
-Балалар сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.
|
|
.Сергіту сәті
Балға аю бара ма ?
Балда ара бар ма ?
Балда болса ара,
Балға аю барма!
|
-Балалар қимылмен көрсетеді
|
Рефлексивті - түзетушілік
|
-Балалар, сендер белсенді қатысқандарың үшін Жұмбақбай ата сыйлыққа әкелген ертегіні оқимын. «Жеті лақ» ертегісін оқып беру. Талдау жасау.
Жаңылтпаш:
Анат қай арал?
Қайыңды арал,
Талды арал,
Ішінде бұзаулы ала марал.
Арал, марал сөздеріне талдау жасату
-Балалар, біз бүгінгі сабағымызда қандай дыбысты өттік?
-Л дыбысы қандай дыбыс?
-Балаларды бағалау, мадақтау.
|
-Балалар ертегіні тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
-Жаңылтпашты қайталап, арал, марал сөздеріне талдау жасайды.
-Л л әрпін мен дыбысын өттік.
-Л л дауыссыз дыбыс
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Л л дыбысы мен әрпінің баспа түрін
Игереді: Л, дауыссыз дыбыс, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау.
Сурет бойынша әңгіме құруды
Нені біледі: Л л әрпі бар сөздерді буындап оқуды
Достарыңызбен бөлісу: |