Сабақтың тақырыбы : «Ұлттық аспаптар» Сабақтың мақсаты «Ұлттық аспаптар»



Дата28.06.2017
өлшемі173,02 Kb.
#20347
түріСабақ
Курумбаева Жанар Жагппаровна

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Петр Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектебі» ММ




Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ

7 сынып


Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық аспаптар»

Сабақтың мақсаты:1. «Ұлттық аспаптар» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру.

2.Оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын арттыру;

3. Отанын, елін сүюге, туған жерінің мәдениетін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы слайд, сурет, карточкалар көрсету

Қолданылатын әдістер: интерактивтік әдіс, монолог түрінде сөйлеу, тірек-сызба, тест жұмыстары

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сабақтың мақсатын мен тақырыбын түсіндіру.



II.Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жаңа тақырыпты бастамас бұрын мен сіздерге мына бір әуенді тыңдатқым келіп тұр.(Күй ойналады)

-Балалар, мына әуенді неге тыңдадық?

-Мына суреттерден нелерді көріп тұрсыңдар?

Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз «Қазақтың ұлттық аспаптарына» арналады. Осы тақырып бойынша әр түрлі тапсырмаларды орындаймыз, алған білімдерімізді бекітеміз.Әр оқушы өз білімінің дәрежесін көрсетуі тиіс. Балалар, біз бүгінгі сабағымызда интерактивті тақтаның көмегімен өткіземіз.

Қазақтың музыкалық аспаптары халық арасында ертеден кең тараған. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Қазақ музыкалық аспаптарының өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі бар.

1. Ойын « Ойнайық та, ойлайық» ( жеті нотаның тапсырмалары)


  • «До» нотасының сұрағы: Музыкалық шығарманы орындау үшін не керек?

  • «Ре» нотасының сұрағы: Жақсы музыкант болу үшін не істеу керек?

  • «Ми» нотасының сұрағы: Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

  • «Фа» нотасының сұрағы: Қазақтың үйінде қандай аспап кездеседі?

  • «Соль»нотасының сұрағы: Домбырада ойнайтын адамды қалай атаймыз?

  • «Ля»нотасының сұрағы: Ән шығаратын адамды кім дейді?

  • «Си»нотасының сұрағы: Қазақтың қандай ұлы күйші-сазгерлерін білесіңдер?


2.1-слайд. Жаңа сөздерді орыс тіліне аудару.

Аспап, сазгер, сахна, шерту, шырқау, танымал, ішек, өнерпаз, үйірме, көне, ....



3. 2-слайд. Сұрақтарға жауап беріңдер

  • Қазақтың ұлттық аспаптарына қандай аспаптар жатады?

(домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, шанқобыз, асатаяқ, шертер, сазсырнай)

4. Мұғалім: Қазақтың ұлттық музыка аспаптарының бұл күндері қырықтан астам түрлері анықталып отыр. Қазақ музыка аспаптарын Алматыдағы ұлттық музыка аспаптары мұражайында көруге болады. Біз де бүгін сабағымызда қазақтың музыкалық аспаптарының басты түрлерін слайд арқылы көрсетеміз.

4-слайд. Суретте қандай музыкалық аспап бейнеленген, кім сол ...туралы әңгімелеп беріңдер.

Домбыра- әрбір қазақ үйінің қымбатты заты. Домбырамен күй тартуға, әнді сүйемелдеуге болады. Қазақ халқының ішінде ең кең тараған музыкалық аспап.

Қобыз- ысқышпен тартылатын төрт ішекті аспап. Дыбыс ішекті тырнақпен басу арқылы шығады. Қобыздың түрлері көп. Ол ертеден келген көне аспап. Халық аспаптар оркестрінде, ансамбльдерде қолданылады, әрі жеке ойналады. (Қобыз аңыздарға қарағанда пайда болуы сегізінші ғасырда өмір сүрген күй атасы Қорқыттың атымен тығыз байланысты) .

Шаңқобыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ол темірден жасалады. Сым темірдің арасына бекітілген тілі саусақпен шалып тартылады. Шаңкобыз халық аспаптар оркестрінде, ансамбльдерде қолданылады, әрі жеке ойналады.

Жетіген –жеті ішекті шертіп ойнайтын музыкалық көне аспаптардың бірі. Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп қағу арқылы шығады. Шынағы тұтас ағаштан ойылып жасалады.

Шертер-үш ішекті, шертіп ойнайтын көне аспап. Ол домбыраға да, қобызға да ұқсайды. Оны көбінесе мал бағатын бақташылар тартатын болған.

Сыбызғы- үрлеп ойнайтын ескі музыкалық аспап. Бармақ басатын үш тесігі бар. Үрлеу арқылы дыбыстардың жиырмадан астам түрлері пайда болады.Сыбызғының үні жұмсақ, ерекше әсерлі.

Дабыл, даңғыра, асатаяқ –дабылды-шулы аспаптар.Ұрып ойнайтын көне аспаптарының түрлері

Асатаяқ –ұрып ойнайтын музыкалық аспаптың түрі.Кейде асатаяққа алты қоңырау да тағады. Ертеде асатаяқты бақсылар пайдаланған.

5.Мұғалім: Ал енді грамматикалық тапсырмаларды орындаймыз. Дәптерлеріңді ашып, тапсырманы орындаңдар.

5-слайд.

Көп нүктенің орнына тиісті дауыстыны қойып жаз.

А) Ахмет Ж..банов – атақт... сазгер, ғал..м. Ол қазақ ..лттық әуен..н зерттед... Оның қазақт..ң ұлт аспаптар... туралы к..табы бар.(Қолдарыңа қара қарындаш алып, бір-біріңнің дәптерлерін тексеріңдер)

6-слайд. Сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын анықтаңдар.

7-слайд. Сөз құрамы неден тұрады? Жалғаудың неше түрі бар? Жұрнақтар қандай болады? Осы тапсырмада біз қандай жұрнақтарды жалғаймыз?

8-слайд. Сөздерді жұптастыру керек.

9-слайд. Бос орындарға керекті сөздер қойып жазыңдар.

10-слайд.Қатесін табыңдар.

III. «Ұлттық аспаптар» деген тақырыпты өттік, тақырыпты пысықтау үшін тест өткізу.

1. Музыкаға қатысты терминді табыңдар.

а) буын; ә) қосу; б)оркестр

2. Музыкалық аспапты табыңдар.

а) сыбызғы; ә)шымылдық; б)оркестр

3. Ән шығаратын адамды кім дейді?

а)сазгер; ә)әртіс; б)ақын

4. Қазақтың ұлттық аспабын табыңдар.

а) қобыз; ә)скрипка; б)баян

5. Әннің сөзін жазатын адамды кім дейді?

а)сазгер; ә)әртіс; б)ақын

6. Үрмелі аспапты табыңдар.

а) сыбызғы; ә) жетіген; б)домбыра

7. Дина Нұрпейісова кім?

а) әртіс; ә) күйші; б) биші

8. Ішекті аспапты табыңдар.

а) қобыз; ә) сазсырнай; б)дабыл

9. «Азия дауысы» не?

а) ән байқауы; ә)ғарыш айлағы; б)өлең

10.Әншілік мамандықты табыңдар.



а) күй; ә)термеші; б)өлең

Сабақтың қорытындысын шығару.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет