Сарсенов Серік Сағынбайұлы
Ақтөбе облысы
Ырғыз ауданы
Дүкен негізгі мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев « Аққулар ұйықтағанда».
Мақсаты: Ақын өмірінен мәлімет бере отырып, поэзиясының өміршеңдігін таныту, поэманың тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін ашу.
Дамытушылық: Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық білуге одан әрі дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Поэзия әлемімен оқушылардың жан дүниесіне үңілу, табиғатқа деген мейрімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көркем мәтінмен жұмыс, ой ашар, топтастыру.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Көрнекіліктер: оқулық, ақынның портреті, ақынның өлеңдер жинағы, сызбалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныптағы оқушыларды түгендеу. Сабаққа сыныптағы оқушылардың даярлығын тексеру.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын
Халқымының өз айтқанын қайталадым
Күпі кигениқазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қайтарамын – деп ақын өзгелерден өзін ерекше көрмеседе, келер ұрпақ Мұқағалаи ақынның арқалы екендігін танытып отыр.
Мұқағалидың бағымен соры, күнгей мен көлеңкесі қатар жүрген ақын. Оның бағы – өлмес жыр жазған, өтірік өлең жаза алмаған, ал соры – өз қоғамына, ортасына сыймай қасірет шеккені, өмірінің қиыншылықпен өткені, дер кезінде өз замандастары бағалай қоймағаны.
Өз ғасырына деген сүйіспеншілігі ХХІ ғасыр ұрпағына аманат еткен. Оны мына күнделігінен көруге болады:
« Ей безілдектер! Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әр қайсымызды өз орнымызға солар қояды .... Ежелден солай болып келген, бола береді. Мен өзім жайында мынаны айтамын: Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да ...» деп жазған екен.
Жаңа ғасыр ХХІ ғасырда туды. Ақынның айтқаны аумай келіп, оының поэзиясы ХХІ ғасырдың ұрпағы құрдасындай қабылдады.
Ендеше, бүгінгі сабағымыз « Аққулар ұйықтағанда » поэмасын қорытуға арналады.
ІІІ. Ой ашар.
Мұқағали Мақатаев қай жылы, қай жерде өмірге келді ?( жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы )
Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім ? ( Мұқанбетқали )
Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазды ? ( Менің анкетам )
Мұқағалидың Фариза қыз өлеңі кімге арналған ? ( Менің анкетам )
Ақынның анасының аты ? ( Нағима )
Ақынның атасы, әжесі, жарының аты ? ( Мақатай, Тиын, Лашын )
Ақын өлеңді алғаш рет қашан жазды? (Әкесі 10 жасында соғысқа кеткен соң, сағынып өлеңдер жазған )
Аққулар ұйықтағанда поэмасын алғаш рет кімге оқып береді, сонда оған алтын қаламды кім сыйлайды?
( 1973 ж. Ғ.Мүсірепов )
М.Мақатаевтың мемлекеттік сыйлыққа ие болған шығармасы ? ( Аманат жыры жинағы 2000 жылы )
Мұқағали ақын неше жасында, қай жылы дүние салды ? ( 1976 ж. 45 жас )
Енді мына жоспар арқылы поэзия мазмұнын еске түсірейік.
Жоспар
Әлдейлеп ақ төсіне бермей тыным,
Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.
..Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтеміз, ол да адамға бола туған.
Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.
... Қасиетке оқ атып, жойған пақыр.
... Білмеймін сор аттың ба, бақ аттың ба ?
IV. Проблемаға шығу. Поэманы үйден оқып келгендіктен талдау сатысына көшеміз.
Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не ?
Тақырып
Сұлулық Махаббат Зұлымдық
Тау аққу табиғат
Табиғат бұлақ Аң елік Сұлулық тау
Ағаш құс тиін қыз
Киім
Сұлу сөзінің синонимін табыңдар ? ( ару, әсем, ажарлы, көрікті.. )
Сұлулыққа қарама – қарсы табиғатта зұлымдық бар.
Зұлымдық деген не ? Поэзияда екеуі қатар жүреді.
V. Ізденушілік. Поэманың тіліне талдау жасау.
1. Аққудың рең әсемдігін айқындарлық сөздерді табыңдар.
2. Табиғаттағы түс, рең ерекшелігін білдіретін сөздерді тап.
3. Табиғаттағы тыныштық салтанатын тағы қай көрністен байқаймыз.
4. Оқ тиген аққудың мүшкіл халін өрнектеген жерін табу.
5. Құсты құлатқаннан кейінгі ана өкінішіне үңілейік.
Поэманың ІІІ бөліміндегі жылқышы мен ананың диалогін екі оқушыға кезектестіріп оқыту.
VI. Болжау. – Оқиғаны қалай аяқтаған болар едің ?
VII. Бекіту.
Көл неге « Жетімкөл » деп аталған.
Табиғат пен адамдар арасында қандай байланыс бар ?
Поэмада қандай ырымдар айтылады ?
Тәуіп дегенді қалай түсінесіңдер ?
VIII. Үйге тапсырма. « Ана – мерген » тақырыбында еркін шығарма және қылқаламмен сурет салып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |