Сабақтың тақырыбы : Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Соқыр, саңырау жән жалаңаш»



Дата21.07.2017
өлшемі53,97 Kb.
#21710
түріСабақ
Қадыр Толқын Сұлтанқызы

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі

Қаза тілі мен әдебиеті арнайы пәндер оқытушысы

Сабақтың тақырыбы : Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Соқыр, саңырау жән жалаңаш» өлеңі

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : М.Ж.Көпеев шығармашылығын меңгерту, өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.

Тәрбиелік : Адам бойындағы жаман қасиеттерден жирендіріп,адамгершілікке, елін, жерін сүюге, өнер-білімге, ұлттық қазынамызды қастерлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық : Оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, өзіндік ізденісін дамыту.

Сабақтың түрі : жаңа білімді меңгерту, талдау сабағы

Сабақтың көрнекілігі: М.Ж.Көпеев өміріне арналған видеоролик, слайдтар, қоржындар, үлестірме қағаздар, суреттер, ақын мерейтойына арналған күнтізбе, кітаптар көрмесі.

Пәнаралық байланыс :қазақ тілімен, тарихпен, географиямен

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер :сұрақ-жауап, түсіндіру, кесте толтыру, СТО стратегиялары, сатылай кешенді талдау жұмыстары

Сабақтың жүрісі :


  1. Оқушылармен сәлемдесіп, топ студенттерінің сабаққа қатысын түгендеу, даярлықтарын тексеру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.Кіріспе сөз қосымша

Үш қатарға арнайы дайындалған қоржындар ішіндегі М.Ж.Көпеев шығармашлығы бойынша дайындалған сұрақтар үлестіріледі.

Сұрақтар:



  • М.Ж. Көпеевтің өскен ортасы жайлы әңгімелеңіз

  • «Мәшһүр» атануы жайлы не білесіңіз?

  • М.Ж. Көпеевтің кітаптарын ата және олар қашан, қай баспада жарық көрді ?

  • Ақын сапарларының мақсаты не ?

  • «Гүлшат-Шеризат» дастаны туралы не білесіңіз ?

  • М.Ж. Көпеевтің қазақ тарихындағы ұлы тұлғалармен байланысы жайлы не білесіңіз ?

  • Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыптары қандай ?

  • М.Ж. Көпеевтің Шортанбай ақынмен үндестігі жайлы не айта аласыз ?

  • М.Ж. Көпеевтің ақындық стилінің өзіндік ерекшелігі не ?

  • М.Ж.Көпеевтің қарасөздері жайлы не білесіңіз ?

  • Ақынның ғылым-білімге көзқарасы жайлы не айтасыз ?

  • Кеңестік дәуірде ақын шығармалары неліктен насихатталмады ?

  • Ақынның халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтаған кітабын атаңыз

  • 1781-1847 жылдары қай еңбегін жазды ?

Тақтада студенттер төмендегі кестені толтырады :

шығармалары

өлеңдері

дастандары

қолжазбалары

Халық ауыз әдебиеті үлгілері

«Хал-ахуал», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз», «Сәлем хат», «Қара өлең», «Мұса Шорманұлы», «Соқыр, саңырау және жалаңаш»

«Гүлшат-Шеризат», «Ғибратнама», «Шайтанның саудасы», «Баяннама»

«Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Қазақ түбі»

«Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Көрұғлы», «Сайын батыр», «Ер Көкше», Айтыстары : «Шөже мен Қалдыбай айтысы», «Ұлбике мен Жанкелді ақын айтысы», «Жанақ пен Түбек», «Тоғжан мен Сақау» , ертегілері :«Еділ-Жайық», «Алаша хан», «Ер Төстік», мақалдар 2000 жол, аңыз 3000 үлгісі, жаңылтпаш 100-150 шақтысы

Студенттер кесте толтырып жатқанда үйге жаттап келуге берілген «Ғибратнама» дастанынан үзінді «шынжырлау» тәсілімен сұралады.

Осы жұмыстардан кейін «Топтастыру» стратегиясы бойынша «Мәшһүр Жүсіп Көпеев кім ?» деген сұраққа жауап алынады.





  1. Жаңа сабақ. Барлық студенттерге «Соқыр, саңырау және жалаңаш» өлеңі үлестіріледі. Өлең мәнерлеп оқылып, мазмұнымен таныстырылады.

Сұрақ :

-Өлең не туралы ?

-Адам бойындағы қандай қасиеттер туралы айтылған?

4. Мәтінмен жұмыс. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасалады.

Соқыр, саңырау және жалаңаш


  1. Автор –көркем шығарманы жазған ақын, жазушы.

2. Тақырып-

3. жанр-

4. идея-

5. шумақ-

6. тармақ-

7. бунақ-

8. буын-

9. ұйқас-

10. әдеби-теориялық ұғымдар-

10.1 теңеу-

10.2 эпитет-

10.3 аллегория-

10.4 аллитерация-

10.5 ассонанс-

11. түсіндірме сөздік-

12. тәрбиелік мәні-

Өлең идеясына байланысты оқушылардың өз бікірлері сұралып, бүгінгі күнмен байланыстырылады.

Ақынға арнау :

................................................. арнаған,

.................................................бар адам.

............................................................

....................................................тараған.



Сабақ қорытындыланады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет