Сабақтың тақырыбы : Қолданбалы бағдарламалар жіктемесі Сабақтың мақсаты: а білімділік



Дата06.01.2020
өлшемі20,08 Kb.
#55454
түріСабақ
Байланысты:
7 Қолданбалы бағдарламалар жіктемесі

Бекітемін _______________

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары



30.09.2019 Ажигалиева Ж.Т.

7 сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Қолданбалы бағдарламалар жіктемесі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Қолданбалы бағдарламалар жіктемесі туралы мағлұмат бере отырып, оқушылардың білімдерін арттыру

б) тәрбиелік: компьютер мен жұмыс істеу кезінде ұқыптылыққа, текникалық қауіпсіздік ережесін дұрыс сақтай білуге, еңбекті сүйе білуге, өз уақытын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

в) дамытушылық: оқушылардың компьютер мен жұмыс істеу дағдыларын арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту, ойларын дұрыс тұжырымдап, сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету

Сағат саны 1 Өтетін күні 30.09.2019 КТБҚ



Сабақтың типі, түрі: Бекіту сабағы Білімді дағдыны жетілдіру

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: «Компьютер техникасына қызмет көрсету және пайдалану»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

Өткен тақырып «Бағаналардың енін өзгерту» туралы студенттерден ауызша сұрау.



ІIІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Қысқаша конспект.
Қолданбалы бағдарлама (Windows ортасындағы) (Приложения Windows; Windows application) — Windows операциялық жүйесі негізінде жұмыс атқаратын қолданбалы бағдарлама. Мұндағы графикалық интерфейстің ұйымдастыру ережелері, мәзір жүйесінің, диалогтық терезелерінің пішімдері Windows қолданбалы бағдарламаларының барлығына бірдей (мәзірдің көрінісі және орналасуы, тінтуірді және пернелерді пайдалану ережелері және т.б.) болады.

Қолданбалы бағдарламалар дестесі(Пакет прикладных программ; application program package) — белгілі бір саладағы мәселелерді шешуге арналған бағдарламалар мен оларды пайдалану тәсілдерінің жинағы. Олар магниттік дискілерде немесе таспаларда жазылып, компьютермен бірге жіберілуі мүмкін. Әрбір қолданбалы бағдарламалар бумасы нақты саладағы мәселелерді шешуге икемделген (мысалы, бухгалтерлік есеп, дифференциалдық теңдеулерді шешу және т.б.).

Қолданбалы бағдарламалар интерфейсі(Интерфейс прикладных программ; application programming interface) — 1) бағдарламалаушылар белгілі бір компьютерлік ортада қолданбалы бағдармалар жазуға пайдаланатын міндеттер жинағы (интерфейс); 2) операциялық жүйе орындайтын төменгі деңгейлік операцияларды жүзеге асыруға қолданбалы бағдарлама шақыратын процедуралар жинағы.

Қолданбалы бағдарламалау (Прикладное программирование; application programming) — қолданбалы мәселелер шешуге арналған бағдарламалау.

Қолданбалы (арнайы) бағдарламалық жасақтама (Прикладное (специальное) программное обеспечение; application software) — қолданбалы мәселелерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы бағдарламалар мен қолданбалы дестелерден тұратын бағдарламалық жасақтаманың бөлігі.

Қолданбалы бағдарламаның негізгі терезесі(Основное окно приложения; Main application window немесе main window) — көп терезелі қолданбалы бағдарламалар үшін мәзірі мен туынды терезелері бар негізгі бағдарлама мен адам арасындағы өзара байланысты ұйымдастыратын терезе.

V. Үйге тапсырма § 7 тақырып

VІ. Әдебиет: Д. Ғабдуллаев «Дербес компьютердің бағдарламалық жасақтамасы», электрондық оқулық SINKAZ, Google.kz, yandex.kz, sabaktar.kz, itlearn.kz, inust.kz
Мұғалімнің қолы: Н.Хаирлиев

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет