Сабақтың тақырыбы : Өзін-өзі тану белестері Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері



Дата19.12.2016
өлшемі463,44 Kb.
#4097
түріСабақ
Өзін- өзі тану . 3-сынып.1-тоқсан

І тарау. Өзін-өзі тану бақыты.

1-ші сабақ. 1-ші қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану белестері

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • 3-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;

  • өзін,өзгелерді, адамгершілік құндылықтарын танып білуге қызығушылықтарын арттыру;

  • сыйластыққа,кішіпейілдікке,ізгілікке тәрбиелеу.

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,дәптер,оқулық,қағаздан жасалған қармақ,алтын балықтар.

Шаттық шеңбері Балалар бір-бірімен құшақ жая сәлемдесіп шығады.Шеңберге тұрып,Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге»дауыстап айтады.

Әңгімелесу Әңгімелесу кезінде оқушылар 2-сыныпта үйренген жақсы қасиеттерін, жазғв демалыс кезіндегі жақсылық істерін естеріне түсіріп айтып береді.

Ойын-жаттығу. Өзін-өзін тану сабағын жақсы көңіл-күймен бастау және оқушылардың бір-біріне сыйластық қарым-қатынастарын арттыру мақсатында ойын-жаттығу жүргізіледі.

Тапсырма Оқушылардың алдыңғы сыныпта алған білімдерін естеріне түсіріп әңгімелету мақсатында оқулықта берілген суреттерге қарап, «Өзін-өзі танудан үйренемін»тақырыбында әңгімелеу тапсырылады.

Мәтінмен жұмыс М.Төрежановтың «Алтын балық»әңгімесін кідіріспен әңгімелей отырып,ондағы әр-бір ойларға байланысты балалардың пікірлерін тыңдау.

Дәйексөз «Өзін өзі тану-адамгершілік құндылықтардың негізі» деп тақтаға жазып,мәніне тереңірек тоқтау.Дәйексөзді дәптерге жазып алу.

Дәптермен жұмыс Өзін өзі танудан не үйренгілерің келетінін дәптерде берілген алтын балықтан сұрап,сол тілектерді бос жолға жазу.

Қорытындылау Оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып,бүгінгі сабақты қорытындылау.

Жүректен жүрекке Жазғы демалыстан келген балаларды бір-бірімен жақындастыра түсу үшін сабақты «Жас ұландар»әнімен аяқтау.

Өзін- өзі тану . 3-сынып.1-тоқсан

2-ші сабақ. 1-ші қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Өмірді танып білуге құштарлық.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту;

  • Өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру;

  • Өмірді сүюге,жақсы өмір сүруге тәрбиелеу.

Мақсаты: «Өмір» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,дәптер,оқулық,сызба.

Шаттық шеңбері Балалар бір-бірімен құшақ жая сәлемдеседі.Мұғалімге қосылып,төмендегідей өлеңдерді айтады.

Өзіммен - өзім Өмірдің мәнін оқушыларға сезіндіру мақсатында тәсіл ұйымдастыру.

Әңгімелесу Оқушыларға өмір сүрудің мәнін ұғындыру және сол бойынша оларға да өз пікірлерін айттыру үшін әңгіме жүргізу.

  • Өмірді тану не үшін қажет?

  • Өз қызығушылықтарың туралы әңгімелеп беріңдер.

Тапсырма Оқушыларға «Өмірді танып білгім келеді»тақырыбына әңгіме құрастыру.

Мәтінмен жұмыс Балалардың өмірге құштарлығын арттыру мақсатында «Ата өсиеті»әңгімесін кідіріспен айта отырып,сұрақ қою арқылы оқушыларды әңгімеге қатыстырады.

Түйіндеме Мұратқа жету жолын білуге арналған түйіндеме ұсынылады.

Дәйексөз «Өзіңді танығың келсе,адамдарға, олардың ісіне қара»деген Фридрих Шиллердің сөзіне балалардың назарын аударып.оның мәтініне тоқталып,түсіндіру.

Жаттығу-ойлану.Балалар үш топқа бөлініп, әр топ өз сұрақтары бойыншаплакаттағы сұлбалар сызбасына жауаптарын жазып шығады.

1-топ.Өмірде кімдердің көмегін,қамқорлығын сезіндіңдер?Олардың өмір сүруге қандай көмегі бар?

2-топ.Өз бойыңнан адамның қандай жақсы қасиеттерін сезініп білдіңдер?Өмірде қандай жағдайда сол қасиеттеріңнің септігі тиді?

3-топ.Өмірді сүю неге жетелейді?Адамға өмірді танып білу не үшін қажет?

Жаңа ақпарат «Адам айналасын танып білу арқылы өмірге құштарлығы артады.Өз болашағына сенімді болады».

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма: «Менің бақытты болуым үшін»тақырыбына қысқаша әңгіме құрастыру.

2-тапсырма: «Бақытты балалық шақ»тақырыбына сурет салу.

Қорытындылау Оқулықтағы қоржында берілген түйінді сөздерді пайдаланып,бүгінгі сабақты қортындылау.

Жүректен жүрекке Оқушылар бүгінгі сабақтан алған түсініктерін Ә.Дүйсенбиевтің «Біз өмірдің гүліміз»өлеңі арқылы білдіреді.

Өзін- өзі тану . 3-сынып.1-тоқсан

3-ші сабақ.15 -ші қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Білім-ақиқат бастауы.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Білімге,оқуға қызығушылықтарын арттыру;

  • Жақсы оқуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Мақсаты: «Білім»құндылық туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар:,дәптер,оқулық.

Шаттық шеңбері Сабақтың тақырыбын таныстыру мақсатында оқушыларға Ы.Алтынсариннің «Кел,балалар,оқылық!» жатқа айтуды ұсыну.

Әңгімелесу Оқушылар «Білім адамға не үшін қажет?», «Оқу инемен құдық қазғандай»дегенді қалай түсінесіңдер? деген сауалдарға өз ойларын айтады.

Мәтінмен жұмыс Оқушыларға білімнің адам өміріндегі мәнін ұғындыру мақсатында әңгімелеу жұмысы жүргізіледі. «Білім мен байлық»әңгімесін оқушы әңгімелейді.

Дәптермен жұмыс -Дәптердегі тапсырмада берілген «Білім мен байлық»кестесіне әңгіме мәтіні бойынша білімнің байлықтан артықшылықтарын тауып жазу.

Дәйексөз Сабақтың тақырыбының мәнін ашу мақсатында дәйексөзді сұраққа берілген жауаптарды толықтыру арқылы түсіндіру.

Тапсырма «Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар»

Тыныштық сәті Балалар денелерін түзу,бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады.Көздерін жұмады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныстайды,денелерін бос ұстап,айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап,қоршап,қамқор болып жатқандай сезінеді.Тұла бойлары жақсылыққа,махаббатқа тлғанын сезінуге ұмтылады.Осылайша 2 минут отырады.

Жаттығу-ойлану Тақтаға сызбаны жазып қою,оны әр оқушы өзінің алдында тұрған ақ параққа жазып,оған осы төрт татамның(ойын,білім,байлық,еңбек)өмірдегі маңыздылығына қарай түрлі-түсті қарандашпен(1-көк,2-қызыл,3-жасыл,4-қоңыр)сызып көрсетеді.

Ойын Оқушылардың білім туралы мақал-мәтелдерді білуін байқау мақсатында «Алғырлар мен Білгірлер»атты ойын ұйымдастыру.

Дәптермен жұмыс -Жұмбақтарда айтылған ойдың мәнін ұғынып,шешуін табу.

Қорытындылау -Міне,балалар,білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндік.Білім оқу арқылы жинақталғанын ұғындық.Білім арқылы өмірдің ақиқатына көз жеткізесің.Өйткені білім-ақиқат бастауы.

Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып тұрып,бір-біріне жақсы оқу мен білім алу арқылы болашақта бір маман иесі болатындықтарына сенім білдіреді.Оқушылар мұғаліммен бірігіп,мынадай өлеңді айтады:

Білім іздесең, Ақыл іздесең,

Кітаппен таныс, Адаммен таныс,

Еңбегің еш болмайды. Өнерің кеш қалмайды.



Өзін- өзі тану . 3-сынып.1-тоқсан

4-ші сабақ.22 -ші қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Сүйікті іс туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • Еңбек ету іскерліктерін дамыту;

Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Мақсаты: Балалардың«еңбек»құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар:,дәптер,оқулық.



Шаттық шеңбері Ө.Тұрманжановтың өлеңін айту,оқушылар қайталайды.

Әңгімелесу Сабақтың тақырыбын түсіндіру мақсатында оқушыларға әңгімнлесу жүргізіледі:

  • Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сендердің сүйікті істерің?

  • Сүйікті іспен шұғылдану өздеріне не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс Мұғалім оқушыларға сүйікті іспен айналысудың қажеттілігін түсіндіру мақсатында А.Қайырханованың «Өнерлі бала» әңгімесін айту.

Дәексөз Сабақ тақырыбының мәні дәйексөз мағынасының түсіндірілуімен ашылады. «Сүйіп істеген іс шаршатпайды»деген халық мақалын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.Сүйікті ісіңді сүйіп істесең ешқашан шаршатпайды.Сондықтанда сүйікті іс өзіңе де,өзгеге де пайда келтіреді.

Тапсырма Суреттер бойынша әңгіме құрастыру,өздерінің сүйікті істері туралы айтып беру.

Ойын-жаттығу Оқушылардың қандай сүйікті іспкен айналысатыннын білу мен оларды сондай іске талпындыру үшін ойын-жаттығу ұйымдастырылады.

Тыныштық сәті Жұмыс түрінің ауысу аралағында балалардың денесі,ойы сергітіледі.

Жаттығу-ойлану Балалардың дәйексөзден түйген ойлары жаттығу-ойлану тапсырмасын орындау барысында бекітіледі.Оқушылар үш топқа бөлінеді.Үш топқа үш түрлі дәйексөз беріледі.Дәйексөздің айтылуына мән беріп,сол туралы өз пікірлерін айтады.

Дәптермен жұмыс Дәптердегі «Менің сүйікті ісіммен шұғылданғанда.....»айдарымен берілген сұрақтарға жауап жазу.

Қорытындылау -Балалар,бүгінгі сабақта сүйікті іс жайында әңгімелестік.Сүйікті іс адамды көптеген жақсы қасиеттерге баулитынын білдік.Сүйікті іс адамды ұлы мақсаттарға жетелейді.Сондықтанда айналаңды сүйсінтер,өзіңе бақыт сыйлар сүйікті ісің болсын.Ол еңбекпен келеді.

Жүректен жүрекке Оқушылар мұғавліммен бірге шеңберде тұрып,Ә.Табылдиевтің өлеңін айтады.

Өзін- өзі тану . 3-сынып.1-тоқсан

5-ші сабақ.29 -шы қыркүйек.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Қиял арманға жетелейді

Армансыз адам болмайды(халық мақалы)

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Қиял,арман туралы түсініктерін кеңейту;

  • Шығармашылық тұрғыдан қиялдау іскерліктерін дамыту;

  • Жақсылыққа,қамқорлыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: Балалардың жақсы ниетпен армандай білуге баулу..

Көрнекі құралдар:Үнтаспа,дәптер,оқулық, «сиқырлы сақа»(асық),түрлі-түсті қарындаштар,ақ парақтар.

Шаттық шеңбері Балалармен бірігіп «Арман мен ақыл» өлеңін оқу.

Әңгімелесу

  • Адам қиялы іс жүзіне қалай асады днп ойлайсыңдар?

  • Өздерің армандарың туралы айтып беріңдер.

Тапсырма Оқушылардың білім-біліктерін кеңейту мақсатында тапсырма ұсынылады:Суретке қарап «Кешкгі қиял-бүгінгі шындық»тақырыбына әңгіме құрау.

Мәтінмен жұмыс Балаларды жақсы қиял мен армандарға жетелеу мақсатында аңыз айтып беру. «Ана қиялы»аңыз.

Дәйексөз «Армансыз адам болмайды»деген халық даналығына балалардың назарын аудару және оның мәніне тереңірақ тоқталу.

Жаттығу-ойлану Оқушылардың шығармашылық тұрғыдан қиялдарын дамыту мен оларды жақсы өмірге ұмиылдыру мақсатында жаттығу-ойлану ұйымдастырылады.

Өзіммен-өзім Балаларды адамдарға,айналаңа көмектесу тұрғысынан қиялдауға дағдыландыру мақсатында релокцасиялық тәсіл ұйымдастырылады.

Дәптермен жұмыс Өз қиялдарымен әңгіме жазу.

Қорытындылау Оқулықтағы қоржында берілген сөздер арқылы түйіндеп қорытындылау.

Жүректен жүрекке Сабақ соңында балалар жақсылық тұроғысынан қиялдай білу керектігін түсінгендіктерін кезектесіп айтады.Балалар Ы.Алтынсариннің «Өнер,білім бар жұрттап»өлеңін қосылып айтады.

Өзін- өзі тану . 3-сынып.1-тоқсан

6-шы сабақ.6 -шы қазан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Бабалар сөзі-даналық көзі

Әдептілікті данадан үйрен (Халық мақалы)

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Даналық,адалдық туралы ұғымдарын қалыптастыру;

  • Ойлау іскерліктерін дамыту;

  • Ата-баба даналығынан өнеге алуға тәрбиелеу.

Мақсаты: Балалардың «даналық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар:дәптер,оқулық.

Шаттық шеңбері Балалармен шеңбер құрып тұрады.Барлығы бір-бірімен ата-баба дәстүрімен қол алысып амандасады.Абайдың «Ғылым таппай мақтанба»өлеңін айтады.

Әңгімелесу Сабақ тақырыбын таныстыру мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.

Мәтінмен жұмыс Бабалар сөзінің мәнін түсіндіру мақсатында А.Табылдиевтің «Ата өсиеті»әңгімнсін кідіріспен әңгімелеу.

Тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,санамақты оқу.

Ойын Оқушыларды даналық сөздерді білуге және өмірде қолдануға дағдыландыру мақсатында «Даналық сөздер»атты ойын ұйымдастырылады.

Жаттығу-ойлану. Оқушылардың даналық сөздердің мәнін түсінетіндігін байқау және шығармашылық ойларын дамыту мақсатында жаттығу-ойлану жұмысы жүргізіледі.

Дәйексөз Ата-бабалар сөзінен нені үйренуге болатынын ұғындыру мақсатында дәйексөзді түсіндіру.

Жаңа ақпарат Оқушыларға жаңа ақпарат арқылы даналық сөзінің мағынасын түсіндіру.

Дәптермен жұмыс Оқушылардың ата-бабалар сөзін тыңдап ,жадында сақтап,өмірде қолдану қажеттігін түсіну мақсатында тапсырма беру:дәптерде берілген ақын М.Әлімбаевтың өнегелі батасын аяқтап жазу.Дәптерде берілген өлеңді жаттап алу.

Қорытындылау -Балалар,бүгінгі сабақтан түсінгендей ата-бабаның өнегелі,нақыл сөздері бізге тәлім,білім беретіндіктен даналықтың көзі болып табылады.Сондықтан да өшпес мұра.Оны оқып,біліп өскен әрі жақсы,әрі дана адам болып өсеміз.

Жүректен-жүрекке Өлең жолдарын айту,оқушылар қайталайды. «Алтын сөз»Н.Айтов.

Өзін- өзі тану . 3-сынып.1-тоқсан

7-ші сабақ.13 -ші қазан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Бірлігі жарасқан халықпыз

Бірлігі жоқ ел тозады.

Бірлігі күшті ел озады. (Халық мақалы)

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Халықтар достығы,жарастығы,бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

  • Ынтымаққа,достыққа,бірлікке тәрбиелеу.

Мақсаты: Балалардың «достық», «бірлік», «халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,үнтаспа,әр ұлт өкілдерінің суреттері.

Шаттық шеңбері Балалармен бірге шеңбер құрып тұру.Сабақты халықтар достығын білдіретін көңілді әнмен бастау.Бірігіп «Достық» әнін салу.

Әңгімелесу ушыларды сабақ тақырыбына бағыттау мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.

  • «Бірлік», «татулық» туралы не білесіңдер?

  • «Бірлігі жарасқан халықпыз»дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс Халықтар достығының мәнін ұғындыру мақсатында Ж.Жабаевтың «Туысқан ел»өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Дәйексөз Қазақстан халықтарының бірлігінің қажеттілігін ұғындыруда дәйексөздің мәнін ашып түсіндіру.

Тапсырма «Менің елім бақытты»тақырыбына әңгіме құрастыру.

Жаңа ақпарат Оқулықта берілген «Елде ынтымақ,бірлік болғанда халық жарасымды,бақытты өмір сүреді»деген жаңа ақпаратпен оқушыларды таныстырудың мақсаты олардың алған білімдерін түйіндеу болып табылады.

Ойын-жаттығу Оқушылардың басқа халықтардың тілі мен дәстүріне сыйластық қарым-қатынастарын дамыту мақсатында ойын-жаттығу жүргізіледі.

Тыныштық сәті Ауызша,ойлану жұмыс түрлерінен кейін оқушылардың бір сәт денесі,ойы сергітіледі.

Дәптермен жұмыс Дәптерде бепілген ашықхатқа бір ұлттың өздеріңе ұнайтын дәстүрлерін жазып келу.

Қорытындылау Бүгінгі сабақтың тақырыбы туралы ой қорыту үшін оқулықтағы қоржында берілген сөздерді тірек ету.

Жүректен жүрекке Балалар шеңберге тұрып,қол ұстасып «Әр қашан күн сөнбесін» әнін екі тілде орындайды.

Өзін- өзі тану . 3-сынып.1-тоқсан

8-ші сабақ.20 -шы қазан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Отан сүйген ұланбыз

Отан үшін отқа түс-күймейсің.Б.Момышұлы.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Отанға махаббат түсініктерін қалыптастыру;

  • Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру;

  • Отанын сүйуге,мақтан тұтуға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Мақсаты: Балалардың «Отан», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,үнтаспа.

Шаттық шеңбері Балалар шеңберге тұрып бір-бірімен сәлемдеседі.Балалар мұғаліммен бірге Т.Айбергеновтың «Өсіп келе жатырмын»өлеңін айтады.

Әңгімелесу Балаларға «Отан»құндылығының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.

  • Отан неліктен қымбат?

  • Отанға деген сүйіспеншіліктеріңді қалай көрсетер едіңдер?

Мәтінмен жұмыс Оқушылардың Отанға сүйіспеншіліктерін арттыру мен Отанды қорғауға даяр тұру қажеттігін ұғындыру мақсатында Е.Естаевтың «Біздің Мәншүк»әңгімесін айтып беру.

Дәйексөз Тақтаға жазылған Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс -күймейсің»деген ұлағатты сөзіне балалардың назарын аударып,оның мәнін ашу.

Жаңа ақпарат Оқушыларға Отан сөзінің мағынасын түсіндіру.

Тапсырма Көп нүкткнің орнына тиісті сөздерді қойып,мақал-мәтелдерді жалғастыру.

Тыныштық сәті Ауызша жұмыстан жазба жұмысқа ауысуы аралығында балалардың денесі,ойы сергітіледі.

Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген «Отан» сөзінің тұсына,оны неге теңейтіндеріңді ойланып жазу.

Қорытындылау Сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндеу.

Жүректен жүрекке Сабақ соңында оқушылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін М.Мақатаевтың «Отан туралы»өлеңін айту.

Өзін- өзі тану . 3-сынып.1-тоқсан

ІІ тарау. Адами қарым-қатынасқа үйренейік

9-шы сабақ.27 -ші қазан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Ризашылық пен алғыс

Өмірге риза болып,алғыс айт. (Халық мақалы)

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін кеңейту;

  • Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін,сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;

  • Әдептілікке,ізеттілікке,кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Мақсаты: Балалардың «сыйластық» құндылылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,қатты қағаздан жасалған сандық.

Шаттық шеңбері Балалар шеңберге тұрып бір-бірімен сәлемдеседі.Балалар мұғаліммен бірге Луиза Хейдің «Ризашылық әнімен»сабақты бастаймыз.

Әңгімелесу

  • Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам өзінің ризашылығын,алғысын қандай сөздермен білдіреді?

  • Сендерге кім,қандай жағдайда алғыс айтты?

  • Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Мәтінмен жұмыс Алғыстың қандай жағдайда айтылатындығын,оқушылардың оны өмірде қолданатындығын білу мақсатында әңгімелеу жұмысы жүргізіледі.Оқушы М.Төрежановтың «Алғыс»әңгімесін оқиды.

Түйіндеме Сабақта Данышпан атаның айтқан сөздерін түйіндеме ретінде ұсыну;

Рахмет!


Жасың ұзақ болсын! Мұратыңа жет!

Таудай бол! Өнерің өрге жүзсін!

Өркенің өссін! Азамат бол!

Бақытты бол! Еліңе қорған бол!

Білімді бол! Айың оңыңнан тусын!

Өнерлі бол! Алла риза болсын!

Бағың жансын! Мерейің үстем болсын!

Сахналау Оқушыларды өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге,алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналауды ұйымдастыру.

Дәйексөз Тақтаға «Өмірге риза болып ,алғыс айт»деген халық даналыған жазып,балалардың назарын аударып, мағынасын түсіндіру.

Жаңа ақпарат Оқушыларға риза,ризашылық,алғыс сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Дәптермен жұмыс Тапсырма:Дәптерге берілген сұлбаға М.Төрежановтың «Алғыс» Әңгімесінің мәтіні бойынша кімнің және кімге алғыс айтқанын орналастыру.

Қорытындылау -Балалар, жылы сөз,қайырымды іс,жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен аямаңдар.Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын,жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңе сақтаңдар.Өмірдің әр-бір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін,көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін,жұмсақ,ұлпа бұлты үшін,жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Жүректен жүрекке Балалар Ғ.Жұмабаевтың «Біздің тілек» өлкңін айтады.Бүгінгі күнге ризашылықтарын білдіреді.

Өзін- өзі тану . 3-сынып.1-тоқсан

10-шы сабақ.3 -ші қараша.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Өзіңді де,өзгені де аяла

Аялауды табиғаттан үйрен. (Халық мақалы)



Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Өзіңді,өзгені аялаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Өзіне,өзгелерге аялы,сыйлы қарым-қатынастарын дамыту;

  • Сүйіспеншілікке,қамқорлыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.

Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,үнтаспа.

Шаттық шеңбері Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады.Барлығы амандасып Д.Әлімжановтың өлең жолдарын айтады.

Талпын жақсы болуға, Білім іздеп,өнер тап,

Күндей сәуле шашатын. Түнді күндей ашатын.

Әңгімелесу -Балалар,бүгін сабақта «Өзіңді де,өзгені де аяла»деген тақырыпта әңгімелесеміз.



  • Аялау деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Сендерді кімдер аялайды?Ал өздерің ше?

  • Аялау қандай сезімге бөлейді?

Мәтінмен жұмыс Оқушылардың аялау туралы пікірлерін білу мақсатында,оқушы «Жанашыр»әңгімесін оқиды.

Сергіту сәті Балалардың денесі сергітіледі.

Жағдаяттарды талдау Оқушылар осы әдіс арқылы сабақта алған білімдері бойынша ойларын түйіндейді.

Дәйексөз Балаларға адамдарды,айналаны риясыз,шын көңілмен аялау қажеттігін ұғындыру мақсатында дәйексөздің мәні түсіндіріледі.

Дәптермен жұмыс Тапсырма:Дәптердегі ребусты шешіп,шешуін жазу.

Қорытындылау Бүгінгі сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндеу.

Жүректен жүрекке Оқушылар Е.Ашықбаевтың «Бөпем менің»өлеңін айтады.


Өзін- өзі тану . 3-сынып.2-тоқсан

11-ші сабақ.17 -ші қараша.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Шаңырақ жарастығы.

Шаңырақ сәні-сыйластық.(Халық мақалы)

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Шаңырақ жарастығы,сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;

  • Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,кесте сызылған плакат.

Шаттық шеңбері Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Мұғалім сабақты жақсы көңілмен, жылы сөздермен бастайды.Е.Өтетілеуовтың «Мен қазақ баласымын»атты өлеңін айтады.

Әңгімелесу Оқушылармен бүгінгі сабақ тақырыбында әңгімелесу үшін сұрақтар қою:

  • Бір шаңырақта тұратын адамдар арасындағы сыйластық туралы айтып беріңдер.

  • Өз отбасының сыйластығы туралы айтып беріңдер.

Мәтінмен жұмысОқушылардың бір үйде тұратын адамдарға деген сүйіспеншілігін арттыруда мұғалім А.Асылбековтің «Сүйіспеншілігі» туралы әңгімесінкідіріспен әңгімелеп беру.

Тыныштық сәті Ауызша жұмыстан жазбаша жұмысқа ауысу аралығында оқушылардың денесі,ойы сергітіледі.
Тапсырма Сабақта оқушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында мынадай тапсырма беріледі:Өлеңді оқып,отбасындағы өз көмектерің туралы айтып беріңде. «Көмек»Е.Ашықбаев.
Дәйексөз «Шаңырақ сәні-сыйластық»деген халық мақалын тақтаға жазып,мағынасына тереңірек тоқталу.
Дәптермен жұмыс Оқушылардың өз шаңырағында әр күннің қуанышты өткізуге дағдыландыру мақсатында дәптердегі тапсырманы орындау.Оқушылардың дәптерде берілген кестенің бірінші бағанасына әр күнді қалай айтатындарын жазады,ал екінші бағанасына мерекелік іс-шараларды жазады.Тапсырманы орындап болған соң,себепті олай атағандарын ауызша айтып шығады.
Қорытындылау Қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндеу.
Жүректен жүрекке Сабақ соңында оқушыларға өз шаңырақтарына жылы лебіздерін білдіру.

Балалар өздерінің жүрекжарды тілектерін кезектесіп айтып шығады.Н.Әлімқұловтың «Балалы үй-базар» өлеңін айтады.



Өзін- өзі тану . 3-сынып.2-тоқсан

12-ші сабақ.24 -ші қараша.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Сіз деген-әдеп,біз деген-көмек.

Көп жүрген жер-көңілді.

Көп еңбегі өнімді.

(Мақал)


Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өмірін дегі мәнін түсіндіру;

  • Бірлесіп еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру;

  • Өзара сыйластыққа,көмекке тәрбиелеу.

Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,түрлі-түсті қағаздан қиып жасалған үйдің макеті.

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады.Б.Үсенбаевтың «Әдеп»атты өлең жолдарын айтады.

Әңгімелесу

  • «Өзара сыйластық»дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сендер қандай жағдайда,кімдерге көмек көрсетесіңдер?

Мәтінмен жұмыс Көпшіл болудың мақсатында Е.Өтетілеуовтың «Бірлік» атты әңгімесін оқу.

  • «Бірлік» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Жалғыз боп істеген жұмыстан көп болып жасаған істің қандай айырмашылығы бар?

  • Сендер достарыңмен бірлесіп жұмыс істегенде қандай сезімге бөлендіңдер?

  • Жалғыз істегенде ше?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Сахналау Балалар А.Естеновтың «Бес нәрсеге асық бол!» өлеңін сахналап көрсетеді.

Жағдаяттарды талдау Балалардың сабақта түйген ойларын бекіту мақсатында жағдаяттарды талдау ұйымдастырылады.

Дәйексөз Оқушылардың ойлары дәйексөздің мәні түсіндірілу мен түйінделеді. Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.

Ойын-жаттығу Ортадағы үстел үстіне үй макетінің қатты қағаздан жасалған іргетасын, керегелерін,шатырын,есік-терезесін жайып қояды.Әр қағаздың артқы бетіне көпшілдік,бірлік,сыйластық туралы ізетті сөздердің,мақал-мәтелдердің бір сөзі қалдырылыпр,алдын ала жазылады.ББұл жай үй емес,бұл- «достық», «бірлік»үйі.

Жаңа ақпарат «Адамдар арасындағы ізгілік,сыйластық қарым-қатынасынан әдептілік туады».Әдепті адам биязы,инабатты,ізетті,сыпайы,тәртіпті болады.

Дәптермен жұмыс Балалардың «Сіз», «біз» ұғымдарының мәнін жете түсінуі үшін мынадай тапсырма беріледі: «Сіз», «біз»деген жылы сөз» атты өлеңнен түйген ойларын жазу.

Қорытындылау

- Әрбір адам «Сіз»бен «біз» туралы ұмытпаса,оны өмірде қолданбаса,онда барлық адамдар бір-бірімен жарастығын,сыйластығын табады,әлемде тыныштық орнайды,бейбіт,бақытты өмір болады.



Жүректен жүрекке Балалар сабақтан алған түсініктерік достық шеңберін құру арқылы білдіреді.Бәрі бірге ортаға шеңбер құрып тұрып,бір бала екі жағында тұрған баланың да арқа тұсынан екі қолын айқара оларды құшаққа алады,әрбір бала осылай жасағанда балалар құшағынан құралған үлкен шеңбер пайда болады.Шеңбер құрылып біткенде, бірі бірге қуанышты сезіммен: «Сіз», «біз» бірге болайық!,деп үш рет қайталайды.

А.Естеновтың «Әдеп» өлеңін айтады.



Өзін- өзі тану . 3-сынып.2-тоқсан

13-ші сабақ.1 -шіжелтоқсан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Ойнай білу де-өнер

Бәрінен күшті адам-өзіне-өзі ие болатын .

Сенека.


Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

-Шыдамдылық,сабарлылық,ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіну.

-Жағымды қарым-қатынас жасау іскерлікткрін дамыту.

-Көпшілдікке,әділдікке,кешірімділікке тәрбиелеу.



Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,үнтаспа, «алтын сақа».

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Барлығы қосылып «Айгөлек» әнін шырқайды.

Әңгімелесу Сабақ тақырыбымен таныстыру.

  • Сендер қандай ойын ойнағанды қалайсыңдар?

  • Ойын кезіндегі басты нәрсе не деп санайсыңдар?

Тапсырма Балалардың ойын кезіндегі қарым-қатынастарға деген көзқарасын білу мақсатында жаттығу-ойлану ұйымдастырылады.Берілетін тапсырмаға оқушылардың зейінін аударту:

- Ойын кезінде достарыңмен әр-түрлі келіспеушілік жағдайлар,реніштер болып жатады.Сондай сәттерде қандай шешім қабылдайсыңдар?

Оқушыларды топ-топқа бөліп,әр топқа бір жағдаяттан беріледі.

1.Аяқталмаған ойын. 2.Кім ақылды?



Мәтінмен жұмыс Оқушыларға сабақ тақырыбын кеңінен түсіндіру мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі.Оқушылар мәтінді оқып,талдайды.Сұрақтарға жауап береді.

Дәйексөз -Сенеканың «Бәрінен күшті адам-өзіне-өзі ие болатын адам» деген нақыл сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалып,толықтыру арқылы ой қорытылады.



Ойын Балаларды да жақсы қарым-қатынаста ойнай білуге дағдыландыруда ойын ұйымдастыру.Ойынның шарты:Бір-бірінің ойын кезіндегі жақсы қылықтарын айтып,мадақтау.

Дәптермен жұмыс Ойын кезіндегі достарыңның ұнамды және ұнамсыз әрекеттер туралы өз ойларыңды бос жолдарға түсіріңдер.

Қорытындылау

-Ойын-еңбекке бейімделудің белгісі,дене шынықтыру мен сергітудің құралы және ұжымдық,ұйымдық әрекет.Бірге ойнау кезінде әдептілікпен қатар,әділеттік те қажет.Дөрекі сөз айтып даурығу,бірін-бірі мазақтау-мәдениетсіздік,әдепсіздік болып табылады.Кешірімді болу,әділетті болу,дос көңілін қалдырмау-нағыз адам болуға жетелейді.

Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып,кезектесіп тілек айтып шығады.

- Достықты қадірлей білейік! -Әділетті болайық! -Мәдениетті болайық!

-Әдепті болайық! -Ойын бәрімізге қуаныш сыйласын!

-Ойнайық та,тойлайық!

Сұлтан Қалиевтың «Біз ойнаймыз » өлеңін айту.

Өзін- өзі тану . 3-сынып.2-тоқсан

14-ші сабақ.8 -шіжелтоқсан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Ұл бала мен қыз бала.

Ел ұлымен берік,қызымен көрік.

Халық даналығы.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

-Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінк қалыптастыру;

-Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-Инабаттылыққа,достыққа,сыйластыққа тәрбиелеу.



Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,үнтаспа,екі плакат,жанатын шам,маркер.

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Барлығы қосылып «Біз туған ел баласы» әнін шырқайды.

Әңгімелесу Оқушылар әңгімелесу кезінде:

  • Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болу керек?

  • «Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық дегенді қалай түсінесіңдер?» деген сауалға өз ойларын білдіреді.

Жағдаяттарды талдау Оқушыларға сабақ тақырыбын кеңінен түсіндіру үшін жағдаяттарды талдау ұйымдастыру.Оқулықта түрлі жағдаяттар ұсынылған.Оқушылар осы суреттердің мазмұнын түсініп,талдап жағдаяттарды шешеді.Өз шешімдерін сынып алдында жария етеді.

Мәтінмен жұмыс Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластықты қарым-қатынасты түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысын ұйымдастыру.

Шығармашылық жұмыс Оқушылардың ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық қарым-қатынастарын дамыту мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастыру.



Ойын Ұлдардың қыздар туралы,қыздардың ұлдар туралы жақсы ойларын білу мақсатында «Егер ұл болсам.............,егер қыз болсам........» атты ойын ұйымдастырылады.

Оқушылар кезектесіп ұл болса «егер мен қыз болсам...»дегенді өзінің ойымен жалғастырып айтады,қыз болса «егер мен ұл болсам....» дегенді өз ойымен жалғастырады.Айта алмай қалған оқушы айып тартады.

Күтілетін жауаптар:

Егер мен ұл болсам елімді қорғаймын,қыздарға көмектесемін,қыздарды ешқашан ренжітпеймін,қыздарға ауыр сөз айтпаймын және т.б.

Егер мен қыз болсам өте таза жүремін,дөрекі сөз айтпаймын,даусымды көтеріп сөйлемеймін,адамдардың бәріне қуаныш сыйлаймын,бәріне мейіріммен қараймын,ұлдарға көмектесемінұлдармен қыз баламен достасқандай достаса аламын,ұлдарды сыйлаймын және т.б.

Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген ұл бала (Алпамыс) мен қыз баланың (Махаббат)суреттерінің жан-жағына «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап жазу.

Қорытындылау Бүгінгі сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндеу.



Жүректен жүрекке Сабақ соңында оқушылар бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынастарын жылы лебіздермен білдіреді.

Ермек Өтетілеуовтың «Ұл бала мен қыз бала » атты өлеңін барлығы қосылып орындайды.



Өзін- өзі тану . 3-сынып.2-тоқсан

15-ші сабақ.15 –ші желтоқсан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Дос болайық,бәріміз!

Татулық-достық кепілі.

Халық мақалы.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Татулық,достық,адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • Достыққа,татулыққа,бірлікке тәрбиелеу.

Мақсаты: Балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,үнтаспа,саңырауқұлақтың үлгісі(қолшатырдан жасауға болады,жануарлардың маскалары..

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Барлығы қосылып «Татуласу» атты өлең жолдарын қайталайды.

Әңгімелесу

  • Достықты,татулықты қалай түсінесіңдер?

  • Достарыңды ренжітіп алсаңдар,қалай татуласар едіңдер?

Жағдаяттарды талдау Балалардың достық туралы пікірлерін білу мақсатында жағдаяттарды талдау ұйымдастыру.

Мәтінмен жұмыс Сабақта тақырыпты кеңірек меңгертіп,оқушылардың білімдерін арттыра түсу мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі.

  • «Бірлесе көтерген жүк жеңіл»деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз «Достық»құндылығының мәнін аша түсу үшін дәйексөздің мағынасын түсіндіру.

-Шын достар уәдесінде тұрады,ойындары,сөздері жарасады,бірін-бірі ренжітпейді,қуантқысы келеді,бір-бірінің көңіліне қарайды.Ал осы айтылғандар татулық белгісі.Сондықтан да шын достыққа татулық арқылы қол жеткізуге болады.



Сахналау Оқушылардың достықтың мәнін жете түсінуі үшінөздерінің орындауында сахналау ұйымдастыру.

Алдын ала үйге берілгенмәтіндер бойынша үйден дайындалып клген балаларды(ертегі кейіпкерлерін) арнайы безендірілген сахнаға шақыру.Әр балаға өзінің ойнайтын рөлі түсіндіріледі және маскаларын кигізу.Сахнаның оратасында үлкен саңырауқұлақ тұрады.Балалар «Саңырауқұлақтың саясы» атты ертегіні сахналайды.



Жаңа ақпарат « Мақсат-мүддесі,арман-тілегі,талап-талғамы үйлесімді адамдар арасында достық болады.Адамдардың бір-біріне адалдығы мен сенімділігі достық қарым-қатынасты нығайтады.»

Дәптермен жұмыс «Досыңды құрметте» нақыл сөзі шығу үшін әріптерді дұрыс орналастыру.Құрастырған сөзді бос торкөздерге жазу.

Қорытындылау

-Достықтың күші –бірлікте,кепілі-татулықта.Біз де сыныптас достарымызды қолдап,қол ұшын беруге әр қашан дайын болайық.



Жүректен жүрекке Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Бір-біріне сағаттың тілінің бағыты бойыншакезекпен достық тілектерін білдіреді.

-Адал достық тілеймін! -Ынтымақ тілеймін!

-Досым,сені сыйлаймын! - Татулық тілеймін!

-Қиын шақта қолдаймын! - Достықты қадірле!

Оқушылар Ақтамберді жыраудың «Балаларға өсиетін» айтады.


Өзін- өзі тану . 3-сынып.2-тоқсан

16-ші сабақ.22 –ші желтоқсан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Дос болайық,бәріміз!

Әрқашан тілектес

Досыңа көмектес.

Е.Өтетілеуов.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:


  • Достық ұғымының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

  • Өзара көмек,жолдастық,сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

  • Достыққа,қамқорлыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: Балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,оқулық,дәптер,түрлі-түсті қарындаштар.

Шаттық шеңбері Оқушыларға шеңберге тұрып,бір-біріне достық лебізін білдіруді ұсыну және шеңберде тұрып мына өлең жолдарын екі рет қайталайды:

Күнде шат күліп күн, Өміріміз көңілді,

Шаттанамыз бәріміз. Мәңгілік достықпен

Мақтанамыз бәріміз!



Әңгімелесу

  • Адал достықты қалай түсінесің?

  • Досыңа көмекті,қамқорлықты қалай жасайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс Оқушыларға дос қадірін түсіндіру үшін әңгімелесу жұмысын ұйымдастыру және «Сазды хикая» атты ертегіні нақышына келтіріп әңгімелеп беру.

Дәйексөз -Дос адам бір-біріне қашанда тілекші,көмекші.Досыңа әрдайым тілектестік білдіріп,оның айтқан сөзін,істеген ісін қолдап,қажет кезінде көмегіңді көрсетіп жүргенің дұрыс болады.Адалдық,сенім нағыз достарға тән қасиет.

Сергіту сәті Ойлану жұмысының алдында балалардың денесі сергітіледі.

Санайық жаңаша: (Орындарынан тұрады.)

Бір,екі,үш.. . (Екі қолын алға,жоғары,екі жанына созады.)

Желбіре жалауша! (Қолдарын жоғары көтеріп,ары-бері бұлғайды.)

Достықта біздің күш! (Қолдарын ішке қарай бұғады.)

Жағдаяттарды талдау Балалардың достық қарым-қатынастар туралы ойларын өмірдеқолдануға дағдыландыру үшін жаттығу-ойлану ұйымдастыру.

Ойын Оқушылардың бір-біріне достық қарым-қатынастарын дамыта түсу үшін «Кімнің дауысы?» атты ойын жүргізу.

Дәптермен жұмыс Оқушылардың достық туралы ізгі ойлары дәптердегі тапсырманы орындау барысында беки түседі.

1. -Дәптердегі екінші тапсырма бойынша ребусты дұрыс шешу.

Шешуі: «Досыңа ауыр сөз айтпа.»

2 . Дәптердегі екінші тапсырма бойынша мақалдарды аяқтау.



Қорытындылау Сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндеу.

Жүректен жүрекке -Адамдардың бір-біріне деген ең қымбат сезімдерінің бірі-достық.Ал адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі-достаса білу.Сол себепті, балалар әрқашанда дос болайық,бәріміз!

Балалар шеңбер құрып,үнтаспаға қосылып «Дос болайық,бәріміз» әнін бәрі бірге қосылып айтады.



Өзін- өзі тану . 3-сынып.2-тоқсан

17-ші сабақ.29–шы желтоқсан.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Жылы жүрек-жақсы тілек

Жақсы сөз-жан семіртер.

Халық мақалы.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Жақсы тілек,ізеттілік,ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • мейірімділікке,ізгілікке тәрбиелеу.

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,оқулық,дәптер.

Шаттық шеңбері Балалар,бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін» құайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досмыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен,көтеріңкі көңілмен,күлімдеген көзбен жеткізейік:

-Сен нағыз доссың,ең әдемі қызсың,мейірімдісің,өте ұқыпты баласың,адал доссың,қайырымдысың,әдептісің,өнерлісің,еңбекқорсың,ақкөңілсің,т.б.

-Жарайсыңдар,балалар!Әрбіріңнің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп,қатты қуанып тұрмын.Енді бәріміз қосылып, «Көңілді балалар» өлеңін айтайық.

Әңгімелесу


  • Адамдарға жылы жүрек пен жақсы тілек тілегенде қандай сезімде болдыңдар?

  • Ал өздеріңе жақсы тілек ,жылы сөз айтқанда қандай сезімге бөлендіңдер?

Тыныштық сәті

-Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп,жүрек жылуымызды адамдарға,айналамыздағыларға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.



Мәтінмен жұмыс

Жылы жүрек,жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында Е.Шайқыұлының «Жақсы ата» әңгімесін оқып беру.



Дәйексөз

-Жақсы ой,жылы лебіз,жақсы тілек адамды шаттандырады,қуантады, бақытты етеді.Ауыр сөз,жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді,мұңайтады,оны уайымға салады.



Тапсырма

Оқулықта берілген суреттегі кейіпкердің орнына өздерін қойып,жақсы сөз,жылы тілек айту ұсынылады.



Сергіту сәті

Бәріміз орнымыздан тұрып,барша адамзатқа,айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып,көрсетейік.

Шөліркемей гүл тұрсын, (Сол қолын жайып көрсетеді.)

Жерім жайнап құлпырсын. (Оң қолын жайып көрсетеді.)

Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді.)

Көкте мәңгі күн тұрсын. (Екі қолын екі жаққа жаяды.)

Ортақ бізге туыстық (Екі қолын төбесіне көтереді.)

Нұр сыйлаған күн ыстық. (Қолдарын жаяды.)

Ыстық бізге кең өлке, (Оң жаққа қарайды.)

Ыстық бізге тыныштық. (Сол жаққа қарайды.)



Дәптермен жұмыс

Тапсырма: «Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер күнделігін» арнап.саған көрсеткен жақсылықтар мен айтқан жылы сөздер,тілектерді жазып жүру.



Қорытындылау

-Бір-бірімізге жақсы ,жылы сөздер көп айтылса,өмір мейірім мен қайырымға толы болып ,қуаныш пен шаттыққа кенеледі.Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жақсы тиетін жылы сөздерді жиі айтып жүрейік.



Жүректен жүрекке

«Жақсылық шеңберін» құру үшін әр оқушы ортаға шығып,өзінің айналасына жасаған игі істерін қимылмен көрсетуі немесе сөзбен айтуы тиіс. Осылайша шеңбер кеңейе береді.

Балалар жақсы қасиеттерін бір-біріне көрсете отырып,жақсылық шеңберін құрады.

Өзін- өзі тану.3-сынып.3-тоқсан.18-19-шы сабақ.12–19-шы қаңтар.2010-ж.

Сабақтың тақырыбы: Ұқыпты бала-әдепті бала

Ұқыптының уақыты мол.


  • М.Әлімбаев.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • ұқыптылық,жинақылық,әдептілік туралы түсінік беру;

  • сыпайылылық қарым-қатынастарын дамыту дамыту;

  • ұқыптылыққа,жинақылыққа,әдептілікке тәрбиелеу.

Мақсаты: Балалардың әдептілік,сыпайылық адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,оқулық,дәптер.

Шаттық шеңбері

- Балалар,қайырлы күн!Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Шаттық шеңберінде тұрып бір-бірімізді қуанышты көңіл күйде жылы жүректен,жақсы тілекпен,игі әдеппен сәлемдесейік.Е.Ашықбаевтың «Мен өсемін» атты өлеңін қосылып айтайық.

Әңгімелесу

  • Ұқыпты болу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ұқыптылық не үшін қажет?

  • Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс

Е.Өтетілеуовтың «Ұқыптылық»әңгімесін оқу,мазмұнын сұрақтар қою арқылы сұрау.



Дәйексөз

-Ұқыпты бала әрқашанда өз жұмыстарын уақытылы орындайды.Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да,оқуға да,ойнауға да ,серуендеуге де,қонаққа баруға да,дос,жақын,туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді.

Тапсырма

Оқулықта берілген көп нүктенің орнына ұқыпты,ұқыпсыз сөздерін қойып,мақалдар мен жаңылтпашты оқу.



Жаттығу-ойлану

Балалар үш топқа бөлінеді.Әр топ ұқыпсыздықтан арылудың жолдары туралы ойланып,ойларын қағаз бетіне түсіреді.1-2 минут беріледі.Әр топ өз ойларын қорытқан соң,ойларын ортаға салады.Оқушылар бір-бірімен пікір алысады.



Түйіндеме

Оқушыларға «Ұқыпты болудың жолын біліп алуға» кеңес беріледі.



  1. Күнделікті өзіңе тиесілі жұмысты атқаруды ұмытпа.

  2. Бір күндік жұмыс кестесін құрып ал.

  3. Мерекелік күндерді белгілеп қой.

  4. Атқарылатын істеріңді жоспарлап ал.

  5. Жақын, туыс адамдардың туған күнін есте сақта

  6. Өз істеріңді қадағалау үшін күнтізбені серік ет.

  7. Айналаңа мұқият бол.

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың жаттығу –ойлану тапсырмасын орындау нәтижесіндегі ойларын бекіту үшін әңгімелеу жұмысы ұйымдастыру.Алдын ала дайындалған бір оқушыға мәтінді әңгімелету.

Мәтін туралы балалардың ойлары мына сұраққа жауап арқылы алынады:

-Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Мүмкін бе? Неліктен?


Жаңа ақпарат

Оқушыларға ұқыптылық сөзінің мағынасын түсіндіреді. «Ұқыпты адам тәртіпті,тыңғылықты болады.Ондай адам өз іс-әрекетінде үнемі жинақылық танытады.»



Тапсырма Оқушыларға өлеңді оқытып,сұраққа жауап алу.

Қарапайым ереже

Б.Ысқақов

Өмірде бар,ей,достар, Тоқығанның,ғылымның.

Қарапайым ереже, Онсыз сені көркейтпес

Қонбаса егер ол басқа, Қызметің мен еңбегің,

Қонбас білім,дәреже. Онсыз саған көрсетпес

Онсыз іске аспайды Халық-құрмет,ел-сенім.

Оқығанның білімін, Мүмкін,біреу түсінбес,

Онсыз өрге баспайды Дер:-Бұл қандай ереже?



  • Сеніңше бұл қай ереже

  • Өзің қандай ережелерді сақтайсың? Неліктен?


Жаңа ақпарат

Әдептілік-әр түрлі жағдайда мінез-құлық ережелеріне сәйкес өзіңді ұстай білу.Әдепті адам өзін,өзгелердің ісіне жөнсіз араласпайды,дөрекі түрде,намысқа тие немесе мысқылдай сөйлемейді,біреудің дене кемістігін бетіне басып айтпайды.Әдепті адам өз мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сын көзбен қарап,өзін-өзі тәрбиелей алады. Жақсы мәнер мен жақсы талғам адамды сыпайы әрікөрікті етеді.



Сахналау

Көшедегі,қоғамдық көліктегі,жол үстіндегі және табиғат аясындағы мінез-құлық ережелерін сахналап көрсетіңдер.



Түйіндеме

  • Сыныптастарыңмен санас,оларды құрметте;

  • Басқалардың өзіңмен қалай қарым-қатынас жасағанын қаласаң,өзіңді нақ солай ұста;

  • Сыпайы,достық пейілменсәлемдес;

Сыпайылық және әдептілік ережелерін сақтау табиғи болуы тиіс.

Қорытындылау

-Ұқыпсыздықтан арылу үшін барлық жұмыстары дер кезінде орындап отырған жөн.Оқу құралдарын ,киімді таза ұстап,әдеппен сөйлеп, әдеппен тамақтануға тырысу керек. Өзіміздің де,өзгелердің де уақытын қадірлейік.



Жүректен жүрекке

Шеңбер құрып «Бір аптада» өлеңін қосылып оқу.

Бір аптада

М.Жаманбалинов

Бір аптаның күндері өтті:

Дүйсенбіде гүлдер ектім,

Сейсенбіде жуа тердім,

Сәрсенбіде су әкелдім,

Бейсенбіде бақша баптап,

Жұма күні тақпақ жаттап,

Сенбі де мен кино бардым,

Жексенбіде бір демалдым.

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам.




Өзін- өзі тану.3-сынып.3-тоқсан.20-21-ші сабақ.26–қаңтар,02-ші ақпан.2010-ж.

Сабақтың тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді

Адамның сәні-өнер,білім,ақылы.

Жетес шешен

Мақсаты: «Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

-өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

-өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру;

-өнерпаздыққа,өнерді,сұлулықты сүюге тәрбиелеу.



Көрнекі құралдар: үнтаспа,дәптер,оқулық,ақ парақ (бала санына сай),қоржын,сақина,түрлі түсті қарындаштар, «үкілі домбыра».

Шаттық шеңбері Балалармен бірге шеңбер құрып тұру,сәлемдесу.Д.Әлімжановтың «Өмір таны,өнер қу»өлеңін оқу.

Өмір таны,өнер қу

Өмір таны,өнер қу, Өнер сүйсең жиренбе,

Өнер табу-ол да оқу. Дамыта бер,үйрен де.

Талаптансаң тартынба, «Өнер алды кең»,-деп біл,

Өз күшіңде жол табу. Қалсын үлгі кейінге!

Әңгімелесу

  • «Өнерлі өрге жүзер»дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам өнерді не үшін үйренеді?

Мәтінмен жұмыс Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында К.Сегізбаевтың «Құмға салған сурет»әңгімесін оқып беру.

  • Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінеді?

  • Ә.Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті?

  • Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?

Сергіту сәті

Домбырам күмбірлеп,(Сол қолын жанына көтеріп,домбыра тартады.)

Күй шерте аламын,Бұрала би билеп,(Екі қолын кезекпен көтеріп,би қимылдарын жасайды.)

Сурет те саламын.(Қылқалам ұстаған қимылдарды көрсетеді.)

Ұқсатып кілемге.(Ауада төртбұрышты сызады.)

Кесте де тігемін.(Ине ұстап ,тігін тіккен қимыл жасайды.)

Актерше рөлде(Күліп,қабағын шытып,әдемілеп,киімін қолымен шашын түзейді.)

Ойнай да білемін,жалықпай талай күн,(Ермексаз илегенді қолымен көрсетеді.)

Жасаймын мүсінде,өнер көп бойымда.(Екі қолын жаяды.)

Мақтану маған жат.(Өзін көрсетеді.)



Жаттығу-ойлану

Мұғалім өз ойынан тапсырма береді.Балалар соны өмірде қалай ұқсастырып қолдануға болатындығы туралы ойланып,айтып береді.



Дәйексөз

-Адам өнер,білім,ақылмен ерекшеленеді.Олай дейтініміз білім,ақыл арқылы табысқа,қуанышқа,бақытқа жетуге болады.Өнерлі,білімді,ақылды адамның жаны сұлу,мінезі де сыпайы,адамдармен қарым-қатынасы жақсы,қашанда көңіл-күйі көтеріңкі болады.



Мәтінмен жұмыс

Оқушылар Қ.Қайымовтың «Ақын деген кім?» мәтінін оқып танысады.Мәтін мазмұнында айтылғандай ақынның «жүрегі үлкен болады»,өнер адамының қай-қайсысы болса да халқына жақын болады,елін сүйеді,адамдарды құрмет тұтады,деген тұжырымға балалардың назарын аударту.



Жаңа ақпарат

«Қоршаған әлемді көркемдкп бейнелеу көрінісі өнер деп аталады.Адамның өнерпаздығы оның қабілеті,шеберлігі,іскерлігінен көрінеді.»



Дәптермен жұмыс

Тапсырма: Дәптерде берілген ребусты шешу.Шешуі: «Өнерлі бала сүйкімді.»



Қорытындылау

-Өнерлі деп тек қана бір өнер түрін игерген адамды айтпаймыз.Сол өнерін,білімін,ақылын ұқсатып,өнерін біліміне,ақылына сай етіп өмірде қолдана алатын адамды да өнерлі деп атаймыз.



Жүректен жүрекке

-Балалар, кез-келген өнер түрі,соның ішінде ән,күй өнері адамға рухани күш,әр түрлі жақсы сезімдер сыйлайды.соны біз де сезініп көрейік.

Балалар шеңбер құрып,қол ұстасып тұрады.Үнтаспадан домбырада орындалған сазды баяу күй естіледі.Балалар күйдің әуенімен тербеліп,қолдарын бұрынғыдан да қаттырақ қысады.Ө.Тұрманжановтың «Бәрі жақсы өнердің» өлеңін айтады.

Сыныбы:3а.Күні: 17.02

Сабақтың тақырыбы: Жаным толған жақсылық.

Мақсаты: Балалардың жақсылық ,махаббат адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту..

Көрнекіліктер: дәптер,оқулық,суреттер.

Шаттық шеңбері: - Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Мұғалім балаларға шаттық шеңберін құруды ұсынады.Балалармен бірге Ертай Ашықбаевтің «сурет салам» өлеңін оқиды.

Сурет салсам...

Сурет салсам-гүл салам,

«Гүлге толып тұрса алаңым»-деймін мен.

Сурет салсам-гүл салам.

«Күндей күліп тұрса маңым», деймін мен.

Суретсалсам-қала салам.

«болсын барлық баласы аман», деймін мен.

Сурет салсам-Адам салам,

«Қорған болсын маған ,саған» деймін мен.

Тапсырма: Балалар өикен сабақта мейірімділік адамның жақсы қасиеті екен туралы әңгімесекен болатынбыз. Олай болса сендерге «Мен мейірімді баламын»тақырыбына әңгіме жазып келіңдер деп тапсырма бергенмін .Қанеки кім айтады тапсырманы.

Балалар жауаптары тыңдалады.

Мұғалім жаңа тапсырманы түсіндіру үшін әңгімелесу жүргізеді.

--Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесің?

-Өздерің жақсылық істерң туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Мәтінмен жұмыс:

Әдепті адам өзін,өзгелерді ыңғайсыздық жағдайда қалдырмайды. Жақсы мәндер мен жақсы талғам адамды сыпайы әрі көрікті етеді. «жан ана» әңгімесін мәнерлеп оқып,сұрақтарға жауап тыңдалады.

Әңгімеде не айтылғандығын білу үшін :

-Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

-Бала жауаптыры тыңдалады.

Дәйексөз: Ы.Алтынсариннің «Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе». Деген нақыл сөзінің мағынасын түсіндіремін. Яғни біреуге жақсылық жасап,жасаған жақсылығыңды бұлдап ,міндет етпеу керектігін айтамын.Адамға жақсылық жасаған соң риясыз жасау керек.Шын көңілмен,жанашырлықпен адал ниетпен жасаған іс.Жасаған жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.Істеген ісіңе ақы сұрама деген .

Шығармашылық жұмыс:

Балаларға тамшы салынған суреттерді таратып,әр оқушы берілген тамшыға істеген жақсылығын жазып,жария етеді. Барлық тамшыны қосқанда дария көл болып,әр адамның жаны жақсылыққа толы болса ,жер бетінде бейбітшілік болып,адамдар бақытты өмір сүреді.

Тапсырма : Оқулықтағы сурет бойынша балалар өз ойын айтады.

Жүректен жүрекке.Балалармен бірге шеңбер құрып тұрып оқушының айналасына деген сезімін арттыру үшін тілектер айтқызады.

-Мен анама ұзақ ғұмыр тілеймін

-Ұстазыма денсаулық тілеймін.

-Сыныптастарыма сәттілік тілеймін. т.с.с

Сыныбы:3а.Күні: 14.03

Сабақтың тақырыбы: Жаны саудың-тәні сау.

Мақсаты: Балалардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту..

Көрнекіліктер: дәптер,оқулық,суреттер.

Шаттық шеңбері: - Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Мұғалім балаларға шаттық шеңберін құруды ұсынады.

-Балалар табиғат ана талғамай ,барлығына бірдей жақсылық жасайтынын өткен сабақта айтқан болатынбыз. Олай болса , біз де табиғат күніндей дөңгелене тұрып ,күлімдеп,барша жанға жақсылып тілеп ,амандасайықшы.

М: -Балалар, «Жақсы сөз жан сауықтырады» дейді дана халқымыз. Ал жанымыз сау болса тәніміз де сау болады. Біз бірімізге біріміз жақсы сөздер айтып, қуантайық.

Әңгімелесу. «Жаны саудың- тәні сау дегенді қалай түсінесің?»

-Адам өз денсаулығын қалай жақсарта алады.

-Өздерің белгілеген күн тәртібін орындай аласыңдар ма?

Дәйексөз. Т.карлейльдің «Дені сау адам –табиғаттың ең қымбат жемісі.» деп жазып оның мәнін түсіндіремін. «Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі» деген дені сау адамға ештеңе жоқ дегенді білдіреді. Оған қол жеткізу өзіміздің қолымызда. Ол үшін алдымен жан саулығына көңіл аударған жөн. Ешкімді ренжітпей,ауыр сөз айтпай барлығына жақсылық тілеп ,қуаныш күлкі сыйлап ,өзің туралы,өзге туралы тек қана жақсы ой ойлау керек.

Өзіммен-өзім: -Балалар денелерін бос ұстап, арқаларын тік ұстап көздеріңді жұмсаңдар да болады. Біріміз-қызыл болып піскен алма, келесіміз тәттілігі тіл үйіретін шабдалы, біpдің еш жерімізге дақ,құрт түспеген .Біздің еш жерімізге дақ түсірмеген жер анаға алғысымызды айтудамыз. Бірімізге қарап ,еш жерімізден кемшілік көрмей ,дәнне пайда болып түйін салғанда қандай болсақ,сол қалпында сақталғанымызға масаттанамыз. Осы сезіммен көзімізді ашамыз.

Жаңа ақпарат:

Денсаулық дегеніміз адам ағзасының жан жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің дұрыс жүзеге асыра білуі. Адамның дене шынықтыруы , үнемі денені таза ұстауы ,күн тәртәбән орындай білуі және адамның көңілді ,қуанышты болуы да денсаулықты сақтауға көмектеседі.

Мәтінмен жұмыс: «Қандай тілек жақсы?» әңгімелеп айтып беру.

Сұрақтармен жұмыс:


  • Амантайдың әрекеті туралы не айтасыңдар?

  • Апасының әрекеті туралы не айтасыңдар?

  • Неліктен жаман тілек тілеуге болмайды?

  • Сендер амантайдың орнында болсаңдар ,қандай тілек тілер едіңдер?

Оқушы жауабы мұғалім тарапынан түйінделеді.

-Дұрыс айтасыңдар балалар ,Амантайдың апасының тілегі өте жақсы тілек. Жақсы тілек адамды жақсылыққа жетелейді. Өйткені апасы өз балаларына жақсы өмір ,амандық тіледі.Сондықтан таңертең тұрғаннан жақсы тілектермен ояну керек.

Дәптермен жұмыс.

Сыныбы:3а.Күні: 05.05

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық - зор байлық.

Мақсаты: Балалардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту..

Көрнекіліктер: дәптер,оқулық,суреттер.

Шаттық шеңбері: - Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Мұғалім балаларға шаттық шеңберін құруды ұсынады.

-«Спорт біздің досымыз» әнімен бастау.

М: -Балалар, жанымыз сау болса тәніміз де сау болады.

Әңгімелесу. -Спортпен шұғылдану адамға не үшін қажет деп ойлайсың?

- Өздеріңе спорттың қандай түрлері ұнайды?

-Қандай спорт түрімен шұғылданасыңдар?

-Адам өз денсаулығын қалай жақсарта алады.

-Өздерің белгілеген күн тәртібін орындай аласыңдар ма?

Дұрыс айтасыңдар, спортпен шұғылданған адамның дені сау, сымбатты болып өседі. Еңбекке жарамды ,

сергек ,көңіл күйі көтеріңкі болады.

Өзіммен-өзім: -Балалар денелерін бос ұстап, арқаларын тік ұстап көздеріңді жұмсаңдар да болады. Біріміз-қызыл болып піскен алма, келесіміз тәттілігі тіл үйіретін шабдалы, біpдің еш жерімізге дақ,құрт түспеген .Біздің еш жерімізге дақ түсірмеген жер анаға алғысымызды айтудамыз. Бірімізге қарап ,еш жерімізден кемшілік көрмей ,дәнне пайда болып түйін салғанда қандай болсақ,сол қалпында сақталғанымызға масаттанамыз. Осы сезіммен көзімізді ашамыз. .

Мәтінмен жұмыс: «Ең үлкен байлық» ертегісін айтып беру.



Сұрақтармен жұмыс:

  • Жігіт байлықты қалай түсінді?

  • Үлкен адамның кеңесінен соң жігіттің «байлық» туралы көзқарасы өзгерді ме?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет