Сабақтың тақырыбы : Практикалық жұмыс Растрлық (нүктелік) және векторлық графика



Дата20.06.2018
өлшемі286,5 Kb.
#44102
түріСабақ
Пән аты: Информатика

7 сынып 7 «А», 7 «Ә», 7 «Б», 7 «В», 7 «Ғ» Мерзімі: 04.02.2015жыл

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс Растрлық (нүктелік) және векторлық графика.

Сабақтың мақсаты Оқушыларды векторлық және растрлық графикамен тағыда бір шолып практика жүзінде істеп көру

Білімділік – Оқушылардың Векторлық және Растрлық тақырыптарында білімдерін тексеру.

Дамытушылық –Оқушылардың логикалық ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: практика сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»

4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;



б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  2. Тест сұрақтары

Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақ

Растрлық графика деп суреттердің нүктелер немесе пиксельдер түрінде берілуін айтады. Базалық элементі нүкте.

Артықшылығы: түзетуге, әдемілеуге, нүктелерді алып тастауға немесе қоюлатуға, әр нүкте түсін өзгертуге болады.

Кемшілігі: суретті үлкейтіп-кішірейткенде бастапқы сапасын жоғалтады.

Растрлық редакторларға: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint, Paint.

Векторлық графика деп сызық, доға, шеңбер, тікбұрыштар түріндегі геометриялық объектілер жинағынан тұратын суреттерді айтады. Базалық элементі сызық.

Артықшылығы: өзгерткенде сапасы жоғалмайды, шексіз үлкейтуге болады.

Кемшілігі: суретті нүктелермен кескіндегендей (фотосуреттей) дәл бере алмайды.

Векторлық редакторларға: MS Word, CorelDRAW т.б.
Фракталдық графика деп математикалық формулалардың графиктері түрінде берілетін суреттерді айтады. Базалық элементі математикалық формула. Мысалы y=ax2+bx+c формуласы параболаның суретін береді.

Артықшылығы: Компьютер жадында сурет емес, оның формуласы сақталынатындықтан өте аз орын алады.

Кемшілігі: фотосуреттер мен көркем суреттерді айқын көрсете алмайды.
Тест сұрақтары

1.Түрлі түсті кескін нүктесі ... орын алады.

А) 3 бит б) 1 бит

Ә) 8 бит в) 4 бит

2.Векторлық кескіндер ... объектілері жинағынан тұрады.

А) нүкте және сызық

Ә) сызық, доға, дөңгелек, тік төртбұрыш

Б) шекара және құю

В) ASCII стандарттық кесте

3.Қарапайым объектімен бейнеленетін математикалық формулалардың жинағы түрінде ұсынылатын графикалық кескін ... болады.

А) растрлық б) фрактальдық

Ә) векторлық в) түрлі түсті

4.Кескінді созу немесе сығымдау ... деп аталады.

А) растрлеу Ә) масштабтау

Б) түрін өзгерту В) редакциялау

 5.Ақ-қара кескін нүктесі ... орын алады.

А) 4 бит Ә) 10 бит

Б) 1 бит В) 8 бит

 6.Нүктелер немесе пиксельдер жинағы түрінде ұсынылған графикалық кескін ... болады.

А) растрлық Ә) вектролық

Б) фрактальдық В) ақ-қара

Жауабы:


  1. В

  2. Ә

  3. Б

  4. Ә

  5. Б

  6. А


Үйге тапсырма:

§ 23 Растрлық (нүктелік) және векторлық



графика.

№13 (2, 3) 184 бет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет