Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров
«Бір адамға»
Сабақтың мақсаты:
а) С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып,өлеңнің мән-мазмұнын түсіндіру;
ә) оқушыларды адамгершілікке, қайырымды болуға,қоғамдық-саяси дүниетанымын дамыту;
б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, газет-жұрнал т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ой шақыру. Тақтаға тақырыпты жазу.
С.Торайғыров кім? Қандай өлеңдерін білеміз?
Ой өрбіту. Сыныпты үш топқа бөлеміз: баяндаушылар,зерттеушілер, сарапшылар.
«Баяндаушылар» ақынның өмірбаяны жөнінде қысқаша мағлұмат береді.
Ой қозғау. «Бір адамға» өлеңін оқып беру. Осы өлеңнің шығу тарихы және ақынның басқа да өлеңдері жөнінде зерттеу тобы не дайындап келгенін тыңдау.
Сұрақ. Шорманның Садуақасы шен-шекпенді кімнен не үшін алды? Қалай жинады? Әлеуметтік теңсіздікті ашу.
Ой дамыту.
Мәтін бойынша жұмыс.
Осы өлеңде оқиға бар ма, әлде ақынның көңіл-күйі сезімі бар ма?
Неше адам қатысып отыр? Мұнда шал сөзі бар, ол қын атынан баяндалады. Сосын ақынның ішкі ойы,монологы берілген.
Ирония дегенді түсіндіру. Бір қарағанда мақтау сияқты көрінгенмен ,астарында зілді кекесін,мысқыл,әжуа жататын астарлы ойды ирония дейміз.
Мәтіннен иронияны тауып оқыту. Екі-үш шумақ.
Ащы мысқылмен,зілді кекесінмен ашық түрде күлкі ете суреттеуді сатира дейміз. Соңғы үш шумағы. Сатиралық ойды табу.
Оқушылардың баяндағанын қорытындылау үшін синхрондық таблица қолдануға болады.
1893 жыл Көкшетау облысы әкесі Шоқпыт (Әбубәкір)
1908 жыл Баянауыл Әбдрахман медресесі.
1911 жыл Баянауыл Нұрғали мұғалім.
Ой шарықтату. Өлең ұйқасын,тармақтарын талдау (5 шумақты)
а әр тармақта үш шумақ
а қара өлең 11 буын
б ұйқас 11 буын
а 11 буын
11 буын
Білімді бекіту: Сөздік жұмысы. Ой қозғау
Оқа-әшекейлі зат.
Бұлды түйме-бағалы ілгек
Шекпен-түйенің жүнінен жасалған сырт киім
Нақақ-адал,бейкүнә
1. 1 шумақты үш қайталап жаттау.
2. Өлеңді бөліп мәнерлеп оқытып шығу.
3. Деңгейлік тапсырма.
І деңгей. 4-шумақты қара сөзге айналдырып жазу.
ІІ деңгей. Осындай ирониялық сарында жазылған А.Байтұрсынұлының қандай шығармасы бар? Мазмұнын естеріне түсіруі.
І деңгей. Өлең мазмұнын айт.
ІІ деңгей. Осы өлең арқылы Шорманның Садуақасына мін,ездеме бер.
ІІ деңгей. Осы өлең идеясымен мәндес мақал-мәтел айт.
ІІ деңгей. Өзің біреуді әжуалап өлең шығарып көр.
Ой қорыту.
Insert стратегиясы бойынша жұмыс.
V
|
+
|
?
|
Білемін
|
Білдім(мен үшін жаңа ақпарат)
|
Білгім келеді
|
Панасы жоқ таудан без.
Пайдасы жоқ байдан без.
Итті күшігім-күшігім десең,аузыңды жалайды.
Өзін-өзі мақтаған өліммен тең.
Жеп тоймаған жалағанмен тоймайды.
Басы ауырмағанның құдайда несі бар.
Басы ауырғанның қасында балтырың сыздамасын.
Алма ағашынан алысқа түспейді.
Қарны ашып көрмеген ас қадірін білмейді.
Аш бала тоқ баламен ойнамайды.
Тоқ бала аш болам деп ойламайды.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңін жаттап келу.
Достарыңызбен бөлісу: |