Сабақтың тақырыбы : Сабақтас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау Сабақтың мақсаты



Дата29.06.2017
өлшемі56,5 Kb.
#20651
түріСабақ
Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы алған білімдерін тиянақтау, сабақтас құрмаластардың басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, салалас сөйлемдерден ажырату;



2. Тәрбиелік: шығармашылықпен жұмыстануға, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу;

3. Дамытушылық: ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын, салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың түрі: өткен тақырыптарды қайталау

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік ізденіс

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем туралы түсінік.



Көркем шығармалардан көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер жазып келу

ІІІ. Жаңа сабақ


ж













ж
















ж



















ж
















ж

























ж




























ж































ж

































1. Анаграмма «Ж»

1. Жай сөйлемнің түрі

2. Сөздердің байланысу түрінің бірі

3. Жай сөйлемнің бір түрі

4. Толықтауыштың бір түрі

5. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бір түрі

6. Бірыңғай мүшелердің ортақ аты есебінде айтылатын сөз

7. Салалас құрмалас сөйлемнің түрі

8. Салалас құрмалас сөйлемнің түрі
2. Әдеби шығармалардан үзінділер беріп, сөйлем түрлерін ажырату

Бақтығұл түтіннен біреу сезіктенер деп ойласа да, әйеліне «қой» деген жоқ.

(қарсылықты б. с. «Қараш – Қараш оқиғасы»)

Қыз көзіне көзі түсіп кеткенде, жүрегі бүлк ете қалды. ( мезгіл б. с. «Күй аңызы»)

Ел шетіне бір жеткізсең, екі дүниеде арманым жоқ деген сертім бар еді.

(шартты б. с. «Қаздар қайтып барады»)

Биенің ішін жарған соң да, Қатша мол етті мүшелеп, бұзысуға қатты көмек етті.

(көп бағыныңқылы с. «Қараш – Қараш оқиғасы»)

Темірді қанша ысқыласаң да, жылтырамайды. (шартты б. с. «Түркіше Гүлстан»)

Найзаменен түртсең де, жатырсың қазақ оянбай. (қарсылықты б. с. «Жастарға» М. Дулатов)

Құл кемеге қайта мінген соң, үн – түнсіз отырып қалды. (мезгіл б. с. «Түркіше Гүлстан»)
3. Сөйлемді аяқтау

Оқушылар сыныпқа кірісімен,


Қазақстан тәуелсіздік алғалы,
-----------------------------------, анам қатты қуанды.
Қол батыр болмай,
4. Тест сұрақтарына жауап беру

1. Құрмалас сөйлем түрін анықта



Мейрам бой жазуға вагоннан түссе, күн қоңыр адырдан асып кеткен екен.

а/ салалас құрмалас в/ шартты бағыныңқылы сабақтас

с/ мезгіл бағыныңқылы сабақтас д/ қимыл – сын бағыныңқылы сабақтас

2. Сөйлем түрін анықта: «Жер тоймай, ел тоймайды».

а/ қарсылықты бағыныңқылы сабақтас в/ шартты бағыныңқылы сабақтас

с/ мақсат бағыныңқылы сабақтас д/ себеп бағыныңқылы сабақтас

3. Құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырат

а/ Қазір мұз ери қойған жоқ, сондықтан әрі – бері қатынауға болады. -------------------------------------------

в/ Ажал ертерек келгенде, іс бұлай аяқталмайтын еді. --------------------------------------------------------------

с/ Адам еңбегі жеңілдеді, себебі ауыр жұмысты техника атқарады. ---------------------------------------------

д/ Жетпіс жыл өмір сүрсем де, аз секілді білгенім. ------------------------------------------------------------------

4. Шартты бағыныңқылы сабақтасты көрсет

а/ Ойымдағыны айтпақшы едім, ол кетіп қалды. в/ Қазір сабағыңды жақсы оқысаң, ертең «5» аласың.

с/ Сабағыңды жаман оқып, мені ұятқа қалдырма. д/ Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды.

5. Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты тап

а/ Сәрсен әбден шаршаған еді, сондықтан Дәулеттің сұрақтарына жауап бермеді.

в/ Ашуланғаны сонша – өңінде ызаның ұшқындары шашырап тұрды.

с/ Ербол ат ерттеп болған кезде, тыстағылар тегіс жиналды.

д/ Тілдің арқасында біреуді біреу танып, бір халық екінші бір көрші халықты біліседі.

6. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты тап

а/ Олар теңізге ерте шықты, бірақ жолдары болмады.

в/ Бұл сөзді естігенімше, жерге батып жоғалғаным жақсы еді.

с/ Ексең егін, ішерсің тегін.

д/ Өнімді еңбек атқарамын десең, көпке сүйен.

7. Сөйлем түрін анықта: «Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды».

а/ мезгіл бағыныңқылы сабақтас в/ қимыл – сын бағыныңқылы сабақтас

с/ қарсылықты бағыныңқылы сабақтас д/ шартты бағыныңқылы сабақтас

8. Сөйлемдердің түрлерін ажырат:

а/ Өнімді еңбек атқарамын десең, көпке сүйен. --------------------------------------------------------------


в/ Барып құлақ салсақ, та, ешбір дыбыс естілмейді. ----------------------------------------------------------
с/ Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды. ----------------------------------------------

9. Төмендегі сөйлемдердің қайсысы мына сөйлемнің бағыныңқы сөйлемі бола алады?


........................................................................, мүйіз кесерін аларсыз.

а/ араммен дос болсаң в/ ұстамен дос болсаң

с/ досы көппен жақын болсаң д/ дұшпаны жоқпен сырлас болсаң
10. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің қай түрінен жасалған?

«Көшпелі сақтардың шабуыл жасауы қандай жылдам өтсе, ізім – қайым жоғалуы да тез болды».

а/ есімше, в/ көсемше с/ шартты рай д/ етістік негізді



ІV. Сабақты қорыту

Бағалау

Үй тапсырмасы:

«Құрмалас сөйлемдер» тақырыбын қайталап келу



337 - жаттығу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет