Күні: 24. 01. 2017 ж. Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: Жатыс септік
Білімділік: Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау, білімдерін, ұғымдарын қайталау
Дамытушылық: . Оқушылардың қазақша ойлауын, сөйлеу әрекетін дамыту.
Тәрбиелігі: Дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білім.
Сабақтың әдісі: түсіндіру; сұрақ-жауап; шығармашылық т.б
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, іздену, өзіндік, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: анықтамалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ( жаттығуды оқыту, талдау) ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру. Сұрақ - жауап әдісі арқылы. .“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты жылдам сұрақтарға жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
Сөйлемдегі сөздер бір – бірімен қалай байланысады ? Қазақ тілінде неше септік бар ? Табыс септігіне қандай сұрақтар қойылады? Жатыс септігіне қандай сұрақтар қойылады? Қандай жалғаулар жалғанады ? ІV. Мақсат қою кезеңі: бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау V. Жаңа сабақ. Дәптермен жұмыс. Күн ретін жаздырту. Көркем жазу
55- жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Шөлде ( неде ? ), суда( неде ? ).
56 - жаттығу. Мақалдарды оқып, жатқа жаз.
Күш – білімде. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады. Ерлік білекте емес, жүректе.
ЕРЕЖЕМЕН ТАНЫСТЫРУ.
57 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Жатыс септігіндегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айт.
Көз жаттығуы
58- жаттығу. Ауызша талдау.
59-жаттығу. Сөздерді оқы. Жатыс септігінің жалғауларын жалғап жаз.
Өзенде, жайлауда, қыста, көгенде, бесікте.
VIІ. Қорытындылау . Балалар, бүгін біз не білдік?
Жатыс септігіне қандай сұрақтар қойылады?
Жатыс септігіне қандай жалғаулар жалғанады ? Мысал келтір.
VІІІ. Үйге тапсырма 131–бет, 61-жаттығу.
IX. Оқушылардың білімін бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |