Жаңа сабақты түсіндіру:
Ақпараттану — ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ ақпаратты
жинақтау, сақтау, іздеу, қайта өңдеу, түрлендіру, таратумен және оны адам қызметінің әртүрлі саласында пайдалануға байланысты мәселелерін зерттейтін ғылым саласы
Жалпы жағдайда ақпаратты іздеу төрт кезеңнен тұрады:
-ақпараттық қажеттілікті анықтау және ақпараттық сұранысты қалыптастыру;
-мүмкін болатын ақпараттық массивтер жиынтығын анықтау;
-ерекшеленген ақпараттық массивтерден ақпаратты іріктеу;
-алынған ақпаратпен танысу және іздеу нәтижесін бағалау.
Ақпаратты іздеу – құрылымдалмаған құжаттық ақпаратты іздеу процесі және оны іздеу туралы ғылым. Ақпараттық іздеу терминін 1948 жылы алғаш рет докторлық диссертациясында Кельвин Мур енгізген. Аталған термин 1950 жылдан жарияланып, қолданылып келеді.
«Ойнайықта -ойлайық» әдісі арқылы түсіндіремін
Ақпарат көлемдері
Google күніне 20 ПБ ақпарат өңдейді (2008)
Facebook 2,5 ПБ пайдаланушылар ақпараты және күніне 15 ТБ қосылады (2009)
eBay 6,5 ПБ ақпарат бар және күніне 50 ТБ қосылады (2009)
1 Петабайт = 1000 Терабайт
1 Терабайт = 1000 Гигабайт
«Кім жылдам »әдісін пайдаланамын
Іздеу түрлері
Мәтіндік іздеу – мәтіннің ішінде керекті ақпаратты іздеу
Интернет іздеу сервистері: google.com, yandex.ru, bing.com
Мета ақпарат арқылы іздеу – құжаттың белгілі атрибуттары арқылы іздеу
Құжаттың атауы
Авторы
Жасалған күні және т.б.
MS Windows ішіндегі іздеу жүйесі
Бекіту
Бақылау сұрақтары:
1. Ақпараттану дегеніміз не?
2. Ақпараттық іздеу дегеніміз не?
3. Ақпараттық іздеу түрлерін сипаттаңыз.
4. Толық мәтіндік іздеу дегеніміз не?
5. Метаберілгендер бойынша іздеу дегеніміз не?
6. Ақпараттық іздеудің әдістері
«Кім жылдам » әдісі арқылы сәйкстендіру кестесін пайдаланамын
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Ақпараттың түрлері
|
Қасиеттері
|
Ақпарат көлемдері
|
|
|
|
«Сұрақ- жауап» әдісін пайдаланамын
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Ақпараттық үдеріс дегеніміз не?
2. Қазақ халқы жазбаға көшпеген кезде ақпарат үдерісі қалай өтті? Яғни, ақпарат алмасу, сақтау және өңдеу қалай іске асты?
3. Қазақстан қоғамын ақпараттық қоғам деп айтуға бола ма?
4. Елімізде қандай үлкен көлемде ақпаратты өңдейтін жүйелер бар?
5. Белгілі ақпарат іздеу жүйелерін айтып өтіңіз. Қазақ тілінде берілген сұраныстарға жақсы нәтиже беретін іздеу жүйелері бар ма?
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Іздеу жүйелері inverted index атты деректер структурасын пайдаланады. Мысалы, бізде үш құжат бар.
T[0] = "it is what it is"
T[1] = "what is it"
T[2] = "it is a banana
Оларды пайдаланып іздеу жүйесі келесі inverted index жасайды:
"a": {2}
"banana": {2}
"is": {0, 1, 2}
"it": {0, 1, 2}
"what": {0, 1}
Содан сон біз "what is it" дегенде сөйлемді іздесек бізге 0 және 1 құжаттар беріледі өйткені .
Келесі құжаттарды пайдаланып inverted index жаса:
T[0] = Л. Толстой өзінің "Война и мир" шығармасында Наполеон Бонапартты күлкілі әрі өте кішкентай адам ретінде суреттейді.
T[1] = Наполеон император ғана емес, академик те болған.
T[2] = Наполеон бір минуттың ішінде 2000 сөзді айта алатын жылдамдыққа ие болған.
Содан сон "Наполеон болған" сұранысына қандай құжаттар берілетінін көрсет.
ІІІ деңгей тапсырмалары
1. Сурет және видео іздеу жүйелерін мәтін іздеу жүйесі арқылы қалай жасауға болатынын талқыла.
2. Әлеуметтік жүйелер негізінде жасалған іздеу жүйелері классикалық іздеу жүйелерімен салыстырғанда қандай басымшылығы болуы мүмкін? Мәтін іздеу жүйелерінің кемшіліктері туралы ойла.
Топтық жұмыс.
Қазіргі заманда көптеген адамдар ақпаратты Интернет желісі арқылы алады. Интернет арқылы жаңалықтар, кітаптар оқиды, және видео көреді. Оның үстіне көптеген адамдар үлкен мәтіндер оқудың орнына комментарий немесе әлеуметтік желідегі достарының статустарын оқиды. Осы қалыптасқан әдет жаңа ақпарат алмасу түрі деп айтуға бола ма? Осы әдеттің қандай зияны немесе пайдасы бар?
Қалыптастырушы бағалау
«Ой қозғау» әдісі арқылы тесттер жинағын беремін
Дискрептор
Компьютердің не екенін біледі
Қауіпсіздік ережесін айта алады
Алғашқы көмек көрсете алады
Компьютердің түрлерін ажырата алады
Компьютерде жұмыс жасай алады
Көз талғанда жасалатын жаттығуларды жасай біледі
|