Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.
1-жүргізуші: Рахмет
Қазақстан -қазақ халқының атамекені. Осы тұғырлы орданың айбарлы есімін естігенде сан қилы күй кешеміз.Асқар таудың биік белесінен жайнап бүкіл әлемге қуаттана қарап, өзін мәңгілікке хабарлап тұрған ,тұғырын тот баспай-тын ел екенін мақтанышпен сезіп қуанамыз. Болашақта Қазақстанымыз әрі қарай дамып, әлемдік аренада өз орнына ие болады деп нық сенеміз. Бар игілігіміздің бастауы болған Тәуелсіздік күні барлығымызға құтты болсын ! Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында мемлекетіміз өркендеп ке-леді. Тәуелсіздік халқымыздың басына қонған бақ. Бұл күні байтақ еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн! Бабалар аңасаған ақиқатқа айналдырған еліміз үшін ұлан асыр тойІ Баршаңызды ұлыстың ұлы күнімен- Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.
Тәуелсіздік-баға жетпес бағымыз, Қымбаттанда ең қымбатты барымыз. Тәуелсіздік- білектегі әліміз, тәуелсіздік- жүректегі әніміз.
АЯНА : Тәуелсіздік 11 әріптен құралған, Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман . Талай дара, даналардың көз жасы, Қаныменен атты таң боп бізге алдан.
Тәуелсіздік - қасиетті ұғым бұл, Ей, келешек, жан - тәніңмен үғып біл. Он бір әріп не мағына береді, Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл.
Достарыңызбен бөлісу: |