5-сынып №1сабақ
Сабақтың тақырыбы: Топырақтану туралы ұғым. Топырақ өңдеу. Тыңайтқыштар. (теория)
Біімділігі:Оқушыларды Қазақстан аумағындағы топырақ түрлерінің қасиеттері мен топырақтың негізгі түрлеріне анықтама беруге үйрету.
Тәрбиелілігі: Топырақты қорғау жұмыстарымен адамдардың шаруашылық қызыметін топырақтың құнарсыздануы, одан сақтау жолдары мен өңдеу шаралары туралы түсіндіру.
Дамытушылығы: оқушылардың өй өрістерін дамыту.
Көрнекілік: Қаз физ. атлас картасы. Оқулық. Кескін карта карандаш
Пән аралық байланыс: биология, тарих
Сабақтың барысы: оқушылармен амандасу, үй тапсырмасын тексеру.
I.Ұйымдастыру:
II.Үй тапсырмасын тексеру: 35 Қазақстан топырағы.
III.Үй тап.қорытындылау:
1) Топырақ дегеніміз не? (топырақ дегеніміз – Су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстардың үгілу нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым.
2) Топырақ құраушы факторларды атаңдар? (су, ауа, жылу, өсімдік,тірі ағзалар әсері, тау жыныстарыңың үгілуі)
3) Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады? ( топырақтың механикалық құрамыына топырақтың ірілі және кішілі минерал бөлшектерінің жиынтығы жатады.)
4) Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады? (жануарлар дүниесі өздерінің тіршілік әрекетінің нәтижесінде топырақты байытады да шірінді мөлшерін көбейте түседі)
5) Құрылымды топырақ қандай топырақ? (шірінді мен кальциге бай және құрылымы кесек топырақтарды құрылымды топырақ)
6) Құрылымы жоқ топырақ қандай топырақ? ( Құрылымында түйіршіктері ұсақ топырақты құрылымы жоқ топырақ дейді)
Жаңа сабақ жоспары:
1. Топырақтың түрлерімен танысу
2.Топырақтың пайда болу жағдайы.
3.Топырақтың негізгі қаиеттерімен және топырақты қорғау шаралары танысатын боламыз.
IY.Жаңа сабақ
Еліміздің топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі.Жалпы топырақ табиғат зоналары бойынша таралады және айқын байқалады. Негізінен 3 топырақ зоналарына бөлінеді.
1- Қара топырақты зона (52⁰ с.е. солтүстігінде)
2- Қара қоңыр топырақты зона (52⁰ – 48⁰с.е. аралығында)
3- Қоңыр сұр қоңыр топырақты зона (52 ⁰– 48⁰ с.е. аралығында)
1)Қара топырақты зона – Еліміздің сол –гінде таралған. Бұл зонаға Сол – к Қаз-н облысын түгелімен , Қостанай обл, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Орал облыстарының сол –к бөлігін қамтиды. Қара топырақты зона Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5% – ын) алып жатыр. Бұл топырақ зона 3 зона аралығына бөлінеді: 1 – сілтісізденген қара топырақ – орманда дала табиғат зонасының оңтүстігінде азғана бөлігін алып жатыр. 2 – кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы – дала зонасына тән. Құнарлығы жағына келсек 2 зонаныңда гумусы (қара шіріндісі) мол 6- 8% ал оңтүстігінде қара топырақтың шіріндісі аздау 4 -6%. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған. Бұл топырақты зона республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.
2) Қара қоңыр топырақ зонасы – қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан топырақ зонасы. Бұл қара қоңыр топырақты зона Орталық Қаз- нның көп жерін , Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қаз –н облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар немесе (34% – ын алып) жатыр.Бұл қара қоңыр топырақ зонасы да 3 зона аралығына бөлінеді:1 –қуаң даланың күнгірт қара қоңыр топырақтыөңірі,
2 – қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі;
3 – шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі. Бұл топырақ зонасының құнарлығы оңтүстікке барған сайын кеми түседі.күнгірт қара топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр топырақтың гумусы 4,5 – 3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырақтың гумусы азырақ 3,0 – 2,0%. Қара қоңыр топырақ зонасының сол – гінде астық өндіру мен ал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі. Осы топырақ зонасының оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Бұл топырақтың гумусы аз сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді.
Топырақты эрозиясы және топырақ эрозиясы ; Топырақтың құнарлығын кемітетін табиғаттың бір апаты - топырақ эрозиясы. Еліміздің 70 млн гектардан астам жерлері эрозияға бейім жерлер болып келеді.Соның 52млн гектары жел эрозиясына бейім, 17 млн – нан астамы су эрозиясына бейім
Топырақ эрозиясының түрлері
Топырақтың жел эрозиясы
Таудағы эрозия Топырақтың су эрозиясы
Жел эрозиясының басым болуы , біріншіден Қазақстан жерінің көп бөлігінің жазық және ашық болуы, екіншіден күшті желдің соғуы, үшіншіден топырақтың құрылымы бос немесе механикалық құрамы жеңіл топырақтардың молдығы. Сондықтан бұндай жерлерді игеру өте жауаптылықты қажет етеді. Су эрозиясы – топырақты шайып кету және жыра эрозиясы деп екіге бөлінеді. Көктемде қар ерігенде, нөсер жаңбыр жауғанда ағыл - тегіл су топырақты шайып, құнарлы қабатты ағызып әкетеді.Егер топырақ бетінде өсімдік мол болса , топырақ қабаты аз шайылады.
Топырақтану институтында топырақ эрозиясы бөлімі ашылып оңтүстік және сол –к аймақтардың жел , су эрозияларын зерттеп , күресу шараларын ұсынды. Жалпы эрозиядан сақтану жолдары төмендегідей жұмыстар жүрілуі қажет:
1. Егістік маңына ағаш отырғызу
2. Агротехникалық шаралар жүргізу
3. Ауыспалы егіс айналымын сақтау
4. Қар тоқтату, тыңайтқыштар себу
5. Жерді аудармай жырту
6. Тау беткейлерінен көлденеңінен сатылай жырту
7. Селге қарсы құрылыстар салу.
8. Құм тоқтату
9. Бұл шаралар топырақтың жел, су эрозиясына ұшырауларын азайтады.
V. Жаңа сабақты қорытындылау
Синквин әдісі
Зат есім (кім? не?) – топырақ
Сын (есім қандай?) - қара, қоңыр қара,қоңыр сұр
Сан есім (қанша?неше?) - елімізде үш топырақ зонасы бар
Етістік ( не істейді? Қайтеді? ) – Топырақ су және жел эрозиясына ұшырайды
немесе адамдар топырақ эрозиясына қарсы күрес шараларын қолданады
1) Қазақстанда қандай топырақ түрлері бар? Өз облыстарыңның топырағы қанадй?
2)Топырақтың гумусы деген не және ол оңтүстікке барған сайын неге азая береді?
3) Топырақ эрозиясы деген не?
4(Топырақ эрозиясымен күресу шаралары барма?
5) Өздеріңнің тұрған жерлерінің ауыл шаруашылық мамандары эрозияға ұшыраған топыраққа қандай шаралар қолдануда болса айтып бер
6.Үйге тапсырма.
VI.маз.Кескін картаға топырақ зоналарын түсіру.
VII.Бағалау
5-сынып №2сабақ :
Сабақтың тақырыбы: Топырақты күзде және көктемде тыңайтқыштар арқылы өңдеу.
Тамыр – өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар
Мақсаты: Оқушыларға тамыр өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі екендігін түсіндіре отырып, тыңайтқыштар жайлы білім беру.
Көрнекілігі: Плакаттар, тірек-сызбалар
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ беру әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Психолгиялық дайындық
2.Үй жұмысын тексеру.
1. Тамырдың бөліктерін атаңдар? Аймақ құрып түсіндіріңдер.
2. Тамырдың өсуі деген не?
Суреттеме
|
Жауаптар
|
1. Тал, қарақат т.б. ағаштардың жас бұтағын, бөлме өсімдік-терінің жас өркендерін суға салып қойса … дамиды.
2. Тамыр арқылы топырақтан сіңірілген су және суда еріген мин-ералды тұздар … өтеді. 3. Қоректік заттар қорға жина-латын тамырларға … жатады. 4. Негізгі тамыр тұқымның … дамиды. 5. Тамырдың сабақтан айырмашылығы…. … шығармайды. 6. Тамырлар шығу тегіне қарай …. деп бөлі-неді. 7. Жас тамыр ұштарында … болады. 8. Қосалқы там-ырлар өсімдікті топыраққа мықтап бекітіп … күшейтеді.
9. Негізгі тамырдың жан-жағынан жанама тамырлар тарала-ды, олар … пайда болады. 10. Тамыр өсімдіктің … мүшесі.
|
1.Жер асты
2. Негізгі, жанама, қосалқы
3. Сору бөлігінде
4. Қосалқы тамырлар
5. Ұрық тамыршасынан
6. Сабаққа
7. Сәбіз, қызылша, шомыр
8. Жапырақ
9. Тамыр оймақшасы
10. Қоректенуін
|
3. Жаңа сабақ
Өсімдіктердің топырақтан қоректенуі минералды қоректену дейді.
Минералды қоректену
Тамыр
Топырақ
Жер үсті мүшелеріне ертіндісі ретінде ретінде жеткізіледі
Ұлпаларға таралады
Топырақта
Азот Фосфор Калий
Азот жетіспесе Фосфор жетіспесе Калий жетіспесе өте баяу өседі, жемістің түзілуі баяулап, өте аласа болып өседі, жапырақтары бозара салмағы кемиді тірек ұлпасы жетілмейді бастайды, жанама бұтақтары дамымайды
Топырақтан қоректену кезінде қатынасатын ұлпаларға жабын, өткізгіш, қоректік, ал мүшелерге тамыр жатады.
Тыңайтқыштар
Органикалық Минералды
қи, шымтезек, қарашірік, азот, фосфор, калий (күл)
құс саңғырығы
Кестемен жұмыс
Өсімдік аттары
|
Тыңайтқыш
|
Қай мүшесіне қажет
|
Шашу мерзімі
|
Қандай күйде
|
Қырыққабат
|
Азот
|
Жапырағы мен сабағына
|
Жаздың алғашқы айы
|
Сұйық ерітінді
|
Қызанақ
|
Фосфор, калий
|
Жемісіне
|
Жаздың екінші жартысы
|
Құрғақ және ерітінді
|
Картоп
|
Фосфор, калий
|
Түйнегіне
|
Жаздың екінші жартысы
|
Құрғақ және ерітінді
|
Күздік дақылдар
|
Калий
|
Барлық мүшесін суыққа төзімді етуге
|
Күзде, тұқым себер алдында
|
Құрғақ
|
Тапсырманы орында.
Тізімдегі органикалық және минералды тыңайтқыштарды бөліп кесиеге
толтыр.
Органикалық тыңайтқыш
|
Минералды тыңайтқыш
|
|
|
Азот селитрасы 4. Күл 7. Сүйек ұны 10. Көмір
Құс саңғырығы 5. Торф 8. Қарашірік
Суперфосфат 6. Қи 9. Нитрагин
Төмендегі сипаттамалар тыңайтқыштардың қай түріне тән екенін тұсына рет
санын қою арқылы анықта.
І
|
Азотты
|
|
ІІ
|
Фосфорлы
|
|
ІІІ
|
Калийлі
|
|
Жемістердің пісу мерзімін қысқартады.
Суыққа төзімділігін арттырады.
Сабақ пен жапырағының өсуін күшейтеді.
Тамыр мен түйнектің өсуіне әсер етеді.
4. Бекіту
1. Минералды қоректену деген не?
2. Тыңайтқыштардың неше түрі бар?
3. Органикалық тыңайтқышқа нелер жатады?
4. Минералды тыңайтқышқа нелер жатады?
5. Үйге тапсырма. § 9 оқу
6. Бағалау
5-сынып №3сабақ : Сабақтың тақырыбы: Мелиорация туралы мәлімет.
Өсімдіктерді суару. Мелиорация(лат. меліоратіо – жақсарту)— жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Мелиорацияның Қазақстан үшін айрықша мәні бар: республика жерінің басым бөлігін шөлді, шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар алып жатыр. Олардың әрдайым суландыруды қажет ететіндігін адам баласы қола, темір дәуірлерінен бастап-ақ білгеТабиғат өзінің тылсым сырларымен қызықты. Оны зерттеп танудағы
ғылыми еңбектер әлі де аз. Бір өсімдіктер дүниесінің миллиардтаған құпиясы бар. Соның бірі жыртқыш және паразит өсімдіктер әлемі. Әрине жыртқыш, паразит деген ұғымдар тек жануарлар әлемінде емес өсімдіктер әлемінде де қолданыста бар сөздер.
Бұл өсімдіктердің тарихына үңілетін болсақ ең алғаш бұл жыртқыш өсімдіктер 18 ғасырда белгілі бола бастаған. Ең алғаш шыбынжек жапырақ (мухоловка) өсімдігіне ботаникалық түсінікті 1769 жылы ағылшын натуралисі Джон Эллисон өзінің Карл Линнейге жазған хатында сипаттаған болатын. Бұл хатта Д. Эллисон өсімдік өзіне қорек ретінде жәндіктерді ұстағанын сипаттаған болатын. Ал 1782 жылы неміс дәрігері А.В.Роттың росянка өсімдігінің жәндікті ұстап қоректенгендігі туралы жазған жазбасы Д. Эллисонның айтканын растай түсті.
Жыртқыш өсімдіктер – көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қалың шөптердің арасында, батпақты жерлерде тіршілік етеді. Жәндіктерді фосфор, калий қоры ретінде пайдаланады. Жәндіктерді түрі өзгерген жапырақтары арқылы аулайды. Жәндіктерді өздеріне әдемі түстерімен, иістерімен, шырышты қоспаларымен еліктіреді. Жапырақтарында жәндіктерді қорытатын пепсин және органикалық қышқылдар болады.
Тамыр жүйесі жыртқыш өсімдіктерде нашар жетілген, бірақ мұндай өсімдіктер топырақтағы су мен жәндіктерден бөлінетін заттардың арқасында тез өседі, гүлдейді, көбейеді. Жыртқыш өсімдіктер Артикадан бастап тропиктік жерлерге дейін, яғни су жағалауынан бастап биік таулы аймақтарға дейін өседі.
Жыртқыш өсімдіктерді жәндіктерді аулау механизміне қарай 3 типке бөлеміз:
- Жапырақ тақтасындағы тікенді тістері арқылы аулау.
- Жапырақтарынан бөлінген шырыш арқылы аулау
- Құмыра секілді жапырағы арқылы аулау
Суару. Жыртқыш өсімдіктерге біздер пайдаланатын судан гөрі жаңбырдың суы, не арнайы дайындалған (құрамындағы рН – 6,5) су қажет. Біз пайдаланатын судың құрамында минералды тұздар бар, ол өсімдіктің тіршілігін жояды. Бұл өсімдіктердің көбісі батпақты жерлерде өсетін болғандықтан, ылғалды ұнатады. Бірақ кей жағдайда құрғақшылыққа төзімділері де кездеседі.
Қоректенуі. Ашық далалы жерде өскен жыртқыш өсімдіктер өзін – өзі қоректендіре алады. Бірақ бұл өсімдікті қолмен де қоректендіруге болады. Бірақ қорек көлемі шартты мөлшерден асып кетсе өсімдік өліп кетуі де мүмкін. . Көптеген жыртқыш өсімдіктер жарықтың мол түскенін қалайды. Кейбір түрі жасанды жарыққа да өссе, кейбірі табиғи жарықты қалайды.
Жыртқыш өсімдіктер – жәндіктермен қоректенетін автотропты өсімдіктер. Жәндікқоректі өсімдіктердің негізінен тропиктик аймақтарда кездесетін 6 тұқымдасы, 500- түрі белгілі. Қазақстанда 3 туысы, 6 түрі бар. Жәндікқоректі өсімдіктер өздерінің қорегін аулау үшін олардың организмдері әртүрлі күрделі жағдайларға бейімделген. Мысалы, дүңгіршек жапырақтарының саңылаулары болады, оның қалқаншасы ішке қарай ашылады да, ұсақ жәндіктер оған кіре алғанымен кері шыға алмайды, өсімдікке қорек болады. Тропикте өсетін непентестің жапырақ сағағы құмыра тәрізді болады, оған қонған жәндіктер құмыраның жылтыр ернеуінен өсімдіктің ішіне сырғып түседі де шыға алмайды. Ал дәнелдің жапырақтарын жабысқақ зат шығаратын қызыл түсті бездер қаптап жатады, оған қонған жәндік кері ұша алмай, өсімдікке жабысып қалады. Шықшөптерден шығатын хош иіске жәндіктер қонған кезде, олардың жапырақтары бүктеліп, жәндіктерді қысып қалады. Жаза беретін болсақ олар туралы қызықты мәліметтер көп-ақ.
Енді осы өсімдіктерге жеке тоқталып өтелік:
Дәнел (Альдрованда)
1. Дәнел (альдрованда) – (Аldrovanda) – шықшөптер тұқымдасына жататын жәндікқоректі су өсімдіктер туысы. Еуразияның, Австралияның, Африканың тұщы суларында өсетін 1 түрі бар. Қазақстанда өзен-көл бетінде қалқып жүретін 1 түрі – бүршікті дәнел (А. vesіculosa) бар. Биіктігі 5 – 10 см, тамырсыз жіп тәрізді сабақтары су бетінде қалқып жүреді. Жапырақтары 7 – 9-дан шоғырланып, жалпақ сағағының ұшында ұзын біз тәрізді болып жетіледі. Гүлдері ұсақ ақ түсті, жәндіктермен тозаңданады. Негізінен қыстап қалған бүрлері арқылы көбейеді. Ол бүрлерді су құстары таратады. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қақырап ашылатын қорапша. Тұқымы ұсақ, өте көп.
Библис
Библис – жыртқыш өсімдіктердің бір түрі. Желім бөлу арқылы
жәндіктерді еліктіреді. Бөлінген желімге жәндіктер ғана емес, сонымен қатар бақа тіптен құстар да ілініп жем болады. Австралия елінің тұрғындары осы желімді скотч жасауда пайдаланады.
Саррацения
3. Саррацения – туысқа 9 түр жатады. Туысқа жататын өсімдіктер батпақты жердің өсімдіктері болып табылады. Түсі өте ашық. Тіптен гүл жармаған сарраценияның өзі де адамды өзіне еліктірмей қоймайды. Алқызыл түсті, тәтті шырын бөлетін қармалауыш –жапырақ ертегілердегі гүлді елестетеді. Әдемі гүлге қызыққан жәндік өсімдіктің қорегі болып табылады.
Шыбынжек жапырақ (Венерина мухоловка)
4. Шыбынжек жапырақ (венерина мухоловка) – туысқа тек 1 ғана түр жатады. Табиғатта шыбынжекті солтүстік және оңтүстік Каролина батпақтарынан кездестіруге болады. Ересек өсімдігінде қармалауыш 3см. Жыл мезгілдеріне қарай қармалауыш түрі өзгеріп отырады. Жаз айларында қармалауыш ашық түске боялып үлкен көлемді болады. Ал қыста қорек аз кезде қармалауыш көлемі кішірейеді. Жапырағының айналасын қалың тікендер қаптаған. Әр жапырақта 15-20 тікеннен бар. Ал жапырақ ортасында 3 ұзын қылшық болады. Жәндіктерді бұл жапырақ түрі қызықтырмай қоймас. Егер жапыраққа бір нәрсе ілінсе жабылған жапырақ 30 минуттан кейін, кейде бірнеше күнге дейін ашылмай қалады.
Дарлингтония
5. Дарлингтония – туысқа жататын жалғыз түр. Калифорнияның батпақты аймақтарында өседі. Жыртқыш өсімдіктің жапырағы шабуылға дайын тұрған кобра жыланына ұқсайды. Иісі арқылы жәндіктерді өзіне еліктіріп, оларды қорек қылады. Жирянка
6. Жирянка – қорегін өзінің жапырақтары мен еліктіргіш иістері арқылы ұстайды. Жапырақ ұшына қонған жәндікті ұстаған жирянка жапырағын ішке орау арқылы жәндіктің сыртқа шығуын қиындата түседі. Одан әрі жапырақ қажетті ферменттерді бөліп, жәндікпен қоректенеді. Қорытып болғаннан соң жиырып алған жапырағын ашып, келесі жәндікті аулауға дайын тұрады.
Непентес
7. Непентес - туысқа жататын тропикалық орманда кездесетін 80 түр жатады. Көп бөлігі ұзындығы бірнеше метрге жететін лиана түрінде өседі. Непентес қармалауыштары ірі жәндіктерді де ұстауға бейім. Ең ірі непентес бақа, тышқан тіпті құстармен де қоректенеді. Басқа жыртқыш өсімдіктермен салыстырғанда непентестің қорек аулау тәсілі өзгеше. Құмыраға ұқсас жапырақтары су жинауға өте ыңғайлы болып табылады. Жапырақ түбі воронкаға ұқсас, жиналған су содан тамшылып жәндіктерді өзіне еліктіреді. Құмыраның шырынды бөлігіне жиналған жәндіктер шырынмен қоректенемін деп құмыраның ішіне түсіп кетеді де, ақыр соңында сондағы суға батып өледі. Непентесті кейде «аңшы кесесі» деп те атайды.
Шықшөп
8. Шықшөп (росянка) –(Drosera) – өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық жәндікқоректі өсімдіктер. Тропиктік және қоңыржай белдеулерде, негізінен Австралия мен Жаңа Зеландияның ылғалды аймақтарында өсетін 100-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда шымтезекті мүк өскен батпақты жерлерде кездесетін 2 түрі (теңгежапырақ шықшөп және англия шықшөбі) бар. Шықшөп минералдар мен минеарды қосылыстар аз жерлерде өседі. Мұндай жерде өскен шықшөп азот, калий, фосфор жетіспегендіктен жәндікпен қоректенеді. Бұлардың биіктігі 7 – 25 см, төселе өсетін немесе түйнекті тамырсабағы болады. Жапырақтары тамыр түбіндегі себетте орналасады, олардың шетін және жоғары жағын қызыл безді басы бар түктер жауып жатады. Осы бездер жабысқақ сұйық тамшылар бөліп шығарады, соның нәтижесінде өсімдіктің жапырағының үстін шық жауып жатқан сияқты болып көрінеді. Өсімдіктің аты осыған байланысты қойылған. Түктер жапыраққа қонған жәндіктерді жауып қалады да, өздерінен бөлінген шырышпен бүркейді. Бұл кезде жапырақ қақ ортасынан екіге бүктетіліп, жәндікті ұстап тұрады. Өсімдіктің құрамынан бөлінген асқорыту ферментінің әсерінен жәндік қорытылып болғаннан кейін жапырақ қайтадан жазылып, бұрынғы түріне келеді. Гүлдері ұсақ ақ түсті, олар шашақ немесе сыпыртқы гүлшоғырына топталады. Бүкіл жаз бойы гүлдеп тұрады. Тұқымынан, көбінесе вегетативті жолмен көбейеді (олар су арқылы тарайды). Жемісі – бір ұялы қорапша. Теңгежапырақ шықшөп – дәрілік өсімдік.Жыртқыш өсімдіктерді үй жайында өсіре алмаймыз деген түсінік бар. Бірақ өсіремін деген адамға бәрі де мүмкін, тек шыдамдылық қажет. Шыбынжек өсімдігіне жарық жыл бойы керек. Егер жарық жетпесе қолмен жарықтандыру керек. Жаз айларында өсімдік суды мол қажет етеді. Бір ескертетіні қайнатылған су мен жаңбыр суын пайдалану керек. Қыс айларында су құюды баяулатқан дұрыс, бірақ кеуіп кетпеуін қадағалау керек. Ауаның өте жоғары ылғалдылығы бұл өсімдікке қажет болып табылады.
Непентес жыртқыш өсімдігін қолдан өсіру соншалықты қиын емес. Тек ылғал, ауа мол болу керек. Өсімдіктің кеуіп кетпеуін қадағалап суарып отыру керек.Шықшөп өсімдігін үй жағдайында өсіру қиындау. Бұл өсімдікті қажет болса аквариумға салып өсіру де туындайды.
Саррацения өсімдігі аса күтімді қаламай өсе береді. Тек қайнатылған су мен жаңбыр суын пайдаланған жөн. Бөлме жағдайында терезе алдында тұрған дұрыс.
6-сынып №1сабақ
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік шаруашылылы туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі. Оқушыларға өсімдіктердің көптүрлілігін және маңызы жайлы түсінік беру, білімдерін арттыру.
ә) тәрбиелілігі. Оқушыларға өсімдіктердің маңызы, көптүрлілігі жайлй түсіндіріп, олардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
б) дамытушылығы. Оқушылардың өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызын өз бетінше ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Өсімдіктер туралы кітап, Өсімдіктің суреттері, өсімдіктердің кеппе шөбі, жеміс-жидек муляжы, тірі өсімдіктер, интерактивті тақта,
Сабақтың әдісі:СТО әдісі, сұрақ – жауап, баяндау, қорыту, жартылай іздену.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Пәнаралық байланыс: биология, табиғаттану, экология, зоология, әдебиет.
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Қорытындылау
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындау.Оқушылардың назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардан үйден жан-жануарларға жазған хаттарын оқыту.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Оқушылардан өсімдіктер туралы қандай мақал – мәтел, жұмбақтар туралы сұрау.
Өсімдіктердің түрлері өте көп.Өсімдіктер жер шарындағы оттегіні жасаушы және зиянды газдардан тазартушы болып табылады.
Өсімдіктер әлемі – тірі табиғаттың бір бөлігі.Адамзаттың да, жануарладың әлемінің де өмірі шынында да осы өсімдіктер дүниесіне тығыз байланысты. Әлемде көзге көрінетін өсімдіктер әр алуан. ХҮІІІ ғасырда швед ғалымы К. Линней өсімдіктердің көптеген түрлерін анықтап, 6000 түрі ғана белгілі болды.
Өсімдіктің таралу жолдары әртүрлі. Климаты суық жерлерге қарағанда жылы тропикалық және субтропикалық жерлерде өсімдіктің түрлері де өте көп.
Мысалы: Гренландия аралында – 390 түрлі
Сахарада – 300 дей
Бразилияда – 40 000 түр
Индияда – 21 000 түр
Қытайда – 20 000 түр
Африканың тропикалық аудандарында – 13 000 өсімдік түрі кездеседі.
Жер бетіндегі табиғат жағдайлары әр жерде әртүрлі. Бір жерде үнемі жаз, екінші жерде үнемі қыс , ал тағы бір тұста жылдың барлық мезгілдері айқын байқалады.
Өсімдіктер құрлықта және суда, тундра мен шөл далада , тауларда және мұздықтарда да кездеседі.
Экватор маңы сияқты жыл бойы жаз болып тұратын аймақтарда жылу сүйгіш өсімдіктер мен жемістер өседі. ( мысалы. ЗӘЙТҮН, МАНДАРИН, БАНАН
Шөл далаларда ыстыққа төзімді және суды үнемді әрі аз пайдалануға бейімделген өсімдіктер өседі. Мысалы: сексеуіл бірнеше айлар бойы сусыз тіршілік етуге бейім.
Мұхиттар мен теңіздерде, өзендер мен көлдерде балдырлар , теңіз капустасы және маржанды рифтерде өсетін ерекше өсімдіктің түрлері өседі.Бұл өсімдіктер су жануарларына қорек болып қана қоймай, судың құрамындағы заттардың тепе-теңдік жағдайына әсер етуші.
Өсімдіктер табиғатта үлкен роль атқарады.. Жануарлар алуан түрлі өсімдіктермен қоректенеді. Адам өз тіршілігінде көптеген мәдени өсімдіктерді пайдаланады. Егістіктермен мал жайылымдары ауыл шаруашылығының қайнар көзі болып табылады.
Өсімдіксіз біз көріп жүрген табиғат мұндай көркем, әрі сұлу болмас еді. Қызыл жасыл түспен боялмаған гүлдерсіз ешқандай қаланың , ауылдың көркі сұлу болмас еді.
Өсімдіктерден сонымен қатар ағаштар, құрылыс материалдары ( кітап, дәптер ) жасалынады. Тастай темір ағашты самшат деп аталады.
Ең биік ағашты – эвкалипт дейміз.
Ең биік шөпті – бамбук дейміз,
Өсімдіктердің мәдени және дәрілік түрлері болады.
Мәдени өсімдіктерге – азық – түліктер, майлы дақылдар. Мысалы: картоп, жүгері күріш ,бидай ,күнбағыс , мақта, темекі т.б.
Ал бидай – нан атасы. Ал жүгеріні дала аруы деп те атаймыз.
Күріштің отаны – Үндістан
Картоп, жүгері, мақта , күнбағыс, темекінің отаны – Америка . Бұл өсімдіктерді Еуропаға алғаш алып келгендер теңіз саяхатшылары.Қазір дүние жүзінде адамдар егіп, өсіретін мәдени өсімдіктердің 200 мыңдай түрі бар. Олардың арғы тегі жабайы өсімдіктер.
Табиғатта өсетін өсімдіктердің адамдарға тигізетін пайдасы өте көп.Олардың біразын тамаққа пайдаланса, бір тобын әр түрлі шаруашылыққа пайдаланады.Өсімдіктерден дәрі – дәрмек, бояулар алынады.Картоптан крахмал мен спирт алынады, ал мақта – матаның негізгі шикізаты . Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарып, ауру қоздырушы бактерияларды өлтіреді. Адам өміріне қажетті ауаны оттегімен байтып отырады. Дүние жүзіндегі аса пайдалы өсімдіктерді қолдан өсіріп, елден елге таратқан да адамдар. Мәдени өсімдіктерді адам қолдан өсіреді.
ІҮ. Қорытындылау.
1. Өсімдіктер жер шарында біркелкі таралған ба ?
2. Суық жерлер мен мен жылы жерлердегі өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай ?
3. Өсімдіктер адамның тіршілігінде қандай рөл атқарады?
Ү. Бағалау .
Сабақ айтқан, сабаққа белсене қатысқан оқушыларға баға қойылады.
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
6-сынып №2сабақ
Сабақтың тақырыбы: Көкөніс өсірудегі күзгі жұмыстар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларда көкөніс шаруашылығы туралы білімді тұрғындарды көкөқніспен қамтамасыз ететін өсімдік шаруашылығының бір бағыты ретінде қалыптастыру. Өсімдік өмірінің ұзақтығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: танымдық қызығушылықтарын дамыту, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбек сүюге, берілген тапсыврмаларды өз уақытында тиянақты орындай білуге, жұмыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтап жұмыс жасауға, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: күрек, тырнауыш, айр, шелек, зембіл, себуге арналған пияз тұқымы.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың жоспары:
Достарыңызбен бөлісу: |