Сабақтың тақырыбы : «Word текстік процессоры. Текстік құжаттарды құру, редакциялау және форматтау»


Word процессорындағы графикамен жасалатын жұмыстарды үш бағытқа сәйкес қарастырады



бет2/6
Дата24.09.2023
өлшемі34,52 Kb.
#182192
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5 5сабақ

Word процессорындағы графикамен жасалатын жұмыстарды үш бағытқа сәйкес қарастырады:

  1. Басқа қосымшаларда (мысалы, Paint, Ms Drawing, Paintbrush, Excel және т. б.) салынған графиктік объектілерді құжатқа кірістіру;

  2. Құжаттың өзінде Рисование панелінің құралдарын пайдаланып сурет салу;

  3. Тексті көркемдеуде Clipart коллекциясының дайын суреттерін пайдалану.

Графиктік объектінің текстегі орналасуы.

  1. Настройка изображения панелін іске қосыңыз. Ол үшін
    Вид -> Панели инструментов -> Настройка изображения командасы орындалады.

  2. Пайда болған панелден Обтекание текстом батырмасына шертіледі. Пайда болған мәзірден өзіңізге қажет команда таңдалынып, сол командаға шертіледі. Егер По контуру командасы таңдалса терілген текст графиктік объект контурын жағалай орналасады.

OLE технологиясы. Құжатта әртүрлі типке жататын объектілерді біріктіру үшін, айталық графиктік, музыкалық объектілер, электрондық кестелар секілді, Windows жүйесінде OLE технологиясы қолданылады. OLE технология – объектілерді кірістіру және байланыстыру. Осыған байланысты текстке енгізілетін объектілерді екі топқа бөлуге болады:

  • Құжатқа кірістірілген объект құжаттың бөлігі ретінде есептеледі де бастапқы оригинал объектідегі өзгерістер құжаттағы объектіге берілмейді;

  • Құжаттағы байланысқан объектілер оригиналдары өзгерген жағдайда қоса өзгеріп отырады.

OLE технологиясының терминдері:

  • Клиент –объектіні қабылдайтын қосымша немесе бағдарлама;

  • Сервер –объектінің өзі жасалатын қосымша немесе бағдарлама.

Құжатқа кірістірілген немесе байланысқан объектілерді сервер-қосымша көмегімен редакциялау үшін сол объектіде екі рет шертіледі.
V Қорытынды кезең
Бақылау сұрақтары:

  1. Word процессорындағы, құралдары сурет салуда пайдаланылатын панель қалай аталады?

  2. Word процессорындағы графикамен жасалатын жұмыстарды қандай бағыттарға сәйкес қарастырады?

  3. OLE – технология не үшін қолданылады?

  4. Кірістірілген объекті мен байланысқан объект айырмашылығы қандай?

  5. Объектілерді біріктіру не үшін қажет?

VІ Бағалау
VІІ Үйге тапсырма §17 оқу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет