Мәтінмен жұмыс Әдептілік қағидалары - Өнегелі өмір Әдептілікті сақтау адамның арына байланысты. Қандай да бір әдептілік қағидасына немқұрайды қараған адам міндетті түрде қандай да бір жазамен жазаланбайды. Бірақ, ол елдің көзінде жағымсыз күйде қалады. Міне, адамды күйіндіретін де осы мәселе. Яғни оның ары кісіні әдепті болуға итермелейді. Әдепсіздікке жүгінген жағдайда өз ар-ұжданының азабына ұшырайды. Әдептіліктің адамға рухани әсері осында жатса керек.
Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам. Әдепті адамдар - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы да бақуатты болады. Бір адамның қандай да бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын келтіреді. Халыктың: "Бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",- дейтіні сондықтан болса керек.
Адамгершілік сезім де осы әдептен басталады. Адамның жеке басындағы адамдық қасиеттерін, оның адамгершілік сезімдерін әдеп жетілдіреді. Жалпы алғанда, әдеп адамды мейірімді, рақымды етіп, ол арқылы қоғамды бақытқа кенелтеді. Лұқпан хакімнен "Әдептілікті кімнен үйрендің?" деп сүраған корінеді. Сонда ол: "Әдепсіздерден. Әдепсіздің тұрпайы корінген әрекетінен бойымды аулақ салдым" деген екен. Адам осылай өзін-өзі тәрбиелей алуға тиіс. Өйткені, не нәрсе болмасын тәрбие аркылы ғана іске асады.
Адамның жеке басы дегеніміз — оның кісілігі. Ал, кісілік дегеніміз — адамның абыройы, беделі, дәрежесі. Бұның бәрінің ұйытқысы — әдептілік. Ендеше, адам өзінің өмір сүру салтын, ғүмыр кешу колын осы әдептілікке негіздеуі керек. Әдептілік адамның жеке күлқын жолға кояды, оны қоғамға пайдалы адам етіп шығарады. Бүл түрғыдан алғанда адамдардың коғамдык өмірі осыған байланысты болып келеді. Яғни, қоғам жеке адамдардың жақсы болуын калайды. Ал, адамды жақсы ететін — әдеп.
Жеке адам өмірін әдептілік қағидаларына сай калыптастыру керек-ақ. Алайда мұны дүрыс түсінбейтін адамдар да кезігіп калады. Олар: "Жеке адамның өміріне ешкім араласпауы керек, әркім өз өмірін өзі біледі" деген пікірге жүгінеді.