Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.
Ортасы
10 минут
|
Қолдану. Талдау
«Ыстық орындық» орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
1. Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?
2. Атом ядросының заряды немен анықталады?
3. Нейтрон мен протонның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
4. Протон мен электронның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
5. Элемент атомының массасы немен анықталады?
6. Протон, нейтрон және электронның массасы мен зарядтар қандай?
7. Изотоп атомдарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.
|