Сергіту сәті. Бір – таңертең тұр, Екі – шынығып бекі. Үш – тазала тіс,
Төрт – сабындап жу бет. Бес – сүртін тез,
Алты – үйді жина, Жеті – киін енді.
(санап, қимылмен жасайды)
Дәптердегі №2 тапсырма. 3-тапсырма. Айтайық. «Қос шеңбер» әдісі. Суреттерді салыстыр.
Дәптермен жұмыс. Суреттерді салыстырады. Өз пікірін айтады.
ҚБ: «Бес
саусақ» әдісі
«Қос шеңбер»
Суреттегі екі оқушыға мінездеме береді және өз ойын ашып айтады.
4-тапсырма. Жазайық. Бір күндік уақыт кестеңді жоспарла. Дәптеріңе жаз.
Жазылым тапсырмасын орындайды.
Дескриптор:
суреттерді салыстырады;
өз пікірін айтады;
бір күндік уақыт кестесін жоспарлап жазады.
ҚБ: өзін-өзі бағалау
Сабақтың соңы (5 мин)
Кері байланыс. «Жұлдыздар шеруі» әдісі. Өзіне таңдаған жұлдызды көрсетеді.
Бөлім
ӨЗІМ ТУРАЛЫ
Педагогтің аты-жөні
Күні
Сынып: 2
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
14-сабақ. Сен не үйрендің?
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
2.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсіну;
2.2.4.1 суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау;
2.3.4.1 мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша? не істеді?) құрастыру және оған жауап беру.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар жасай алады: сөздердің мағынасын ашады, сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды, сұрақтар құрастырады.
Оқушылардың көбі жасай алады: өлеңді тыңдап, сұраққа жауап береді.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: сұрақтар құрастырып, сурет бойынша әңгімелейді.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы (5 мин)
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Әр оқушы өздерінің көңіл күйлерін білдіретін суретті таңдайды, түсіндіреді.
ҚБ: «Керемет» әдісі
ән айту
Сабақтың ортасы (35 мин)
1-тапсырма. Тыңдайық. Сұраққа жауап бер.
Менің киімдерім Буынғаным – Бір белдік, Мұны, кәне, Бір делік.
Екі қолғап, Бір шалбар
Және үстімде бір тон бар. Барлық бала кимей ме
Екі шұлық, Бір жейде?
Оған енді тосылмай,
Екі етікті қосыңдар.
Өлеңді тыңдап, сұраққа жауап береді. Қандай киім атаулары аталды?
ҚБ: өзін-өзі бағалау
суреттер, кітапша
Он болды ма барлығы, Есте сақтап қал мұны!
Өтепберген Ақыпбекұлы 2-тапсырма. Оқиық. Қарамен жазылған сөздерге сұрақтар қой. Ең жақын, ұқыпты, тәртіпті, қызықты...
Дәптердегі №1 тапсырма. 3-тапсырма. Айтайық. Суретпен жұмыс.
Дәптердегі №2 тапсырма. 4-тапсырма. Жазайық. Суреттің орнына қажетті сөзді қой. Толықтырып жаз.
Бөлімде өткен тақырыптарды (бөлме, оқу құралы, киім, тағам, үйірме)
қорытындылайды.
Ескерту: Бөлімді қорытындылайтын «Сен не үйрендің?» деген сабақтарда сөздік орнында берілген сөздер – сөздік емес, бөлімде
қамтылған тақырыптар атауы.
Дәптермен жұмыс. Суретке қарап, өз бөлмесі туралы әңгімелеп береді.
Дәптермен жұмыс. Дескриптор:
өз бөлмесін суреттеп айтады;
суреттің орнына қажетті сөзді қояды;
сөйлемді толықтырып жазады.
ҚБ: бірін-бірі бағалауы
ҚБ: мадақтау
интербелсенді тақта
сұрақтар
Сабақтың соңы (5 мин)
Кері байланыс. «Білім» қоржыны. Модуль бойынша алған білімдерін қоржынға салады.
Бөлім
МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ
Педагогтің аты-жөні
Күні
Сынып: 2
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
1-сабақ. Менің отбасым
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
2.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1–1,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/сипаттау;
2.5.1.2 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша /жазбаша түрде қолдану.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар жасай алады: мәтін мазмұны бойынша сипаттайды, тәуелдік жалғауды орынды қолданады.
Оқушылардың көбі жасай алады: мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: отбасы мүшелерін сипаттап жазады, тәуелдік жалғауды орынды қолданады.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
(5 мин)
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Дос туралы ән айтады.
Дос туралы ән айтады.
ҚБ: КЕРЕМЕТ!
Сабақтың
ортасы (35 мин)
Жаңа сөздер: шағын, тоқиды, балабақша,
асүйде.
Жаңа сөздерді қайталайды.
жаңа сөздер
1-тапсырма. Оқиық. Оқы. Сұраққа жауап бер. 2-тапсырма. Тыңдайық. «Дұрыс-бұрыс» әдісі Дананың отбасы шағын. дұрыс/бұрыс Атасы жетпіс жаста. дұрыс/бұрыс
Інісі төрт жаста. дұрыс/бұрыс Әкесі шахмат ойнап отыр. дұрыс/бұрыс Әжесі асүйде жүр. дұрыс/бұрыс Анасы тоқыма тоқып отыр. дұрыс/бұрыс
Сұраққа жауап береді.
Манаттың отбасы қандай?
Дұрыс жауапты тауып айтады.
Дескриптор:
мәтінді оқып, сұраққа жауап береді;
тыңдалған мәтіннің дұрыс-бұрысын табады.
ҚБ: Тамаша! Қолпаштау
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі
сюжетті сурет
интербелсенді тақта, слайд, сызба
Дәптердегі №1 тапсырма. 3-тапсырма. Айтайық. Өз отбасың туралы айтып бер.
Сенің отбасың қандай?
Отбасыңда неше адам бар?
Дәптермен жұмыс. Жұптық жұмыс. Сұрақтарға жауап бере отырып, өз отбасы туралы жұбына әңгімелеп береді.
ҚБ: «Шапалақ» әдісі
Атаң мен әжең бар ма?
Сенің інің, қарындасың бар ма?
Сергіту сәті. Бас бармағым – әкем, Балаң үйрек – анам, Ортан терек – ағам, Шылдыр шүмек – әпкем, Кішкентай бөбек – мен. Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Дәптердегі №2 тапсырма. 4-тапсырма. Жазайық. «Суреттер сөйлейді» әдісі. Суретке қара. Отбасы мүшелерінің бірін сипаттап жаз.
Керекті сөздер: жасы, сырт келбеті (көзі, шашы, бойы), мінезі.
Саралау тапсырмасы. «Кім алғыр?» ойыны.
Айналысатын істердің атауы сөз тіркесімен
беріледі. Осы істерді отбасы мүшелерінің қайсысы орындайтынына қарай жіктеп айт.
Дәптермен жұмыс. Суретке қарап, отбасы мүшелерінің бірін керекті сөздерді пайдаланып, сипаттап жазады.
Дескриптор:
өз отбасы туралы айтып береді;
суреттегі отбасы мүшелерінің бірін сипаттап жазады.
ҚБ: Суретті анықтау Суретті тақтаға салады және оқушылар оны дұрыс
анықтаулары тиіс.
Сабақтың соңы
Кері байланыс.
Бәрін білдім.
(5 мин)
Мен ... білемін.
Бәрін түсіндім.
Мен ... түсінемін.
Өзім жасаймын.
Мен ... жасай аламын.
Бөлім
МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ
Педагогтің аты-жөні
Күні
Сынып: 2
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
2-сабақ. Отбасы мүшелері
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
2.2.2.1 сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2–3 сөйлем);
2.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және тақырыптың өлшемін сақтап жазу.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар жасай алады: сурет бойынша сөйлемдер құрайды; каллиграфиялық дағдыларын дамытады.
Оқушылардың көбі жасай алады: мәтінді тыңдап, сұраққа жауап береді.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: сурет бойынша сөйлемдер құрап, бос орынды толықтырып жазады.