Сабақтың тақырыбы: №1-зертханалық жұмыс. "Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау"



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі24,87 Kb.
#117267
түріСабақ
1   2
Байланысты:


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
6 мин

1-зертханалық жұмыс


Тең үдемелі қозғалыс кезінде дененің үдеуін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың үдеуін есептеу. Ол үшін шардың белгілі бір t уақытта жүріп өтетін s орын ауыстыруының ұзындығын өлшейді.Бастапқы жылдамдықсыз (v=0) тең үдемелі қозғалыс кезінде s= болатындықтан, s пен t-ны өлшеп алып, шардың үдеуін анықтауға болады. Ол

a= .


Өлшеу құралдары: өлшеуіш таспа,метроном.
Құрал-жабдықтар: науа, шар, қысқышы бар тұрғы, металл цилиндр.
Жұмысты орындау:
1.Тұрғы арқылы науаны көкжиекпен кішкене бұрыш жасайтындай етіп бекіту керек 2.Метроном дыбыс берген бойда шарды науаның жоғарғы басынан жіберіп, ол цилиндрге барып соғылғанға дейін метрономның неше рет соққанын санаңдар. Тәжірибе жүргізерде метрономды минутына 120 рет соғатын етіп қойыңдар.
3.Науаның көкжиекке көлбеулік бұрышын өзгерте отырып, шарды жіберген мезеттен бастап, оның цилиндрге барып соғылуына дейін метроном 4 рет соғатындай етуге болады (соғу арасы үш толас).
4.Шардың қозғалыс уақытын есептеңдер.
5.Өлшеуіш таспаның көмегімен шардың s орын ауыстыруының ұзындығын табыңдар. Науаның көлбеулігін өзгертпей (тәжірибе шарты өзгермеуі тиіс), метрономның төртінші соғуы мен шардың металл цилиндрге соғылуы дәл келетіндей етіп алып (ол үшін цилиндрді аздап қозғауға болады), тәжірибені бес рет қайталау керек.
6.s= формуласы бойынша орын ауыстыру модулінің орташа мәнін, ал содан соң үдеу модулінің орташа мәнін табыңдар: a= .
7. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:



Тәжірибе номірі

S,m

S, m

Метрономның соғу саны

t,c

a, м/c

1.
2.


3.
4.
5.


















Ешбір өлшеу абсолют дәл болмайды. Өлшеу құралдарының жетілмеуіне және басқа себептерге байланысты, қалай да қателік кетеді. Қателіктерді мейлінше азайту үшін тәжірибе шартын өзгертпей,өлшеу жұмыстарын бірнеше рет қайталап орындаған жөн. Содан кейін олардың арифметикалық орташа мәні есептеледі. Бұл жұмысты да осылай орындау ұсынылады.





Сабақтың ортасы


35 мин




Сабақтың соңы.
4 мин

Зертханалық жұмыс нәтижесі бойынша оқушылардан керібайланыс алады

Оқушылар зертханалық жолмен алынған нәтижелерді талдайды, және жұмысты жақсарту жолдарын ұсынады



Бірнеше оқушы өз ойымен бөлісіп, оқу мақсатына қалай қол жеткгзені туралы пікір бөліседі.



Стикер, слайд

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

Тапсырмаға критерий бойынша құрастырылған дескрипторларды қолдану арқылы, ал критерий оқу мақсатына тікелей негізделген болуы қажет

Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет