Кіріспе :
Сонымен, сендер жылу берілу жолымен дене қызғанда берілетін (немесе суығанда олар шығаратын) жылу мөлшері дененің температурасының өзгеруі мен массасына қалай тәуелді болса, дене жасалған заттың тегіне де солай тәуелді болатынын білдіңдер.
Массалары бірдей су мен сүтке бірдей градусқа қыздыру үшін суға-көп, сүтке-аз жылу мөлшері қажеттігі тәжірибелер негізінде дәлелденген.
Есіңе сақта!
Массасы 1 кг заттың температурасының 1°С – қа өзгерту үшін қанша мөлшерде жылу қажет екендігін көрсететін физикалық шаманы заттың меншікті жылусыйымдылығы деп атайды.
заттың меншікті жылусыйымдылығы – с әрпімен белгіленеді.
Әр заттың меншікті жылусыйымдылығы тәжірибе жүзінде анықталған және кестеге енгізілген.
Назар аудар!
Меншікті жылусыйымдылығы 1 кг затты 1°С –қа қыздырғанда немесе салқындатқанда, ішкі энергиясы қандай шамаға өзгеретінін көрсетеді. Заттың меншікті жылусыйымдылығы әр түрлі агрегаттық күйінде- қатты, сұйық, газ тәрізді күйінде түрліше болады.
Мысалы: Басқа заттармен салыстырғанда, судың меншікті жылусыйымдылығы көп.
Тұрғын үйді жылыту жүйесінде суды пайдалану ыңғайлы, тиімді.
Құрлықтардың климатына қарағанда, теңіз, аралдардың климаты қоңыржай салқын келеді.
Назар аудар!
Денені қыздыру үшін берілген немесе салқындағанда одан бөлінетін жылу мөлшерін есептеу үшін заттың меншікті жылусыйымдылығын дененің массасына және жоғарғы температурасы мен төменгі температураларының айырымына көбейту керек.
; өлшем бірлігі
мұндағы Q-жылу мөлшері
с- заттың меншікті жылусыйымдылығы
m – дененің массасы
t1- дененің бастапқы температурасы
t2 - дененің соңғы температурасы
Белгілі заттың масса бірлігінің температурасын 10С-қа өзгертуге қажет жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы меншікті жылу сыйымдылық деп атайды.
; өлшем бірлігі
|