Сабақтың тақырыбы: 13. Атом өнеркәсібі Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



бет3/5
Дата18.12.2023
өлшемі236,79 Kb.
#197537
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
10 а қмж

Дескриптор: Жалпы-3 балл.
- Ақпарат көздерінен оның авторы мен тарихи оқиғаға қатысты матреиалдарды табады.

Кері байланыс

Үйге тапсырма:
Қосымша әдебиеттерді пайдаланып, сілтеме жасай отырып, Арал
теңізінің болашағы туралы презентация не ойтұжырым дайындаңдар..

Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп

7. «Қазақтың ұлы хандары» тақырыбында шығармашылық жұмыстың бір түрін (өлең, әңгіме, шығарма) орындаңдар. Емлесі қиын сөздерді анықтап, түсініктеме беріңдер..

« » « » 2023ж
Тексерілді: _______________________ Ә.Төлегенова

Қысқамерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Шешендік-жалпыадамзаттық құндылық.

Бөлім:

1-бөлім: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі

Педагогтің аты-жөні:

Касимова Айман

Күні:

18.10.2023ж

Сыныбы: 11 ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Шешендік-жалпыадамзаттық құндылық. БЖБ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
11.3.6.1 - жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау)

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, тиісті ақпаратты анықтай біледі және жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1).«Мәңгілік ел» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?


2).Оның көне түркі ескерткіштерімен қандай байланысы бар?

3).Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен таныссың ба?


4).Ол жайында не білесің?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

№2-тапсырма:


Берілген суретке қарап, «Ұлы даланың жеті қыры» туралы шағын мәтін құрап жаз.



Берілген бағдарламалар туралы не білесіңдер? Олардың болашақ
өмірлеріңе пайдасы тиюі мүмкін бе? Ойларыңды ортаға салыңдар.
Жастарды қолдау бұл бағдарламалар туралы өз ойым
бағдарламалары
«Қазақстан-2050»
«Дипломмен ауылға»
«Серпін-2050»
«Жастардың кадрлық резерві»
«Жасыл ел»

11-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
ДК




№3-тапсырма:


Теориялық материалдан шешендік сөзге қатысты ғылыми терминдерді теріп жазып, олардың мағынасын сөздіктің көмегімен анықтаңдар.



«Ел алдындағы парызыңды ұмытпа!»
Тама елінің Сары би деген ақылгөй ақсақалы Даттың
үйінде түстеніп отырғанда, Сырым баланың әр сөзіне риза
болып, оған мынадай өсиет айтыпты:
– Балам, бұл дүниеде алты ұлы сөз бар, соны есіңнен
шығармай жүрсең, ел алдында беделді, сыйлы боласың. Егер
ол сөзді ұмытсаң, халық сенің маңайыңа жоламай, аулақ
қашады.
Сырым:
– Ол қандай сөз еді, ата, айтыңызшы? – деп сұрайды.
Сары би:
– Арлы, ожданды бол! Ел алдындағы парызыңды ұмытпа!
Намысыңды жастан сақта! Халқыңды алалама! Жақыныңды
жаралама! Қалысыңды қаралама!

Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
-терминдерді теріп жазады.
-мағынасын анықтайды.

Оқулық
Жұмыс дәптерлері




№4-тапсырма:


Майқы би айтқан шешендік сөздердің көркемдік ерекшелігіне сипаттама бер. Мазмұнын өз сөзіңмен әңгімелеп айт.

Айтылым:
Майқы би айтқан шешендік сөздердің көркемдік ерекшелігіне сипаттама береді. Мазмұнын өз сөзіңмен әңгімелеп айтады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.


- шешендік сөздердің көркемдік ерекшелігіне сипаттама береді.
-мазмұнын әңгімелеп айтады.

Оқулық
Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.





«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!
Жақсы!
Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет