Сабақтың тақырыбы: §19.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру Сабақтың мақсаты



Дата17.02.2017
өлшемі42,97 Kb.
#9470
түріСабақ

Қазақстан тарихы

Сынып - 9

Сабақтың тақырыбы:

§19.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

Сабақтың мақсаты:


Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру туралы білу, негізгі идеясын түсіндіру, алған ақпаратын пайдалана алу дағдысын қалыптастыру.

Тарихи санасы қалыптасқан, Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.



Сабақтың әдіс-тәсілдері:

 


Топтық жұмыс, СТО элементтері, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ

Күтілетін нәтиже:


 Жаңа тақырып бойынша өз бетімен ізденіс жұмыстарын меңгере отырып, өздігінен өзара оқытуға,талдауға,сыни көзқарастары қалыптасады.Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптарын танытуда негізгі идеясын түсінеді, алған ақпаратын пайдалана алу дағдысы қалыптасады.

Сілтеме

9 сынып «Атамұра» 2013ж Б.Ғ Аяған, М.Ж Шаймерденова

9 сынып Қазақстан тарихы. Электронды оқулық,



Ресурстар

Электронды оқулық, постер, маркерлер,дидактикалық таратпа материалдар, слайд

Сабақ жоспары:


І. Ұйымдастыру кезеңі: мақсат қою,топқа бөлу.

ІІ. Сабақ барысы. Блум таксономиясы

III. Рефлексия

ІV. Үйге тапсырма беру.§19.

Шығармашылық тапсырма «Қазіргі кездегі ауыл шаруашылығының дамуы» ( эссе,презентация)


Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Білу

  1. минут

І. Қызығушылығын ояту:

1.Шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке»

2. Асық таңдау арқылы топқа бөлу

3. Үй тапсырмасы «Бір сөйлем» әдісін қолдану.



Бағалау: Сандық ішінен жауап берген оқушыларға теңге таратылады

  • Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, сағат тілі бағытымен бір –біріне жүрек макетін бере отырып, тілек айтады..

  • Өткен тақырып бойынша «бір сөйлем» әдісімен үй тапсырмасы тексеріледі. Егер бірін- бірі қайталайтын болса, барлығы сандарын соғады, егер дұрыс болса қол шапалақтайды.

Түсіну

  1. минут

1.Ой қозғау. «Ұжымдастыру» сөзжұмбақты шешу.

Бағалау: Сандық ішінен жауап берген оқушыларға теңге таратылады

2. Мағынаны тану: Электронды оқулықты пайдаланып, білім беру. Слайд көрсету.

      1. Оқушылар сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.




Қолдану

15 минут

1- тапсырма: «Ақпаратты тапсырма» Оқулықпен жұмыс жасайтын топтық тапсырмалар беру. Постер қорғату.

  • 1- топ: «Шаруалар» Ұжымдастыру бағыты

  • 2- топ: «Жұмысшылар» Астық, ет және жүн дайындау науқаны

  • 3-топ: «Кеңестер» Күштеп отырықшыландыру саясаты

  • 4-топ: «Достар» Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың зардаптары.




      1. Топтар оқулықпен жұмыс жүргізеді, ойланады.Постер жасап, қорғайды.


Бағалау: Бағдаршам арқылы өзара бағалау


Талдау

3 минут

2- тапсырма:«Жылдар сөйлейді» сәйкестендіру кестесін толтыру.

Мұғалім топтарға бірдей тапсырма жазылған үлестірме таратады. Әр топ белгілі уақытта дұрыс жауабын табуы қажет



Оқушылар уақытты тиімді пайдаланып сәйкестендіру кестесін толтырады
Бағалау: Өзін – өзі бағалайды.


Жинақтау

3 минут

3- тапсырма:

«Қазақстандағы ұжымдастырудың зардаптары» ассоциация құру

Бағалау: Сандық ішінен жауап берген оқушыларға теңге таратылады

Топ мүшелері өздеріне берілген тапсырманы 3 минутта шапшаң жауап беруге тырысады.Алған білімдерін жинақтайды


Бағалау

5 минут

Ой толғаныс:

Ойыңмен байланыстыр: Қазақстанда ұжымдастыру не үшін қажет болды?


Оқушылар қойылған сұраққа жауап береді


Рефлексия «Хаттар ұяшығы »

Әр оқушы өзінің сабақтан алған әсерін стикерге жазып, хаттар ұяшығына жапсырады.

Алматы облысы,Жамбыл ауданы, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі Токтагулова Лайла Омирзаковна

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет