Сабақтың тақырыбы: §23. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар Сабақтың мақсаты



Дата28.06.2017
өлшемі130,25 Kb.
#20161
түріСабақ
ТАҚЫРЫПТЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §23. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар

Сабақтың мақсаты:

- Қазақ даласында туған шығармалар-«Тарих-и Рашиди», «Жылнамалар жинағы», «Шыңғыснама» еңбектерінің қазақ тарихы үшін маңыздылығын көрсету.

- Жаңа сабақ материалдарын оқып – үйренуде оқушылардың белсенділігін арттыру,ойлау,іздену,зерттеу қабілеттерін дамыту.

- Әбілғазы шежірелері қазақ халқының тарихы, тіршілігі мен мәдениетін тануда құнды деректер болып табылатынын түсіндіру.



Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, тест, ой қозғау,

Сабақтың көрнекілігі: слайд, ғалымдардың портреттері

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды түгендеу.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушылардан өткен үй тапсырмасы бойынша сабақ сұрау.



Тест тапсырмалары:

    1. 960 жылы ислам діні мемлекеттік дін деп жариялаған Қарахан мемлекетінің ханы? Мұса

    2. Мешіт , кеене, ғимараттар қандай өнердің түріне жатады? сәулет

    3. Түркі дәуірінде атақты адамдар басына қойылған тастан жасалатын мүсіндердің атауы ? балбал

    4. Әбунасыр әл-Фараби қай қалада дүние салды? Дамаск

    5. Испиджаб (Сайрам) қаласында туған, сопылық поэзияның көрнекті өкілі: А.Йасауи

    6. Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегінің төртінші тарауы арналды: Әділетті басшы, қайырымды патша болуға

    7. Готикалық көне жазумен XIV ғ. басында (1303ж.) Қара теңіз бойын жайлаған қыпшақтар арасында жазылған шығарма: «Кодекс Куманикус»

    8. «Даналықтың жауһарлары» шығармасының авторы: Әл-Фараби

    9. Білге қаған тұрғызған ескерткіштің мәтінін жазған көне түркі жазба әдебиетінің атасы: Йоллығтегін

    10. Көркем әрі арихи шығарма «Оғызнама» алғашқы кезде ел аузында аңыз болып, жазу үлгісіне түскен: XIII ғасырларда



Кесте толтыру:

  • Орта ғасырлардағы тарихи көркем шығармалар






Ғалымның аты-жөні

Өмір сүрген уақыты

Өмір жолы

Шығармасы



1


Әбу Насыр әл-Фараби



870-950 жж



•Фараб аймағына қарайтын Отырар қаласында туған.

• Отыра қаласында қыпшақ тілінде білім алған.

•Араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамаск, қалаларында үйренген.

•Философ, музыкант, астроном, логика, анатомия ғылымдарына қосқан үлесі зор




«Ғылымдардың шығуы»



2


Әбу Райхан әл -Бируни

973-1050 жж



•Энциклопедист –ғалым. Тарих, математика, география, астрономия, медицина т.б. ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазған.

•Жердің геоценртлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын және денелердің жерге тартылысын Галлилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын айтып кеткен.



«Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші»,

« Асыл тастар»



3




Махмуд Қашқари


1030-1090ж




•Шын аты Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед Қашғари.

•Әкесі Қашғар қаласында туған.

• Махмуд алғаш Қашқар қаласында, кейін Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алған, араб тілін жетік білген.

•Саналы ғұмырын туған халқының тілін зерттеуге арнаған.

«Түрік тілдерінің сөздігі» кітабы –түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы.

• Бұл кітап сол кездегі түріктердің мекен-жайларының аты-жөні, олардың тарихы, этнографиясы, әдебиеті туралы көп мағлұмат береді.





«Түрік тілдерінің сөздігі» ( Диуани лұғат ат түрк)




3.Тапсырма. «Тұлғаны таны»


  • 1. Туған жері: Сайрам қаласында туған.

  • Әкесі → Ибраһим атақты ғұлама адам болған.

  • Шешесі → Мұса шайқының қызы Айша (бір деректерде – Қарашаш).

  • Ахмет жастай шешесінен, жеті жаста әкесінен жетім қалған.

  • Гауһар – Шаһназдың қолында өседі.

  • Ислам дінінің шариғат – қағидаларын үйренген.

  • Өмірінің өткен жері: Бала кезінен Йасы (қазіргі Түркістан) қаласында мекен етеді. Кейін осы қаланың атымен Ахмет Йасауи (йасылық Ахмет) атанады.

  • Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни біліп алып, Йасыға оралады.

  • Арыстан бабты пір тұтады.

  • Йасы қаласында сопылық ілімін насихаттайды.

2. «Егер мен Аристотельмен сол заманда өмір сүрсем және онымен кездесіп, дәрісін тыңдасам,онда оның таңдаулы шәкірті болар алар едім»,-деп жауап береді бұл кім? Әль-Фараби 870-950ж.

3. Сөз есепсіз, тіліңді тый, тарта ұста,

Тыймаған тілбасыңа сор әр тұста.

Есепті сөз-ер сөзінің асылы,



  1. Мылжың тілді жау деп ұғын тартыста,- деп, көп сөзді,мылжың болмауға шақырады. Бұл қай тарихи тұлға? А.Йүгінеки.

4. М. Қашқари

  • Туған жері: Қашғар қаласында (Барысхан) туған.

  • Білім алған жері: Махмуд алғаш Қашғар қаласында, кейіннен Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алады.

  • Қызметі: Араб тілін жетік білген ғұлама ғалым саналы ғұмырын өзінің туған халқының тілін зерттеуге арнаған.


Сабақтың жоспары:
1. «Тарих-и Рашиди».

2. «Жылнамалар жинағы».

3. «Шыңғыснама».

4. «Әбілғазы шежіресі»

Сабақтың жоспарындағы алғашқы тақырыпша «Тарихи Рашиди » атты М.Х.Дулатидің шығармасы туралы, сонымен қатар ғалымның өмірі туралы да баяндалған. Мұғалім ғалымның өмірінен үзінділер келтіре отырып, оқушыларды қызықтырып, оларды оқу, білім, ғылым жолында қажімай еңбек етуге тәрбиелейді.

Жоспардың екінші мәселесі бойынша мұғалім Қадырғали би Қосымұлы Жалайыридің өмірбаянына, еңбегіне жалпы тоқтала отырып, еңбектің 3-бөлімі-Қазақ хандығының тарихына арналған аса маңызды бөлім екендігіне оқушылардың назарын ерекше аударуы тиіс. Еңбек қазақ хандарына қатысты хандар-Орыс ханның ұлы қажы-Керей, Едіге би, т.б. ірі тұлғалар туралы құнды дерек беретінін атап өтіп, еңбекте «Алаш» атауының қолданылғанын оқушылардың есіне салады.



«Тарих-и Рашиди» еңбегінің құндылығы

• Қазақ хандығының құрылуы туралы мәліметтер

• XV-XVI ғғ. Қазақ-Моғол хандықтарының арасындағы қары-қатынас

• Қазақ-өзбек халықтарының арасындағы қарым-қатынас

• Қазақ хандығы мен қырғыздар арасындағы қарым-қатынас

• Қазақ-қалмақ, Моғол-қалмақ арасындағы қарым-қатынас

• Қазақ халқының этностық құрылымы

• Жетісу аймағындағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы

• Географиялық атаулар, қазақ халқының тарихи жайлы деректер.

«Шыңғыснама» еңбегінің авторы-Өтеміс қажы бек Маулан Мұхаммед Дос. Мұғалім оқушыларға шығарманың қалай жазылғанын айта отырып, шығармада қазақ тарихы үшін маңызды деректер мол екеніне тоқталады. Шығармада автордың қазақтың көшпелі мал шаруашылығына ерекше назар аударғанын айта отырып, құнды деректің бірі-Алтын Орда ыдырап, Қазақ хандығының құрылуына тарихи алғышарт болғанын түсіндіреді.

Төртінші мәселе- Әбілғазы шежірелері. Оқушыларға бұл шежірелерден қазақ халқының тарихы, құрамына кірген ру-тайпалар туралы құнды деректер табуға болатынын түсіндіре отырып, Әбілғазының өзінің жеке өміріне тоқталып өтуге болады.

Сабақты қорытындылау кезінде оқушыларды қатыстыра отырып, төмендегі кестені толтыруға болады.

Сұрақтар «Тарих-и Рашиди» «Жылнамалар жинағы» «Шыңғыснама» Әбілғазы шежірелері

Қазақ халқы, оның тарихы, экономикасы туралы қандай мағлұматтар бар?




11



Қадырғали Қосымұлы Жалайыри


1530-1605ж







  • Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы, Сыр бойын мекендеген жалайыр руынан шыққан

  • Қазақ хандығының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет атқарған.

  • 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхамедпен бірге Ертіс бойында аң аулап жүргенде орыс әскерлері тұтқындап, Мәскеуге алып кетеді

  • «Жылнамалар жинағы» еңбегін тұтқында отырып,1600-1602 ж. жазған және осы еңбегін орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға тартқан.

  • 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан.

  • Қазақ хандығы жайында толық мағлұмат беріледі


« Шежірелер жинағы»

( «Жылнамалар жинағы»)





12




Өтеміс қажы

ХVІ ғ

  • «Шыңғыснама» кітабында Қыпшақ даласын

  • билеген Жошы хан әулетінің тарихы баяндалады.

  • Аса құнды хабар-Жошы хан туралы дерек.

  • Шыңғысханнан бастап оның ұрпақтарының ХІV ғ аяғына дейінгі тарихи оқиғалар айтылады.


«Шыңғыснама»


13

Шах-Махмұд Шорас

ХVІ ғ

ХVІ-ХVІІ ғ қазақ-моғол қарым-қатынастары баяндалады.Қазақ хандары Бұйдаш,Хақназар, Тәуекел, Есім, Жәңгір хандар баяндалады



«Тарих» («Хроника»)

14

Масуд ибн Усман Кухистани

ХVІ ғ

Көшпелі өзбектер ханы Әбілқайырдың тарихы баяндалады

«Тарих-и Абулхайр-хани»


15


Әбілғазы Бахадур

1603-1664 ж



  • Әкесі Арабмұхаммед Жошы ханның ұрпағы, Хорезм ханы болған

  • Үргеніште туған

  • Әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып,Шығыстың ғұлама ғалымдарынан білім алған

  • Әбілғазы үш түрлі өнерді жақсы меңгерген:

  • 1/ Әскери өнер 2/ ақындық өнер 3/ тарихшы

  • 1638 жылы Арал өңіріндегі қазақтарға барып, 1643 жылы арал өңірі қазақтары хан деп жариялайды.1663 жылы билікті бала. берген.



1661 жыл « Түрікмен шежіресі»

1665 жыл « Түрік шежіресі»



Сабақты бекіту:

Бүгінгі сабақта не есімізде қалды «Сөздік қор» жасап көрейік, әр оқушы бугінгі сабақта есінде қалған ұғымдарды дәптерге жазып қалдырады немесе ауызша айтып өтеді.

Үйге тапсырма : §23. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар

Тақырып бойынша тест сұрақтарын дайындау:

1. Мұхаммед Хайдар Дулати дүниеге келді: 1499 ж. Ташкентте

2. Мұхаммед Хайдардың шыққан тегі: Дулат тайпасы

3. Мұхаммед Хайдардың әкесі Мұхаммед Хұсайын Мұхаммед Шайбани адамдарының қолынан қаза болды: 1508ж.

4. Әке-шешесінен ерте айырылған М.Х.Дулатиді өзіне алдырып, тәрбиеледі: Бабыр

5. Бабырдан М.Хайдарды өзіне жіберуін бірнеше рет сұраған Монғол ханы: Саид

6. М.Хайдарға түрлі мемлекеттік жұмыстар мен әскер басқаруды тапсырып, өзінің қызына үйлендіріп, оған гурган (күйеу) деген атақ берген Монғол ханы:

Саид хан

6. М.Хайдар өмірінің соңғы он жылында Кашмир уәлайатында билік жүргізіп, әділ ел басқарушы болды: 1540-1551 жж.

7. М.Хайдар қарақшылардың қолынан қаза болды: 1551 ж.

8. М.Хайдардың поэмасы: “Жаһаннама”

9. Қадырғали Қосымұлы Жалайыри өмір сүрді: 1555-1607 жж.

10 Қазақ халқының тұңғыш тарихшысы болып есептеледі: М.Х.Дулати

11. Қадырғали Қосымұлының шыққан тегі: Жалайыр тайпасы

12. Қадырғали Жалайыридің атасы: Тепшік

13. Қадырғали Жалайыридің әкесі: Қосымбек

14. Патша өкіметінің әскер басшысы Д.Чулков Қадырғалиді қолға түсірді:



1588 ж.

15. 1588 ж. Мәскеуге азамат ретінде аттанған Қ.Жалайыри патша сарайында: 1599 жылға дейін тұрады.

16. “Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөзге қанық көптеген кітаптар оқыған адаммын”, - деп жазды: Қ.Жалайыри

17. “Жылнамалар жинағы” мазмұны мен құрылымы жағынан бөлінеді:



үш бөлімге

18. Қ.Жалайыри: “Сенің шапағатыңа ұшыраған жан өлсе де өкінбес”, - деді:



Борис Годуновқа

19. Қ.Жалайыридің “Жылнамалар жинағының” 3-бәлімі арналған:



Қазақ хандығының тарихына

20. Хиуа ханы Ильбарстың (1512-1525 жж.) құзырында қызмет істеген Мұхаммед Достың отбасынан шыққан адам: Өтеміс қажы бек Маулан

21. Осы уақытқа дейін өлімі аңыз болып жүрген Жошы хан туралы дерек кездеседі: “Шыңғыснамада”

22. Бердібек ханнан кейін Алтын Орданың оң қанатын Қырымға қарай бөліп әкетті: Мамай хан

23. Бердібек ханнан кейін Алтын Орданың сол қанатын Сырдарияға қарай бөліп әкетті: Теңіз-Бұға

24. Әбілғазы Баһадүр хан өмір сүрді: 1603-1664жж.

25. Әбілғазы Баһадүр ханның әкесі Араб - Мұхаммед Хорезм ханы болған: Жошы ханның ұрпағы

26. Әбілғазы Баһадүр хан дүниеге келді: Үргеніште

27. Әбілғазы оқыған медресе: Арысхан медресесі

28. Әбілғазы Баһадүр хан тарихшы ретінде “Шежіре-йи-тарақиа” (“Түрікмен шежіресі”) еңбегін жазды: 1661 ж.

29. Әбілғазы Баһадүр хан тарихшы ретінде “Шежіре-йи-Түрік” (“Түрік шежіресі”) еңбегін жазды: 1665 ж.

30. 1638 ж. Исфахан қаласынан қашып шығып, Арал өңіріндегі қазақтардың арасында болған тарихшы-ғалым: Әбілғазы Баһадүр

31. 1643 ж. Арал өңірінің қазақтары өздерінің ханы деп жариялайды: Әбілғазыны

32. 1645 ж. қазақтардың көмегімен Хиуадағы билікті тартып алды: Әбілғазы

33. Әбілғазының “Түрік шежіресін” баласы аяқтап шығады: 1665 ж.

9 Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ- түрік лицей-интернаты



Ашық сабақ

Тақырыбы: §23. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар

Сыныбы: 10 «Б»

Күні: 14.02.2014 ж

Қызылорда

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет