Сабақтың тақырыбы: §37. Иінтіректің тепе-теңдік шарты



Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#123277
түріСабақ
Байланысты:
7 иіндік қмж
7 КТЖ алг 20-21, 7 КТЖ алг 20-21, 7 КТЖ алг 20-21, 7 КТЖ алг 20-21, Тіктөртбұрыштың ауданы, СКРИНШОТ, 73609.pptx




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
ҮІІ тарау. Күш моменті

Мектеп:
22 ЖОМ

Күні:



Мұғалімнің аты-жөні:
Арынова Айгерим Яхияқызы

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы: §37. Иінтіректің тепе-теңдік шарты.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.4.4– тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану

Сабақ мақсаттары

- Күш моменті ұғымын біледі;;
- Иінтіректің тепе-теңдік шартын анықтайды;
- Есептер шығаруда заңдылықтарды қолдана алады.

Бағалау критерийлері

- Жай механизмдер, күштен ұтыс алу, күш моменті ұғымдарымен танысады;
- Иінтіректің тепе теңдік шартын анықтайды;
- Тақырып бойынша қарапайым есептерді шығара алады.

Тілдік мақсат

Иінтірек, күш моменті, моменттер ережесі, иінтіректің тепе теңдік шарты

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Иінтіректің тепе теңдік шартын

Условие равновесия рычага

Lever balance conditions




Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Пәнаралық байланыс

Математика ,геометрия,технология,жаратылыстану.

Алдыңғы білім

Денелердің массалар центрі

Сабақ барысы

Сабақтың
жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы


3 минут

І. Ұйымдастыру:
1.1. Сынып оқушыларымен амандасу
1.2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.3. Оқушыларды түгендеу
Психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасына байланысты суреттер бойынша топқа бөлінеді (блок, иінтірек, көлбеу жазықтық)
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы Үй тапсырмасын тексеру.
Дененің массалар центрі ...
Дененің массалар центрін .... анықтауға болады.
Дененің массалар центрін білу ...

Суреттер салынған карточкалар суырады



Сабақтың ортасы/сабақ- тың негізгі бөлімі



«Миға шабуыл»
-Адам қаншалықты жұмыс жасай алады?
-Өздеріңіз жасай алатын жұмыстарға мысал келтіріңіз.
Нәтиже: Адамның күші шектеулі
- Ауыр жұмыстарды жасау үшін не істеуіміз керек?
Жай механизмдерді қолданамыз.

Жаңа тақырыпты баяндау.


Оқулықтан мәтінмен танысады.


«Сурет бойынша әңгіме» әдісі
Топтық тапсырмалар:
1-топ. Суретке қарап, ауыр тасты жолдан қалай алып тастауға болатынын тұжырымдаңдар.
(Ауыр тасты орнынан қозғау үшін ұзын, әрі берік тақтаймен-рычаг арқылы жылжытады)
2-топ. Ауыр жүкті белгілі бір биіктікке көтерудің жолын табыңыздар. (ауыр жүкті көтеру үшін блок немесе көлбеу жазықтықты қолданады)
3-топ. Түрлерін ажыратыңыз.
Бағалау критерийі:
Жай механизм түрлерін анықтайды
Дескриптор:
- иінтіректің қолданылатындығына өз беттерімен көз жеткізеді;
-Жай механизм түрлерін ажыратады.


Бағалау: «Ауызша бағалау»

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Иінтірек деп қозғалмайтын нүктесінен немесе осінен айнала алатын қатты денені айтады




«Ой қозғау» әдісі.
Енді мына иінтіректі тепе теңдікке келтіріңіз.
(оқушылар өз ойларын білдіреді)

Иінтірек, иінтіректің тепе-теңдік шарты, Күш моменті, Моменттер ережесі, блок, түрлері туралы айтылу керек. (оқулықтағы суреттер бойынша қысқаша)




1-топ. «Эксперимент алаңы» әдісі. Иінтіректі тепе теңдік шартын, моменттер ережесін тексеру
1. Иінтіректі тепе-теңдікке келтір.
2. Оң жақ иіні мен оған әсер ететін күшті анықта.
3. Күш моментін есепте.
4. Сол жақ иіні мен оған әсер ететін күшті анықта.
5. Күш моментін есепте.
6. Кестені толтыр.

l1, м

F1, Н

l2, м

F2, Н

M1, Н*м

M2, Н*м



















7. Қорытынды.
2-топ. «Идеялар қоржыны» әдісі.
Жай механизмдердің пайдасы қандай? (- Адам күшін арттырады;- Күшті арттырып, түрлендіреді; - Күштен ұтыс береді)
Қандай тұрмыстық құралдар мен қондырғыларда жай механизмдерді қолданады? (иінді таразылар, мясорубка (винт), қайшы, пышақ (клин), балта (клин); есік, экскаватор және т.б.)
3-топ. «Семантикалық карта» әдісі.

Негізгі ұғымдар

Анықтамасы

Белгіленуі,формуласы

Өлшем бірлігі

Күш иіні










Күш моменті










Иіндіктің тепе теңдік шарты




Бағалау критерийі:
-Эксперимент арқылы моменттер ережесін тексереді;
-Күнделікті өмірден мысалдар келтіреді;
-Шамалармен туралы біледі.
Дескриптор:
- моменттер ережесінің заңдылығын дәлелдейді;
-Жай механизм түрлерін ажыратады,
-есептер шығаруда шамаларды дұрыс қолдан алады.
ҚБ:«Бас бармақ» әдісі.




Әр топқа Иінтірек, жүктер беріледі.
Иінтірек, динамометр, жүктер, сызғыш

Сабақтың соңы


Бекіту

Есептер шығару
1. Иінтректің 20см кіші иініне 400Н күш әрекет етсе, 80см үлкен иініне қанша күш әрекет етеді?
2. Массасы 500 кг тасты көтеру үшін 125 cм үлкен иініне түсетін күш 200 Н болса, қысқа иінінің ұзындығы?
3. Рычагтың ұштарына 4 Н және 36 Н күш әсер етеді. Рычагтың ұзындығы 2 м. Егер рычаг тепе-теңдік қалыпта болса, оның тіреу нүктесі қай жерде болғаны?


Бағалау критерийі:
Иінтіректің тепе-теңдік шартын пайдаланып есептер шығара алады
Дескриптор:
-Есептің шартын дұрыс жазады;
-моменттер ережесін жазады;
- күш иінін анықтайды.

Үйге тапсырма. §37.


Эссе «Егер жай механизмдер болмаса, онда...»

Берілген тапсырмаларды орындайды.

Кері байланыс.
2 минут

-Нені білдім, нені үйрендім ?
-Нені толық түсінбедім?
-Немен жұмысты жалғастыру керек?




Рефлексия
2 минут

«Жетістік баспалдағы» әдісі.
Сабақтың соңында оқушыларға өздерінің жұмыстарының жетістіктерін әр кезең бойынша баспалдақ жетістігінде көрсетеді .




Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруге қалай жоспарлайсыз?

  • Жаңа сабақты меңгеру арқылы оқылым айтылым тыңдалым жазылым білу және түсіну, қолдану талдау дағдыларын қалыптастыру бағытында тапсырмалар берілді. Үй тапсырмасын қайталау мақсатында «Аяқталмаған сөйлем» әдісін, ал жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Миға шабуыл», «Сурет бойынша әңгіме» әдісі, сабақ бойына жеке және топтық тапсырмалар берілді.


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
«Ауызша бағалау»
«Бас бармақ» әдісі

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы:
Сақталды.

  • Физика оқу кабинетінде тәжірибе жасаған кезде қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Дұрыс қойылған, және де мақсат бойынша оқушылармен бірлесіп, сабақтың мақсатына жеттік.
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Оқушылармен бірлесіп, тапсырмалармен жұмыстандық. Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау ұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақтың уақыттық кезеңдері өз жүйесімен сақталды.
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Алдыңғы білім бойынша оқушылар біртіндеп сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытуы.
2:Жаңа сабақ барысында берілген әдіс бойынша оқушылардың тақырыпты толық ашуы.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойлыныңыз)?
1: Сабақтағы әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар.
2: ҚБ арналған тапсырмалар.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Көбірек логикалық тапсырмалар мен есептер оқушыларға ұсынып, беру.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет