(Ұ,Т,Қ)
Теңге монеталары (1, 2, 5, 10, 20, 50, 100) бар қалталар алып қағып дыбыс шығару.
-Балалар қалтада не бар ?
-Кешегі сабақта біз монета туралы не білдік?
Құны аз монеталардан бастап қалтадан біртіндеп шығару.
-Мынау қай монета? Бұл монетаның номиналды құнын білесіңдер ме?
Монетада жазылған сан оның номиналды құнын білдіреді.
(Т) Әр топқа қапшыққа салынған монеталарды беру.
Ең кішісінен үлкеніне қарай орналастыр
Кему ретімен санайды.
100тг, 50тг, 20тг, 10тг, 5тг, 2 тг, 1 тг.
Ең соңғы монета туралы не айта аласың?
Сұрақтар қою.
-100 тг мен 20тг ортасында номиналы қандай монета орналасқан? (50тг монета)
- номиналы 5 теңгелік монетаның екі жағында неше теңгелік монеталар орналасқан?
-(2 тг және 10 тг монеталар)
1 тг мен 10 тг ортасында қандай монеталар орналасқан? (2 тг және 5 тг монеталар)
Қорытынды жасауын қадағалау: номиналы кіші монетаның құны төмен, номиналы үлкен монетаның құны жоғары болады.
Тақтамен жұмыс. (ауызша)
Әмияндағы монеталар.
5тг < 10тг
50 тг < 100 тг
1тг+1тг+1тг+1тг +1тг < 2 тг+2тг+2тг+2тг+2тг
5тг< 10тг
1 теңгелік он монетаның құны 10теңгелік бір монетаға тең болады.
Монета қанша? (Өздік жұмыс) 5 минут
10 тг алу үшін, неше 2 тг монетасы қажет болады?
20тг алу үшін, неше 10 тг монетасы қажет болады?
20тг алу үшін, неше 5 тг монетасы қажет болады?
50 тг алу үшін неше 10 тг монетасы қажет болады?
Сергіту сәті "Көңілді күн"
(Т) Шығарып көр.
1 топ
1 тг, 2тг, 5тг, 10тг монеталарының бір түріненен неше рет алып 20 тг жинауға болады? Номиналды құны бірдей монеталарды қолдан. Мысалы 20 монета құны 1 теңгеден болу керек.
Жауабы:
1 тг- 20 дана
2тг- 10 дана
5 тг- 4 дана
10тг- 2 дана
2 топ
5тг, 10тг монеталарының бір түріненен неше рет алып 50 тг жинауға болады? Номиналды құны бірдей монеталарды қолдан. Мысалы 50 тг монета құны 5 теңгеден болу керек.
3 топ
20 тг, 50 тг,2 тг 1 тг 10 тг монетаны пайдаланып 154 тг жина.
4 топ
5 тг 10 тг 20 тг монетаны пайдаланып, 115 тг жина
Қ.Б
Суреттегі монеталарды салыстыр.
|